Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Желтоқсан шындығын ашқан халық жанашыры – Мұхтар Шаханов

Ел басына күн туған 1986 жыл. Ызғарлы желтоқсанның 16, 17, 18 күндері. Ұлтымыздың сыйлы перзенті, дара тұлға Дінмұхамед Қонаев Қазақстанды басқару қызметінен алынып, орнына өзге ұлттың өкілі Геннадий Колбин тағайындалды. Бұл хабар қазақ жастарының намысына тиді. Билік басындағы бұл шешім Алматыдағы жоғары оқу орындарына лезде тарады.

Алғашында «Әр ұлтқа өз басшысы» деген мазмұндағы жазулар көтерген бейбіт шеруге шыққан жастар кешке резеңке дойыр (резиновая дубинка) мен сапер күректерімен қаруланған қызыл жендеттердің езгісінде қалды. Сол кездегі деректерге жүгінсек, үш күнде 60 мыңдай адам алаңға шыққан, оның сегіз мыңы уақытша қамауға алынып, 200-дей адам әр түрлі мерзімге абақтыға жабылды. 1500 адам әкімшілік жазаға тартылды.

Осындай кезеңде жастарға мұз жастанған желтоқсан ақиқатын айтатын адам табылмай қиналғанда, қызыл империяның отаны – Мәскеуде үлкен мінбеден шындықты айтып, әділетсіздікке жаны күйзеле сөз сөйлеген қазақтың дарынды ақыны, біртуар азаматы, халықтың жанашыры – Мұхтар Шаханов болатын. Оның съездер сарайында сөйлеген сөзі арқылы да Желтоқсан көтерілісі бүкіл дүниежүзіне тарады.

КПСС ХХІІІ съезінің мінбесінде Желтоқсан шындығын ашып айтып, оны қайта қарап, оң баға беру туралы депутаттар алдына мәселе қойды. Көпшілік дауыс М.Шахановты қолдап шықты. Осылай әділдік салтанат құрып, желтоқсанда жазықсыз жазаланған жастар толық ақталды.

Бұл сол кездегі Кеңес Одағы бойынша жүріп жатқан Қайта құру науқанының да әсері болғанын көрсетіп берді.

М.Шахановтың дәл мұндай әрекетке баруы батырлық, үлкен ерлік еді! Отанын, халқын сүйеген патриоттың ісі еді. Сол күндері ұлт жастарының жалғыз жанашыры М.Шаханов қана болып қалғанын бүгінде ешкім жоққа шығара алмайды.

Ақын Желтоқсан көтерілісін тек мінбеден ғана айтып қойған жоқ, сол желтоқсан құрбаны болғандармен өзі тікелей араласып, түрмеден шығарып алды. Оқудан шығарылғандарды, жұмыстан қуылғандарды қайтадан қабылдатқызды. Ерекше істерімен танылғандарға, баспана алуға көмектесті.

М.Шаханов адамзат баласының тағдырына алаңдамай тұра алмайтын дара талант. Оның өлеңдерінің тақырыбы әр алуан, мазмұны да ерекше. Онда нәзік мейіріммен қоса, азаматтық рух үндесін жатады.

Әлем таныған Шыңғыс Айтматовпен «Құз басындағы аңшының зары» кітабын жазуы да тағылымды тірлік.

Бүгінгі таңдағы бірнеше өлең кітаптарының авторы М.Шаханов халқының жанашыры, ірі тұлға, ел тағдырын өз тағдырына айналдырған қоғам қайраткері, саясаткер.

М.Шахановты мақтағаннан гөрі, Шахановпен мақтанған абзал.

Сөздік:

ызғарлы – суровый; холодный

бейбіт шеру – мирное шествование

резеңке дойыр – резиновая дубинка

сапер күректер – саперные лопаты

мұз жастанған желтоқсан – в обьятьях ледового декабря

тағлымды тірлік – поучительное дело

438-тапсырма. Желтоқсан көтерілісінің құрбаны болған Қайрат Рысқұлбеков туралы мәтінді мұқият оқып, мазмұндаңыздар. Ызғарлы Желтоқсан көтерілісін естеріңізге түсіріңіздер.

Халық қаһарманы – Қайрат Рысқұлбеков

(1966-1988)

Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында дүниеге келген.

1986 жылы Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына (қазіргі Сәулет-құрылыс академиясы) оқуға түсті. Осы жылы 16-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. Көтеріліс қатыгездікпен жаншылғаннан кейін 1987 жылдың қаңтарында тұтқындалды. 1987 жылдың 16 маусымында өлім жазасына кесілді.

Халықаралық қауымдастық КСРО басшылығынан Қ.Рысқұлбековтың жазасын жеңілдету туралы өтініш жолдады. Кейіннен оған берілген жаза 20 жылға бас бостандығынан айырумен ауыстырылды. Бірақ оның өміріне Семей түрмесінде құпия жағдайда қастандық жасалды.

Қ.Рысқұлбеков Желтоқсан көтерілісінің құрбаны, 1996 жылдың 9 желтоқсанында оған «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Қ.Рысқұлбеков ҚР-сы Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылдың 21 ақпанындағы шешімімен толықтай ақталды. Алматы қаласындағы Қ.Рысқұлбеков өзі оқыған Сәулет-құрылыс Академиясы тұрған көшеге оның есімі берілген. Тараз қаласында оның есімімен аталатын демалыс бағы бар. Оның орталығындағы алаңда Қ.Рысқұлбековке ескерткіш орнатылған.

12-апта. 36-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Мөлшер, топтау үстеулері.

439-тапсырма. Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың өмір жолынан мәлімет алып, мәтінді өз білетіндеріңізбен толықтырып, мазмұндаңыздар.