Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Алматы – ғылымның, мәдениеттің орталығы, Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасы

Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, ҚР-ның оңтүстік-шығысында орналасқан. Қаланың Алматы аталуы тегін емес, ол алмалы жер. Бау-бақша технигі С. Иванов 1916 ж. жазған «Алматы» атты мақаласында: «Алматы – қырғыз сөзі және орыс тіліне аударғанда «алмалы жер» деген мағынаны білдіреді»,- деген.

Бұл атаумен Верный қаласының аумағын атаған, өйткені жергілікті жерлер жабайы алманың таралуымен ерекшеленген. Оңтүстік астана – Алматыны (орысша транскрипциясында) апортпен байланыстырады.

Қаланың атына апорт емес, жабайы алмалардың негіз болғаны айтылады. Белгілі өлкетанушы И.Л. Брызгалов пен академик Н.И. Вавилов 1928 ж. Алматыға келіп, кіші Алматы өзенінің бойында өскен алмаларды көріп, мұншама көп жабайы алмаларды еш жерде көрмегендіктерін және мүмкін бұл жер шынымен нағыз мәдени алманың отаны шығар,- деп айтқан. Апорт Жетісудың эмблемасы болды. Оны «патша-алма», алмалардың «әкесі» деп бекер айтпаған.

Қаланың даму тарихы б.з.д. 10-9 ғ., 7ғ., б.з. 8-10 ғ., 10-14 ғ., 15-18 ғасырларды қамтиды. Қаланың жаңа тарихы 1854 жылдың 4 ақпанында Іле Алатауының баурайында Ресей империясының әскери қамалы Верный қаланған кезеңінен басталады. 1854 жылдың күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды.

1921 жылдың 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный қаласының атын өзгерту туралы шешім қабылдады. Бұл шешім бойынша Жетісу Әскери-революциялық комитеті бұйрық шығарды: «Қаланың революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу әкімшілік орталығының атауы – Алма-Атаға өзгертілді».

Алматының Қазақстанның астанасы болуына байланысты 1936 жылы қаланың архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты мақсаты – Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар бойынша, қалыптасқан тарихи маңызы бар құбылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту негізделді.

1993 жылғы шешім бойынша, қаланың атауы – Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды.

1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды.

1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы заң қабылданды. Бұл заң бойынша, Алматы – ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады.

Бүгінгі таңда Алматы – жастардың қаласы, ҚР-ның оңтүстік астанасы, білімнің, ғылымның, мәдениеттің, қаржылық және өндірістік орталық болып күннен-күнге гүлденіп, шарықтап дамуда.

257-тапсырма. Мәтінді оқып, бас қала, жас қала – Астана туралы деректерді есте сақтап, мазмұндаңыздар.

Астана – Қазақстан Республикасының елордасы

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін алда тұрған қыруар міндеттер мен атқарылатын істердің бірегейі аймақ тұтастығын сақтау, демографиялық орнығуды реттеу сияқты мәселелер болды. Өйткені жергілікті ұлт саны оңтүстік өңірлерде жиі шоғырланғанымен, солтүстік өңірлерде пайызға шаққанда тым аз мөлшерде болды. Біріншіден Солтүстік өңірлерде жергілікті ұлт санын арттыру мақсатында, екіншіден географиялық жағынан елдің де, Еуразияның да кіндігінде орналасқан қала болған соң, Ақмола Қазақстанның астанасы болуға бірден-бір ыңғайлы қала деп танылды.

Аз уақыттың ішінде екі жүз мыңға жетпейтін халқы бар қала алты жүз мыңнан асып кетті. Астанада 600 000 адам тұрады (2004). Қазір қаланың аумағы 200 km² алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысы, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол «киелі орын», «босаға» деген мағыналарға ие. Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыс әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.

1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды. 1962 ж. Қалаға Целиноград атауы берілді. 1997 ж. Егемен Қазақстанның Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 ж. мамырда жаңа елорданың атауы – Астана болып өзгертілді. 1998 ж. 10 шілдеде Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық тұсауы кесілді.

1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша, Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұндай атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі, әрі қуатты өсуге, тұрақты этникалық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі.

Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.

Есіл өзенінің екі жағасы Еуропа мен Азияның озық үлгісіндегі жаңа сәулетті кешендермен әрленіп шыға келді. Кейінгі жылдары қала маңын көріктендіру қызу қолға алынып жатыр. Астана ғасырымыздағы ең озық, ең әсем қалаларының бірі болатыны даусыз.

8-апта. 22-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Көсемше. Көсемшенің жасалуы.

258-тапсырма. Туған халқына ғасырлық туынды сыйлаған ұлы тұлға –

М. Әуезовтың шығармашылық жолынан мәлімет алып, мағынасын түсініп, мәтінді мазмұндаңыздар.