Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Қазақ хандығының бірінші астанасы – Түркістан қаласы

Түркістан – қазақ хандығының алғашқы астанасы болып саналатын ежелгі, бабалардың көне қаласы. Ол Қаратау мен Сырдария өзендерінің ортасында, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Ежелгі қалаға керуендер батыстан да, шығыстан да келіп жататын болған. Түркістанның тарихы әріден басталады. Ол кезде қала Шабғар (Шойтөбе) деп аталған. Мұсылман діні келгеннен бастап, қала Ясы деп аталған. Ақын Қожа Ахметтің Яссауи деп аталатыны да осыдан.

Монғол жаугершілігінен кейін қала Түркістан атанды. Түркістан «түріктер мекені» деген мағынада. Түркістан өзінің Қожа Ахмет Яссауи кесенесімен танымал. XIV-XV ғасырларда тұрғызылған сарайлар мен шіркеулердің тұтас кешені кесене деп аталады. Олардың бәрі Шығыстың қадірлі адамы, шейх, сопы, ойшыл, түркі халықтарының рухани ұстазы – Қожа Ахмет Яссауиға ғана арналып салынған.

Мұсылман әлемінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Меккемен қатар басты қасиетті орындардың бірі болып саналады, түркілердің екінші Меккесі деп аталады. Жыл сайын мыңдаған қажылыққа барушылар кесенені көру үшін Түркістанға келеді.

Ертеде сақ дәуірінен бастап бабаларымыз түрік тайпасының бір бұтағы болған. Отырар, Тараз, Түркістан сияқты қалалар салған. Қалаларда шәкірттер оқитын медреселер ашқан. Сондай бір ғажайып медресе-мектеп Түркістанда болды. Медресенің бас мұғалімі ақын Қожа Ахмет Яссауи еді. Ол діни ғұлама және түрік халықтарының рухани көсемі болды. Бала оқытып жүріп, «Даналық сөздер» деген кітап жазады. Кітапқа тәрбиелік мәні зор – кісінің таза жүруі өтірік айтпауы, адал болуы туралы ақыл сөздері енді.

Әмір Темірдің әмірі жүріп, айтқаны болып тұрған заман болатын. Ол дүние жүзінен ұста, зергер, сәулетші өнерпаздарды жинап, баяғыда қаза болған ақын зиратының басына ғажайып ғимарат орнатуға жарлық береді.

Қожа Ахмет Яссауидың басына ғимаратты тұрғызу үшін, мыңдаған адам қатар тұрып күйген қышты (кирпич) бір-біріне қолмен беріп, алыстан жеткізген. Ғимарат түрлі бөлмелерден тұрады. Солардың бірі – «қазандық» деп аталатын бөлме. Осы бөлмеде салмағы екі тонна келетін үлкен қола қазан орнатылған. Оған жеті жылқының еті сияды. Ернеуінде қазанды құйған ұстаның есімі араб тілінде жазылған. Ол ғимарат он жыл көлемінде салынды.

Көптеген зиратшылар арасында ірі сауда өкілдерінің, жер иелерінің болуы қала экономикасының дамуына өзіндік септігін тигізді. Қала базарында Орта Азияның өнімдері мен Оңтүстік Қазақстан көшпенділерінің өндірген өнімдері түсіп, товар нарықтары осы жерде анықталып жататын. Алыс шет елдерден әкелінген жібек маталар, мақта кездемелер, алтын, күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, керамикалық заттар осы жерден табылатын.

XVI ғасырдан бастап Түркістан қаласы қазақ хандығының астанасы етіп бекітілді. Хан өз билігінің тәуелсіздігін айқындау мақсатында теңге соқтырды. Шет елдермен келісушіліктер де осы қалада жүргізілді. Елшілер де осы қаладан тапсырыс алып, алыс елдермен байланыстар орнатты. Қала экономикасы бұрынғыдан арта түсті. Түркістанның қазақ хандығының ордасына айналуымен қатар, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің іші, маңы қасиетті орынға айналды.

Кесенеде ірі қоғам қайраткерлері мен атақты адамдар, батырлар жерленді. Оларды жерлеу рәсімі жекелеген мазарлар мен құрылыстар салумен қатар жүргізіледі. Сөйтіп, үлкен ғимарат айналасында ескерткіштер ансамблі қалыптасты.

Міне, қалыптасу кезеңі тарихтан осындай бастау алып, халықты түркі дүниесімен байланыстыратын, өткенімізді көрсететін талай өрлеу мен құлдырауды бастан кешкен киелі Түркістанға 1500 жыл толды.

Сөздік:

қыш – кирпич шіркеу – церковь; церковный

керуен – караван сопы – праведник; подвижник

қажылық – паломничество қола – бронза; бронзовый

мазар – могила; кладбище; гробница; надгробный памятник

227-тапсырма. Мәтіннен сан есімдерді теріп жазып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

228-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне тақырып қойып, сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырыңыздар.

Ү л г і:

– Көне Түркістан топырағында қанша хан, би, батырлар жерленген?

– Көне Түркістан топырағында сексен бір хан, би, батырлардың сүйегі жерленген.

Жас жеткіншектер ата-бабаларының ерлік жолын, тасқа басылған сөзін іздейтін болса,

оны осы көне Түркістаннан табады. Өйткені тарихы терең Түркістан қышпен, таспен

жазылған кітап секілді.

229-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігін мұқият оқып, мағынасын түсініп, орыс тіліне аударыңыздар.

230-тапсырма. Сан есімнің түрлерінің жасалу жолдарын меңгеріп, мысалдармен түсіндіріңіздер.