Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Қазақстанның экологиялық мәселелері

* * * * *

Қазақстандағы экологиялық аймақтар. Әлемдік экологиялық проблемалар

Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарды көрсетуге болады:

Бірінші аймаққа– Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы мәселе – табиғи ортаның мұнаймен ластануы. Аталған аймаққа – Қазақстанның негізгі мұнай өндіретін Атырау және Маңғыстау облыстары жатады.

Қазақстанда мұнай өндіру 100 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ескірген технологияларды қолдану орасан зор экономикалық шығындар мен қоршаған ортаның бұзылуына әкеліп соқтырады. Топырақтың құнарсыздануы, судың мұнаймен ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдеу процестерінің жүруіне, биокоп түрліліктің жойылуына әкеледі.

Тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандарда жоғары. Мұнай өндірілген жылдары 5 млн. тоннаға жуық мұнай төгілген. Бұл грунт пен судың ластануына, өсімдіктердің жойылуы мен адамның ұшқыш органикалық қосылыстарымен ластануына әкеледі.

Екінші аймаққаеліміздің солтүстік-шығыс облыстары – Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола жатады. Бұл аймақтарда ҚР-ның өнеркәсібі жоғары дамыған. Ірі түсті және қара металлургия, энергетикалық комплекс шоғырланған. Аталған аймақтардағы экологиялық мәселелер – қоршаған ортадағы өндірістік қалдықтардың жиналуы, нақты территориялардағы ауаның ластануы, ормандардың бүлінуі, территориялардың ерекше қорғауға алынуларының жеткіліксіздігі.

Аймақ – тау-кен өндіру, көмір өнеркәсібі мен жылу энергиясын өндіретін орталық болып табылады. Аймақтың экономикасында ауыр өнеркәсіп, мұнай өңдеу, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп маңызды орын алады.

Территорияның басым бөлігін ормандар алып жатыр. Қазақстанның орман ресурстарының көп бөлігі Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарына келеді.

Ертіс-Нұра – Есіл өзендерінің бассейндерінің су ресурстары – негізгі су көзі.

Республиканың астанасы–Астана қаласы осы мәселелер аймағында жатыр. Шығыс Қазақстан облысында Семей ядролық полигоны орналасқан. Тек бір ғана Шығыс Қазақстан облысында 1,5 млрд. тонна улы өнеркәсіп қалдықтары сақталған. Олар 32 мың га жерді алып жатыр. Ертіс өзенінің ластануына Шығыс Қазақстан мен Павлодардағы керосиннің төгілуі қауіп төндіруде.

Экологиялық мәселелердің халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен денсаулығына әсері орасан зор, яғни жыл сайын улы қалдықтардан келетін шығын 300 млн. доллар, ауаның ластануы – 266 млн. доллар. Аймақта қатерлі ісіктермен ауру деңгейі өте жоғары.

Үшінші аймаққа– оңтүстік аймақтар жатады. Тұрақты сумен қамтамасыз етуді қажет ететін ауыл шаруашылық бағытымен сипатталады. Оңтүстік аудандардағы негізгі экономикалық мәселелер – су ресурстарының жетіспеуі, су көздерінің шайынды сулармен ластануы, жайылымдардың құнарсыздануы, табиғи және мәдени ескерткіштердің бұзылуы. Бұл аймаққа – Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары жатады. Негізгі қызметі – ауыл шаруашылығы. Жерді суару үшін Арал және Алакөл, Балқаш өзен, бассейндерінің суын пайдаланады.

Сөздік:

шайынды –ополоски; помои

жайылым –пастбище; луг; простор; выгон; пастбищный

жайылым жерлер –пастбищные угодья

ластану –загрязнение; загрязниться; замараться; запачкаться; засориться

497-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.

498-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіне сұхбат (сұрақ-жауап) құрастырып, оны рөлге бөліп оқыңыздар.

Ү л г і :

– Солтүстік-шығыс аймақтарының экономикасының дамуына ненің әсері болады?

– Аймақтың экономикасының дамуына су ресурстары әсер етеді. Ертіс және Нұраның өзен

бассейндері 4,1 млн. халықты сумен қамтамасыз етеді және ішкі өнеркәсіптік қажеттілік

үшін 1700 мвт энергия өндіреді.

499-тапсырма. Мәтіннің үшінші мағыналық бөлігіндегі сөйлемдердің негізгі мағынасын сақтай отырып, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар.

Ү л г і :

Балқаштағы экологиялық жағдайға байланысты негізгі мақсат – Балқаш көлін сақтап қалу және бүкіл Балқаш-Іле аймағының келешегін ойлау.

500-тапсырма. Оң жақ бағандағы сөздердің көмегімен ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1. Далалы алқапта -------------- алып жатқан қарағайлы

--------------- өсетін және олар ертеде Орал мен Алтай

аралығын ---------------- жататын.

2. Сырдариядан су алуға байланысты ----------------------

------------------ суларының деңгейі төмендеп кетті де,

бұл жерлер ------------------ өсіруге жарамсыз болып

қалды.

3. Болашақ ұрпақтардың дамуы үшін -----------------------

тұрақтылықты сақтап қалу қажет және қалдықсыз

--------------------- тиімді пайдаланатын -------------------

жасап, оны іске қосу керек.

4. Антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының ----------

------------------ Батыс пен Шығысқа шындықты

жеткізді және құпия ---------------- сырын ашты.

5. «Невада-Семейдің» Алматыдағы халықаралық

іскерлік ---------------- үлкен жиналыс өтті,

жиналыста осы ----------------- төрағасы Олжас

Сүлейменов сөйледі.

оңтүстікті

ормандар

тұтастырып

жер асты

сексеуіл

экологиялық

ресурстарды

технологияларды

акция шерулері

соғыстың

орталығында

қозғалыстың

Салалас құрмалас сөйлемдер

Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін салалас құрмалас дейміз.

Мысалы:Айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен (Ғ.М.).

Сложносочиненным предложением называется такое предложение, которое состоит из независимых одно от другого предложений, образующих в смысловом отношении единое целое.

По способу связи сложносочиненные предложения делятся: на бессоюзные и союзные. М.: Көктем келді, күн жылынды. (Пришла весна, стало тепло). Көктем келді де, күн жылынды. (Пришла весна, и стало тепло).

Құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасына қарай салалас құрмалас сөйлем 6 түрге бөлінеді:

1. Ыңғайлас жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем.

2. Қарсылықты жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем.

3. Себеп-салдар жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем.

4. Талғаулы жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем.

5. Кезектес жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем.

6. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем.