Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Қазақстанның мәдениеті, өнері, спорты

* * * * *

Қазақ халқының ұлттық музыкалық дәстүрі

Қазақ халқының ұлттық музыкалық мұрасы мен дәстүрлерінің, саз аспаптарының шығу тарихы тереңде жатыр, ғасырдан ғасырға ұласады. Орта Азияның кең даласын жайлаған, мал бағумен айналысқан көшпенді тайпалар өзіндік ерекшелігі мол музыкалы-поэзиялы шығармалар жасап, оны қазіргі қазақ халқына мұра етіп қалдырды.

Ән, күй, термеге үн қосатын қазақтың дәстүрлі музыкасы адамның өмірімен, оның тіршілігімен өте тығыз байланысты. Әндер, күйлер, аспаптық пьесалар мерекелерде, күнделікті өмірде орындалып отырған. Халық арасында ақын, жырау, әнші, күйші, сал, сері деген атақ алған кәсіби музыканттар қоғамда ерекше құрметті орын алады.

Ақын – поэзиялық сөз шебері, суырып салма. Ақын барлық уақытта өзін домбырамен сүйемелдеп отырады. Халық ақыны – ол өз халқының мәдениетін, тарихын жақсы білетін, өз заманының білімпазы, саясаты мен географиясын терең түсінетін ойлы адам.

Егер ақын қазақтың белгілі бір руының атынан сөйлесе, жырау бүкіл халық атынан сөйлейді. «Жырау» деген сөз «жыр» – эпос, аңыз, өлең деген сөзден шыққан. Жыраулар эпостық шығармалар шығарған және оны орындаған. Кейінірек, XVII ғасырда жыраулар орнына жыршылар келді, олар эпостық шығармаларды орындаушылар.

Күйші және әншілер тек қана орындаушылар ғана емес, сонымен қатар олар күй шығарушылар да. Күй жанрында халықтың өткендегі өмірі, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, дүние танудағы көзқарасы, арман-тілегі, туған жерге деген махаббаты, т.б. толғанады.

Күй атасы – Құрманғазы – әйгілі халық композиторы, асқан домбырашы, орындаушы. Ол қазақтың халықтық инструменталдық музыкасына классик ретінде кірді. Құрманғазының барлық өмірі – қазақ халқын қанаушылыққа қарсы күреске арнаған. Патша үкіметінің қуғыны да, түрмесі де композитордың еркіндікті аңсаған көңілін жасыта алмады.

Қорқыт (VIII-IX ғғ.) – оғыз-қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы, көріпкел дана. Ол қазақ халқы үшін алдымен күй атасы. Қобызда күй шалу дәстүрін ең алғаш орнықтырушы. Оның қобызынан күй төгілгенде, тіптен табиғат та тынып, Сырдария ағысын баяулатып, аң-құс демін ішіне тартып, адамдар жұмысын тастайды екен. Қорқыт ата – оғыз-қыпшақ ортасындағы саяси-әлеуметтік мәселелерді шешуде жол көрсетуші бас тұлға, сыртқы жаудан, ішкі даудан аман болуын қадағалаушы ақылгөй.

Асанқайғы (XIV-XV ғғ.) – халқының ертеңін ойлап, еңсесін көтеруді өмірлік мұрат еткен, Ұлытау төңірегінде қазақ руларының қоныстануына атсалысып, халқына бағдар беріп отырған. Ел ішіндегі шежіре сөздер мен күй аңыздарға қарағанда, Асанқайғы халық қамын ойлаған ақылгөй, көреген ғана емес, сонымен бірге керемет дарынды күйші де болған.

Жаяу Мұса (1835-1929) – қазақтың әйгілі әнші-композиторы, ақын. Ол қазақтың ән-өнерін мазмұн, түр жағынан байытып, шығармашылық жаңалықтар енгізіп, әуен-сазын жаңа биіктерге көтерген аса дарынды композитор. Жаяу Мұса өз шығармаларында қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, өз заманының арманын әнмен бере білген.

Қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениеті өте жоғары деңгейде, сан-салалы болған. Күйлер мен ұлттық музыкалық аспаптар қазақ халқының өмірінде айрықша орын алады. Халықтың мол ұлттық музыкалық мұрасы мен аса бай орындаушылық тәжірибесінің жоғары деңгейде болғаны тарихи деректерден мәлім. Қазақтың саз аспаптары өзіндік ерекшелігі мол, алуан түрлі және өте бай мұра.

Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңінде өзіне тән ұлттық музыкалық дәстүрі дүниеге келді. Соның нәтижесінде бай музыкалық мәдениеті қалыптасты. Бесік жыры, үйлену тойлары мен жерлеудегі салт-дәстүрлер әнмен айтылды. Ақындар айтысы халықтың көп жиналып, ұйып тыңдайтын өнер сайысына айналды. Орындаушылық дәстүрдің түрлері домбыра немесе қобыздың сүйемелімен орындалды. Қазақ музыкасының тарихи даму жолында ұлттық өнердің өшпейтін классикалық шығармаларын тудырған, жоғарыда атап кеткен және т.б. көптеген күйші-композиторлар шықты. Олар қазақтың өткен өміріндегі дамыған музыка мәдениетінің дүлдүл өкілдері еді.

Сөздік:

терме – импровизация; пение салт-сана – традиция

назидательного содержания әдет-ғұрып – обряд; обычай; традиция

сал – певец; акын; плот; паралич көріпкел – ясновидец

сері – поэт-песенник; рыцарь; сэр дүлдүл – оратор; чемпион

жырау – поэт-сказитель; певец;

сказитель; жырау

321-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Көшпенді тайпалар нені қазақ халқына мұра етіп қалдырды? 2. Қазақтың дәстүрлі музыкасы немен тығыз байланысты болған ? 3. Ақын, халық ақыны дегендеріміз кімдер? 4. Жырау, жыршылар туралы не білесіздер? 5. Күйші және әншілер кімдер? 6. Күй атасы – Құрманғазы өзінің шығармаларын, өмірін неге арнаған? 7. Қорқыт ата деген кім, ол халқы үшін не істеп, немен айналысқан? 8. Асанқайғы туралы не білесіздер? 9. Жаяу Мұса өзінің шығармаларында нені жырлаған? 10. Күйлер мен ұлттық музыкалық аспаптардың маңызын қалай түсіндіресіздер? 11. Ұлттық музыкалық дәстүр қалай қалыптасты?

322-тапсырма. Мәтіннен асырмалы шырайларды тауып, астын сызып, оларды тіркескен сөздерімен бірге теріп жазыңыздар.

323-тапсырма. Төмендегі күшейтпелі шырайлармен сөйлемдер құрастырып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Сұп-суық, жап-жарық, үп-үлкен, сап-сары, жап-жақсы, қып-қысқа, ұп-ұзын, қап-қара, әп-әдемі.

324-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігінен он шақты сын есімдерді теріп жазып, олардан асырмалы шырай формасында сөз тіркестерін жасап, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і: Дарынды; аса дарынды. Әйгілі халық композиторы, аса дарынды домбырашы Құрманғазы Сағырбаевтың күйлері бейнелі мәнерлілігімен, домбырада ойнаудың өзіндік айрықша стилімен ерекшеленеді.