Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағының-қысы басыңқыдағы істің, амалдың қалай орындалғанын білдіреді.

Придаточные образа действия показывают как происходит действие в главном предложении и отвечают на вопросы қалай? (как?), қайтіп? не етіп? (каким образом?).

Бағыныңқы сабақтас

(Придаточные предложения)

Бағыныңқының баяндауышы (Сказуемое придаточных)

Мысалдар (Примеры)

Қимыл-сын бағыныңқылы (Придаточные образа действия)

1. Көсемшенің -а, -е, -й, -ып, -іп, -п жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. (Путем прибавления к корню глагола деепричастий

-а, -е, -й, -ып, -іп, -п).

2. Есімшеге -дай, -дей жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. (Путем прибавления к причастию суффиксов -дай, -дей).

Олар су іш+іп, шөлдерін қандырды. (Выпив воды, они утолили жажду).

Арман келме+й, жұмыс бітті. (Работа закончилась до того, как пришел Арман).

Ол адамдар еститін+дей, қатты сөйледі. (Он говорил так громко, чтобы люди могли слышать его).

473-тапсырма. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді тауып, олардың бағыныңқылары мен басыңқыларының қандай тұлғалар арқылы байланысып тұрғанын айтыңыздар.

Кемеңгер би елдермен пайда болған дау-жанжалға әділ билігімен араласқандықтан, ол қарақалпақ, өзбек, түркмен халықтары арасында жылы қабылданды. Желтоқсан оқиғасы дүр сілкіндірген соң, қалғып кеткен ұлттық сана оянып, үлкенді де, кішіні де ойға қалдырғандай болып еді. Тәуелсіздік таңы атқаны себепті, қазақша балабақша мен мектептер ашыла бастады. Ер Төстік жалмауыз кемпірдің қолында қалғандықтан, елі одан күдерін мүлде үзіп еді. (Ертегіден). Сол жылы Асқардың стипендиядан басқа қаражаты болмаған соң, бір мезгілде пристаньда қара жұмыс істейтін еді. Беті ашылып, жалаңаштанып қалған тау жыныстарының белгілі бір мезгілде беті ашылуы себепті, ол өзгеріссіз қалпын, құламайтын қасиетін сақтайды.

474-тапсырма. Екі жай сөйлемнен қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар.

1. Әбу Насыр елімен қоштасты. Ол оқуға аттанды. 2. Жиырма жасар Әбу Насыр сауда керуеніне ерді. Бағдаттағы «Даналық үйіне» аттанды. 3. Олар алыстағы елдерді аралады. Әбу Насыр сол сапарынан Фарабқа оралды. 4. Мына мақаланы тез жазды. Баспаға наурыздың аяғына дейін тапсырыңыздар. 5. Мен көп ойланған жоқпын. Бірден келістім. 6. Қасым Қазақстанда болды. Қазақ тілінен білімін жетілдірді. 7. Ала сауысқан бұтаққа қонбады. Шықылықтап ұша берді.

475-тапсырма. Екі жай сөйлемнен себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. Әбу Насыр қыпшақ, оғыз, түрік тілдерін жақсы білетін. Сол тілдердегі жазылған кітаптарды түгел оқып шықты. 2. Ол Самарқан, Бұхар, Хиуа сияқты қалаларда болды. Араб, парсы, еврей тілдерінде оқып, жазуды үйренді. 3. Мектеп кітапханасында жаңа туындылар көп. Олар кітап көрмесін ұйымдастырды. 4. Қазақ тілін жақсы үйренді. Қазақ тілінен өткізілген қалалық олимпиадаға қатысты. 5. Жоңғар басқыншыларының қазақ жеріне шапқыншылығы 1607 жылы басталды. Одан кейін үсті-үстіне шабуыл жасай берді.

476-тапсырма. Себеп және қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын көрсетілген торларда көрсетіңіздер.

Себеп бағыныңқылы

* * * * *

Қимыл-сын бағыныңқылы

477-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді қимы-сын бағыныңқылы құрмалас сөйлемдер болатындай етіп, қазақ тіліне аударыңыздар.

Стало так тихо, что с балкона я слышала голоса детей. Хочу трудиться так, чтобы родители гордились мной. Галя читала письмо так, что ясно слышалось каждое слово. Выпив воды, они утолили жажду. Работа закончилась до того, как пришел Арман. Он говорил так громко, чтобы люди могли слышать его.

478-тапсырма. Берілген сөздермен қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.

Орындайтын+дай, жоспарла+п, сақта+п, кел+е, табылатын+дай, күтетін+дей, жина+й,

бар+а, ал+ып, қайт+ып, бітір+іп.

479-тапсырма. Төмендегі сөздермен себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.

Келмейтін+діктен, танымайтын+дықтан, ұсынған себепті, барған соң, айтқан соң, қатысқан+дықтан, сағынған себепті, білетін+діктен.

480-тапсырма. Дұрыс нұсқасын табыңыздар.