Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Бұйрық рай (Повелительное наклонение)

Бұйрық рай выражает побуждение к действию – просьбу, приказ. Повелительное наклонение образуется путем прибавления к основе окончаний, І л., ед. число: -айын, -ейін, -йын, -йін; І л., мн. число: -айық, -ейік, -йық, -йік; во ІІ лице окончания не имеются; в ІІІ лице -сын, -сін.

107-тапсырма. Мәтіннен бес етістікті алып, бұйрық райдың формасында жекеше және көпше жүкте жіктеңіздер.

Ү л г і :

I Мен көмектес+ейін, арала+йын Біз көмектес+ейік, арала+йық

IIСен көмектес, арала Сендер көмектес+іңдер, арала+ңдар

Сіз көмектес+іңіз, арала+ңыз Сіздер көмектес+іңіздер, арала+ңыздар

IIIОл көмектес+сін, арала+сын Олар көмектес+сін, арала+сын

108-тапсырма. Етістіктерден қалау рай жасап, оларды жіктеңіздер.

Келіп еді, жазып отыр, сөйлеп тұр.

109-тапсырма. Қазыбек бидің қалмақ ханына айтқан өлең жолдарының мағынасын түсіндіріп, жаттап алыңыздар.

Ерден ердің несі артық, Бір-ақ асым еті артық,

Ептестірген сөзі артық, Жерден жердің несі артық,

Малдан малдың несі артық, Бір-ақ уыс шөбі артық,

Міндетіне алған сөзден

Шегінген жігіттен,

Өлген аюдың өті артық,

- дейді, сонда хан: Өй, өзің жөніңде айтшы, атың кім?- депті. Қазыбек би: Атым – Қазыбек, әкем – Келдібек, халқым – қазақ, руым – Қаракесек, – депті. Сонда хан: Даусың қаз дауысындай қаңқылдап тұр екен, -деген екен.

110-тапсырма. Мәтіннен бірнеше етістікті теріп жазып, оларды бұйрық райдың болымсыз түріне қойып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і: Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба, құмарланып шаттанба.

3 Апта. 9-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Сөйлемнің түрлері (хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты). Қазақ тіліндегі сөздердің орын тәртібі.

111-тапсырма. Әйтеке би туралы мәліметтермен танысып, оның әділдігі, шешендігі, білгірлігін өздеріңізге үлгі-өнеге тұтыңыздар. Мәтінді мазмұндап, мәтінге берілген сөздікті жаттап алыңыздар.

Сөз шебері, майталман шешен

Әйтеке би (1683-1722) Бас басыңа би болсаң,

Манар тауға сыймассың,

Басалқаңыз бар болса,

Жанған отқа күймессің

(Әйтеке би)

Әйтеке – қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әмір Темірдің бас кеңесшісі болған Ораз қажының бесінші ұрпағы. Әйтеке бес жасында ауыл молдасынан сауатын ашқан. Жеті жасынан бастап аталары Ақша хан мен Жалаңтөс баһадүр Әйтекені өз тәрбиесіне алады. Ол Самарқанттағы Ұлықбек медресесінде оқиды. Дін, құқық, аспан әлемі, жағырапия, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін меңгеріп шығады.

Әйтеке Ақша атасынан ел басқару, елшілік байланыстар жасау жолдарын үйренсе, Жалаңтөс атасынан әскери қолбасшылық дәстүрлер мен дағдыларға жаттығады. Әйтеке медресені бітірісімен туған ауылына оралып, әкесі Байбекпен, ұстазы Қосуақпен бірге ел басқару істеріне араласады. Сөйтіп, жиырма бір жасында бүкіл Бұқара мен Самарқант төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақ құрама жұртының бас биі болды.

Ал жиырма бес жасында барша Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлады. 1680 жылы Тәукені хан етіп сайлауға қазақ халқының бетке ұстарларымен бірге Әйтеке би де айырықша атсалысты. Тәуке таққа отырғаннан кейін алғаш рет ресми түрде айырықша құқықты «Хан кеңесі» сайланды. Әйтеке Кіші жүз жұртының атынан осы кеңестің мүшесі болды.

Осы кезде бұрынғы «Қасым салған қасқа жолдың», «Есім салған ескі жолдың» заман өзгерісіне орай кейбір тұстарының ескіруіне байланысты жаңа заң үлгілерін жасау қажеттілігі туды. Тәуке хан мен билердің қатысуымен 1684 ж. «Жеті жарғы» қабылданды. Күні бүгінге дейін негізі сақталып отырған ежелгі Солон заңымен (б.з.б. VII-VI ғ.) терезесі тең бұл заңның бытыраңқы елдің басын біріктіруге, жұртымыздың әл-ауқатының артуына, ата дәстүрлеріміздің сақталуына, ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі зор болды.

Әйтеке билікті мақал-мәтелдетіп мәнерлеп айтатын, дауды әділ шешіп, кесек-кесек сөйлейтін өте әділетті, білгір би болған. Сондықтан да ол аға би атанып Кіші жүз елін ұзақ жылдар басқарған. Әйтеке би, Тәуке ханның Төле би, Қазыбек би сияқты кеңесші бас билерінің бірі және «Жеті жарғы» заңын жасасқан азамат. Әйтеке дана би ғана емес, сонымен қатар ол ұлттық мақтанышымыз, қазақтың жүз жылда бір туатын арысы, артына өшпес із қалдырған адал перзенті. Өз халқына, ел-жұртына адал еңбек еткен, оның іргелі ел болуын жатпай-тұрмай ойлаған мұндай тұлғалар арғы-бергі тарихымызда өте аз. Әйтеке сонысымен де ұлы адам. Оның есімі қазақ даласының көгінде желбіреп тұрған аспан түсті туымыздай, әр қазаққа қымбат, әр адамға қасиетті есім.

Сөздік:

құрама – сборный; федерация, комбинированный; соединенный

бетке ұстар – образцовый; самый передовой

бытыраңқы – разобщенный; разрозненный; рассеянный

әл-ауқат – благосостояние; положение; состояние

дау- ссора; тяжба; иск; претензия; раздоры; спор

дана – мудрый; мудрец; штука; штучный; экземпляр

арыстан – славный; словна большой

112-тапсырма. Әйтеке бидің тапқырлығын, шешендігін айқындайтын өлең жолдарының мағынасын түсіндіріп, есте сақтаңыздар. Лепті сөйлемдердің айтылуына назар аударыңыздар.

Екі би бір шешімге келе алмай қалғанда, үшіншісі – Әйтеке би дауға билік айтып, тоқтатқан екен: Сабыр етіңдер, ағалар! Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.

Ашу деген ағын су, Туысқан соң сөз қуыспау керек.

Алдын ашсаң, арқырар. Сөз қуған бәлеге жолығады.

Ақыл деген дария, Жол қуған олжаға жолығады.

Алдын тоссаң, тоқырар. Төле, сен жылқысын қайтар!

Кісі біреуге туыспау керек Қазыбек, сен жесірін қайтар!-

деп екеуін келістіріп, қол алыстырыпты. Ел Әйтекенің бұл билігіне риза болып, бітімге келіп, тынышталыпты.

Сөйлемнің түрлері

Қазақ тілінде сөйлемдер мағынасы мен мақсатына, айтылу сазына қарай 4 түрге бөлінеді:

1. Хабарлы сөйлем (повествовательное предложение).

2. Сұраулы сөйлем (вопросительное предложение).

3. Бұйрықты сөйлем (побудительное предложение).

4. Лепті сөйлем (восклицательное предложение).

Хабарлы сөйлем. Белгілі бір оқиға, құбылыс туралы ойды екінші біреуге жай хабарлап айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Мысалы: Қазақ ауыз әдебиетінде Төле би туралы ауыз әңгімелер, шешендік сөздер көп. Төле би ақылды, әділ, шешен, әрі халық қамын ойлайтын қайраткер бейнесінде суреттеледі.

Сұраулы сөйлем. Бір нәрсе жайында сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлем 2 жолмен жасалады:

1. Сұраулық шылаулар -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жалғаулары арқылы. Мысалы: Сен келдің бе? Жанат үйде ме? Жұмысқа барасың ба?

2. Сұрау есімдіктері (қай? қашан? кім? қайда? не? қайдан? неге?) арқылы жасалады. Мысалы: Студенттер қайда? Мына бала кім? Қашан келді?

Кейде сұраулық шылаулары түбір сөз бен жіктік жалғауларының арасынан келіп -мы, -мі, -бы, -бі, -сы, -ні формасында да кездеседі. Мысалы: Сен немене тоңып қалғанбысың? Бұл қайсың, Мұратпысың?

