Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Қазақстанның тәуелсіздік шежіресі

* * * * *

Тәуелсіздік – қазақ халқының сан ғасырлық арманы. Тәуелсіздікке қол жеткізу шежіресі: цифрлар мен фактілер

Тәуелсіз Қазақстан. 1988 жылы Қазақ КСР Компартиясының ОК 1920-1950 жылдарда қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз атылып кеткен қайраткерлерді ақтау туралы қаулы қабылданды. Соған сәйкес Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов, М.Тынышпаев сынды көптеген Алаш қайраткерлері мен ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдерін ақтауға және олардың мұраларын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берілді.

Сол тарихи кезеңдегі басты оқиғалардың бірі – 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданған «Тіл туралы» Заң еді. Бұл Заңда қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі деп бекітілді. Осылайша, тәуелсіздік жолында ұлттық тарих пен ұлттық тіл қоғамды жұмылдырушы, әрі біріктіруші күшке айналды.

1990 жылы 24 сәуірде Республикада Президенттік басқару институты енгізілді. Жоғарғы Кеңестің сессиясында Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР Президенті болып сайланды. Одақтас республикалар Кеңес Одағын егеменді мемлекеттердің одағына айналдыру реформасын дайындай бастады. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылдады. Бұл тарихи құжат еліміздің тәуелсіздігіне жасаған маңызды қадамы болды.

1991 жылы 29 тамызда ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды. Бұдан басқа Қазақстанның өзекті мәселелерінің бірі – елді ядролық қарусыз мемлекетке айналдыру мәселесі шешілді.

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанда бірінші рет бүкілхалықтық Президент сайлауы өткізіліп, Елбасы болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.

1991 жылы 10 желтоқсанда Н.Ә.Назарбаев Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Қазақстан Республикасы болып аталуы жөніндегі Заңға қол қойды.

1991 жылы 16 желтоқсанда «ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданды. Бұл күн Тәуелсіздік күні болып жарияланды.

1991 жылы 30 желтоқсанда Минскіде Қазақстанның ядролық қарусыз ел болуға деген ұмтылысы жөнінде жарияланды.

1992 жылы 25 қаңтарда ҚР-сы БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымына) қабылданды.

1992 жылы 4 маусымда ҚР-ның Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы Заңға қол қойылды.

1993 жылы 15 қарашада ҚР-ның ұлттық ақшасы – теңге айналысқа енгізілді.

1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.

1995 жылы 30 тамызда ҚР-ның Ата Заңы – Конституциясы қабылданды.

1997 жылы 20 қазанда Президент Жарлығымен Астана қаласы ҚР-ның астанасы болып жарияланды.

1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заң қабылданды.

1999 жылы 10 қаңтарда Елбасын екінші рет бүкілхалық болып ҚР-ның Президенті етіп сайлады.

1998 жылдың 30 желтоқсаны. 1999 жылды «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп жариялау туралы Жарлыққа Президент қол қойды. 1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы», 1997 жыл «Қоғамдық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып жарияланды.

1999 жыл, 10 қаңтар. ҚР-ның Президентін сайлау болды. Президенттікке түскен төрт үміткердің ішінен Н.Назарбаев 79,78% дауысқа ие болды.

Сөздік:

қуғын-сүргін – репрессия

ұмтылыс – стремление; порыв

үміткер – претендент; надеющийся; возлагающий надежду

404-тапсырма. Жоғарыда көрсетілген цифрлар мен фактілерді толық меңгеріп, есте сақтаңыздар.

405-тапсырма. Мәтіннен үстеулерді тіркескен сөздерімен бірге теріп жазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

406-тапсырма. Сөйлемдерден мезгіл үстеулерін тауып, оларға сұрақтар қойыңыздар.

Бүгінгі таңда қай ұлтты, қай халықты алса да, бәрінің өз ана тілі бар. Әр халық өз ана тілін ардақтайды. Тілді жасаушы – халықтың өзі. Әр ұлттың өкілі өз ана тілінің ертеңін ойлауы керек. Тіл – өмір бойы халыққа қызмет етеді. Ана тілін қадірлемеген адамның ертеңі, болашағы жоқ. Ана тілінсіз ұлт мәдениеті, ұлт әдебиеті жоқ.

Қазір қазақ тілі мейлінше дамып, өрісі кеңейіп, байып, жетілуде. Бүнгі қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының, қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты қашанда бағалап, құрметтеу керек.

407-тапсырма. Берілген үстеулермен сөз және сөз тіркестерін құрастырып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Сыртта, бірталай, дәлме-дәл, мүлдем, әдейі, құр босқа, бір-бірден, ілгері, сонша, анда-санда, түнеугүні, ала жаздай, айрықша, әбден, кенет, зорға, аздап, шапшаң.