Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

1. Қарсылықты бағыныңқылы 2. Шартты бағыныңқылы

а) -ып, -а, -дықтан, үшін а) -мақ, -мек, -ар, -ер, -р

ә) кейін, -да, -қалы, -й ә) -атын, -етін, -қан, -кен

б) -да, -де, -мен, -а, -е, -й б) -йынша, -йінше, -са, -се

в) -йынша, деп, -ша, -ше в) -ырақ, -ірек, -шық, -шік

г) -ның,-нің, -ға, -ге, -ған г) -қар, -кер, -паз, -хана

493-тапсырма. Сөйлемдерден шартты, мезгіл, қарсылықты, қимыл-сын бағыныңқыларды тауып, оларды әр бағанаға бөліп жазыңыздар.

Жаңа жұмысшыларға техника қауіпсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге болмайды. Еуропа әдебиетімен танысқаннан кейін, қазақ ақындары сөздің асыл болатын сырын біле бастады. Ақын адам сөздің асыл болатын сипаттарын білсе, сөзін таза, мінсіз шығарады. Бұл – французша күрес, екі жауырыннның арасын жерге тигізбейінше жыққанға есептелмейді. Отан үшін өз басымды өлімге байлай отырып, мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым. Өзім де жаным – арымның садағасы, халқым үшін қасықтай қаным пида деп, жанып тұрған отқа талай түстім. Мен өзге ұлттарды құрметтегенмен, өз ұлтын сүюші адаммын. Зор дұшпаннан қалай сақтансаң, ұсақ жаудан солай сақтан. Қорлық-зорлыққа қанша көнсе де, ана жүрегі қарсыласуын қояр емес. Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлық жатты.

494-тапсырма. Төмендегі атауларға берілген түсініктемелердің мағынасын меңгеріп, есте сақтаңыздар.

Тәрбие – араб тілінен енген сөз. Түбірі – «раба», мағынасы «өсу, есею, ұлғаю» сөздеріне келеді. Түбір сөздің алдына «та» буыны, соңына «й» жұрнағы қосылып, тәрбие атауына, яғни өсіру мағынасына ие болған. Кейде арабтарда «тарабиет» сөзі кішіпейіл мағынасында қолданылады. Ол сөз қазақ тіліне ауысқаннан кейін «тәрбие» тұлғасына ие болған.

Бет – түркі тілдеріндегі «бет» сөзінің алғашқы мағынасы басқаша болғандығын тува, тофа тілдерінен байқалады. Туваларда «бети», тофа тілінде «беъет» сөздері қазір бізде қолданылып жүрген «алды», «бұрын» сөздерінің мағыналарын береді. Ал «бет» сөзі кейін келе бастың алдыңғы жағы мен кейбір заттарлың үстіңгі жағын ұғындыратын «су беті, кітап беті» мағынасын білдіретін болған.

Мәдениет – сөздің араб тіліндегі тұлғасы – «мудун» сөзі «қала» мағынасын берсе, «мәдени» – «қала тұрғыны» деген ұғымды білдіреді. Осыдан «мәдениет» сөзі пайда болған.

Сурет – сөздің араб тіліндегі тұлғасы «сувар», ал мағынасы – «түр, кейіп, кескін» дегенді ұғындырады, көпше түрі «суварат». Сөйтіп, осы күнгі түсінігімізге «сурет» болып енген.

495-тапсырма. Танымал тұлғалардың аталы сөздерінің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.

Білімге құмартып, кітапты барлық жан-дүниелеріңмен сүйіңдер! Ол

сенің тек жақсы досың ғана емес, өміріңнің ақырына дейінгі сенімді серігің де.

(М. А. Шолохов)

Білм мен даналық – адам көркі.

(Ә. Науаи)

Көп білгенге мәз болу – қате. Білімнің саны емес, сапасы маңызды.

(Л. Н. Толстой)

Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей.

(Л. Н. Толстой)

Адамның бойындағысының бәрі де: жүзі де, киген киімі де,

жаны да, ойлары да әсем болуы керек.

(А. П. Чехов)

Шындық – ауа, онсыз дем алуға болмайды.

(И. С. Тургенев)

Адам өз ақылымен өмір сүру үшін туған.

(Л. Н. Толстой)

14-апта. 40-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Салалас құрмалас сөйлемдер. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдер.

496-тапсырма. Бүгінгі таңдағы экологиялық проблемаларды өз ойларыңызбен толықтырып, мәтінді мазмұндаңыздар.