Лепті сөйлем. Адамның әртүрлі көңіл-күйін білдіру мақсатымен қолданылатын сөйлем лепті сөйлем деп аталады. Лепті сөйлемдердің мағыналары көңіл-күйіне, қуану, ренжу, таңдану, аяу, өкіну, қорқу сияқты мақсатта айтылады да, айтылу әуені, интонациясы өте асқақ, көтеріңкі болады. Мысалы: Пай-пай мына аттың жорғасын-ай! Туған күніңмен! Жолдастар!

Восклицательные предложения служат для выражения чувств, предложения эмоций (горя, радости, удивления, восхищения и т.д.) В конце восклицательных предложений ставится восклицательный знак. Восклицательные предложения произносится с сильным чувством, с восклицанием. Например: Мына үй қандай әдемі! (Как красив этот дом!) Да здраствует наша Родина! Қымбатты достар!

Бұйрықты сөйлем. Біреуге бұйыру, зеку, тілек, өтініш немесе бір нәрсені талап ету мақсатымен айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады. Мысалы: Балам жөніңді айтшы.

1. Бұйрықты сөйлем бәсең дауыспен айтылып, жазуда соңына нүкте қойылады.

2. Ал кейбір бұйрықты сөйлемдер бұйыру, талап ету мағынасында көтеріңкі дауыспен айтылғанда, соңына леп белгісі қойылады. Мысалы: Көрсетпе көз жасыңды! Жүр жарысайық!

Бұйрықты сөйлем әртүрлі дауыс ырғағымен айтылады да, ІІ жақта тұрады. Мысалы: Маған кел! Жоғал! Кет әрі! Сөзді доғарыңыздар! Сыпыр еденді! Сабағыңды дайында! Шық үйден!

Побудительные предложения в казахском языке передаются глаголом повелительного наклонения вторго лица единственного или множественного числа. Нап.: Бөлмені сыпыр! Әрі тұр! Жұмаш, мында кел! Келіңіз тезірек!

Цель побудительных предложений – побуждение собеседника к совершению и прекращению действия. В зависимости от характера побуждения (просьба, приказ, призыв) побудительное предложение произносится с различной интонацией. В качестве грамматического средства выражения побуждения используется повелительное наклонение.

113-тапсырма. Төмендегі хабарлы сөйлемдерден сұраулы сөйлемдер (2 жасалу жолын пайдаланып) жасаңыздар.

Әйтеке би үш жүзге озық, алғыр және терең ақылымен, тапқыр шешендігімен, әділ билігімен белгілі болған қоғам қайраткері. Қазақ халқының қайғысына қайғырған, қуанышына қуанған, соғыста қолына қару алып, алғы шепте жүрген жауынгер ұйымдастырушы. Әйтеке Күлтөбедегі үш жүздің құрылтайына қатысқанда 25 жас шамасында екен дейді шежіреші қарттар. Шынында да үш бидің кішісі Әйтеке болған. Билер тарихында қазақтың Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би және Әйтеке билердің орны ерекше.

Сөздік:

озық – опережающий; передовой; прогрессивный; авангардный

алғыр – восприимчивый; предприимчивый; смелый; способный; хваткий

тапқыр – предприимчивый; догадливый

шежіреші – летописец

шешен – красноречивый; оратор

114-тапсырма. Сұраулы сөйлемдердің жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Әйтекеге шешендік, тапқырлық өнер қашан дарыған? Төле би Ұлы жүздің ғана ру басы, төбе биі болып қойған ба? Қай би бүкіл қазақ елінің саяси, мемлекет қайраткері дәрежесіне көтерілген? Аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздерде Төле бидің бейнесі қалай суреттелген? Әйтеке би нешінші ғасырда өмір сүрген? Қозы бағып жүрген жас кезінде Әйтеке кімдерге жолығады? Жеті атасын жетелеп жүргенді кім көріпті?

115-тапсырма. Сөйлемдерді мұқият оқып, олардың түрлерін (хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты) ажыратыңыздар?

Қазақ халқының бұл үш биі ел басына күн туған қиыншылық кезде де, билер кеңесі кезінде де, ел жиналған айт, ас, той тұсында да, жер дауы, жесір дауы көтерілген жерде де бірге бас қосып ел тағдырын бірге шешіп келген.

Алға, достар! Еңбекте де, оқуда да табыс тілеймін! Оқуға түсуіңізбен! Ол қандай кемеңгер адам! Әр халықтың өз ана тілі болады. Алматыға келген қонақтар қайда орналасады? Не деген байлық! Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романын оқыдың ба? Қ. И. Сәтбаев – металлогенияның атасы.