Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Тіл тағдыры – ел тағдыры

* * * * *

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл

Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің

ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.

(А. Байтұрсынов)

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту –

бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

(Б. Момышұлы)

Қазақстан – егеменді, тәуелсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін еліміздің болашағы – бүгінгі жастар. Олардың міндеті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныту. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек.

Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі.

Қазақ тілі – түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Оған кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарашай, балқар, құмық және басқа тілдер. Қазақ тілі – өзінің әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы әр түрлі кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты.

Оның қалыптасуы XІ-XІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, XV ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасқан. Қазақ тілі ең көне бастауын әр кездегі ежелгі түрік жазулары ескерткіштерінен: Талас-Орхон-Енисей жазулары

(V-VIII ғ.), Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік» , Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат түрік», Қожа Ахмет Яссауидің «Хикмет» (XІ-XІІ ғ.), Алтын Орда, Шағатай және қыпшақ (XІІІ-XІV ғ.) тұсындағы жазулардан алған.

Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлері мен тілдік нормаларында қалыптасқан ұлы Абай мен Ыбырай шығармалары арқылы қазіргі қазақ әдеби тілі бізге жеткен.

Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын графикасын, 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын (кирилл әліпбиін) қолдануда.

Мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілі – әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан 600 тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие 200 тілдің қатарында тұр.

Қазақ тілі – бай да, құнарлы тілдердің қатарына жатады. Ежелгі бабаларымыздың тарихы, шежіресі және әртүрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа ана тіліміз арқылы жетіп отыр.

Тіл тарихы халық тарихына ұқсас. Қоғамның өзгеруіне байланысты тіл де дамып, өзгеріп отырады.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген.1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған «Тіл туралы» Заңда: «Тіл – халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі» делінген.

Тіл – халықтың жаны. Тіл құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеген болатын.

Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды. Тіл бар жерде болашақ бар, мемлекет бар, ұлттық рух, ұлттық намыс бар.

Сөздік:

егеменді – суверенный

түпкілікті – вечный; постоянный; окончательно; основательно

көне – старый; старинный, древний; античный

құнарлы – плодородный; содержательный; калорийный

ежелгі – давний: древний; исконный

шежіре – родословие; летопись; родословная история

мұра – наследие; наследство; памятник

32-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. XXІ ғасыр жастарының міндеті не? 2. Қазақ тілі кімдердің ана тілі? 3. Қыпшақ тармағына қай тілдер кіреді? 4. Қазақ тілінің қалыптасуы қай кезеңнен басталып, қай ғасырда толық қалыптасты? 5. Қазақ тілінің ең көне бастауын неден алған? 6. Ежелгі тарих, шежіре, мұралар бүгінгі ұрпаққа не арқылы жетіп отыр? 7. «Тіл туралы» Заңда не айтылған? 8. Дүние жүзіндегі барлық халық тәелсіздікке не үшін ұмтылады? 9. Ана тіліміз бізге кімдердің шығармалары арқылы жеткен?

33-тапсырма. Мәтіннен осы шақта тұрған етістіктерді теріп жазып, олардың түрлерін (нақ, ауыспалы) ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Ү л г і: Мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр (жалаң нақ осы шақ). Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріл+іп отыр (күрделі нақ осы шақ). Қоғамның жылжып, өзгеруіне байланысты тіл де дамып, өзгеріп отыр+а+ды ( ауыспалы осы шақ).

34-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестерін негізге алып, осы шақтың түрлеріне (нақ, ауыспалы) мәтін құрастырыңыздар.

Өте бай тіл, тәрбиелеудің құралы, мәдениеттің гүлденуі, тарихи қалыптасу, туған тіл, сүйіспеншілік, ұғым, қазақ халқының, ғылыми тіл, мемлекеттік мәртебе, мемлекеттік міндет, қарым-қатынас тілі, тіл комитеті, тілдің салалары, ресми тіл, ауызекі және жазбаша қолдану, тілді қолдану мен дамыту, мемлекеттік тілді насихаттау, қазақ тілі – қазақ халқының этникалық тілі.

35-тапсырма. Тіл туралы өлеңді мұқият оқып, мағынасын түсініп, жаттаңыздар.

Ана тілім, жүрегісің анамның, Анашымды ұмытқаным емес пе?

Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым. Ана тілім егер сені ұмытсам.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін, Сенің әрбір тынышыңнан күн кешем,

Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның. Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан, Ел бетіне қалай тура қараймын,

Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам. Ана тілім, егер сені білмесем.

36 -тапсырма. Өлең жолдарындағы тілеймін, тілдесем, қараймын сөздерінің қай шақта тұрғанын ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

37-тапсырма. Төмендегі тіл туралы айтылғандарды есте сақтаңыздар. Ана тілдеріңізді құрметтеңіздер.

Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмайды, тілдің өзі қоғам бар

жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Қоғамнан тыс тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі.

* * * * *

Тіл – әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің

ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.

* * * * *

Туған тілдің абыройын асқақтату – әрбір адамзаттың абзал борышы.

* * * * *

Тіл – таусылмайтын байлық. Оны қанша білсең, сонша биіктейсің.

* * * * *

Туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің.

* * * * *

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.

Ана тіл – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау.

* * * * *

В. И. Ленин: «Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы», - дейді. Мұның

мәні – тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі, қоғамдық өндірістің қай саласын болса да ұйымдастыруы, дамытуы мүмкін емес деген сөз.

38-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап, мағынасын түсіндіріңіздер.

Басқа таяқ тілден.

Беда голове от языка.

* * * * *

Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

Слово камни разбивает, а если не камни, то головы.

* * * * *

Қотыр қолдан жұғады, пәле тілден жұғады.

Болячки через руки передаются, беда – через слово.

39-тапсырма. Жоғарыдағы тіл туралы айтылғандардан осы шақта тұрған етістіктерді тауып, олардың түрлерін (нақ, ауыспалы) ажыратыңыздар.