Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

ҚазҰту – ғылым, білім ордасы

* * * * *

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті – еліміздің алғашқы техникалық жоғары оқу орны. Қ.И.Сәтбаев және ҚазҰту

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті республикада инженерлік білім берудің алғашқы, әрі әлі күнге дейінгі көш бастаушысы.

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың іргетасы 1933 жылы, Қазақстанда тұңғыш өнеркәсіп орындарының ашылуымен тұспа-тұс қаланып, ел экономикасы дамуының тарихи кезеңдерімен бірге дамып келеді.

Алғашында тау-кен металлургиясы мен тау-кен барлау факультеттерінің базасында ұйымдастырылған Қазақ ұлттық техникалық университеті бүгінде осы салада білім беретін еліміздегі жетекші жоғары оқу орны дәрежесіне дейін өсті.

ҚазҰТУ – мыңдаған инженерлер мен Қазақстандағы барлық техникалық жоғары оқу орындарының оқытушыларының іс жүзіндегі анасы іспетті.

Университеттің ұлттық техникалық мәртебесі – еліміздің қалыптасуы мен дамуына орасан зор үлес қосқан университет түлектері – көрнекті ғалымдар, педагогтар мен инженерлердің ерен еңбектерінің жемісі.

ҚазҰТУ-дың құрылуының 75 жылдығы мемлекетіміздің өміріндегі елеулі мәні бар оқиға. Инженер мамандарды дайындаудың шеберханасы – ҚазҰТУ өзінің 75 жылдық тарихи қызметінің мақсаты мен мазмұнын, Отанымыздың ұлтжанды, техникалық сауатты ұрпағын қалыптастыруға арнап келеді.

Халықтың есінде – ҚазТКМИ, ҚазПТИ, ҚазҰТУ болып сақталып қалған Қазақстанның жетекші жоғары оқу орнының тарихы – бұл республикадағы инженерлік білім беру, оның өндірістік өсіп-өркендеуінің даму кезеңдері.

Қазақстандағы техникалық білім берудің қарлығашы – ҚазҰТУ-дың республикадағы бірқатар өндіріс салаларының қалыптасуы мен дамуындағы және оларды инженер мамандарымен қамтамасыз етуге сіңірген еңбегін бағаламау мүмкін емес.

ҚазҰТУ-дың тарихы – бұл еліміздің мәдениеті мен білімінің, ғылыми-техникалық интеллигенциясының қалыптасуы мен дамуының тарихы.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ – жоғары сапалы, қарқынды білім беру мен ғылыми-инженер мамандарын даярлауда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, еліміздің техникалық жоғары оқу орындарының арасында ғана емес, халықаралық ауқымдағы зор мәртебеге ие жоғары оқу орнына айналды.

Жаңа мыңжылдықта Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ өзінің алдына сапалық тұрғыдан жаңа мақсаттар мен міндеттер қояды. Университет дамудың әлемдік білім беру жүйесінде лайықты орынға ие бола алатын жоғары элиталық инженерлік-техникалық университет қалыптастыруға аяқ басқан жаңа кезеңде тұр. Университеттің жаңа даму бағдарламасы – жаңаша ойлау мен білім беру үрдісіндегі жаңаша ізденістер. Университет білім мен ғылымды интеграциялау жолына түсті.

Қ.И.Сәтбаев және Қазақ ұлттық техникалық университеті

Қ.И.Сәтбаев КСР ҒА-ның президенті болып сайланғаннан бастап (1946), сол кездегі Кен металлургия институтын өз қамқорлығына ала бастаған.

Ұлы ғалым өз халқына инженер кадрларының ауадай қажет екенін алдын-ала біліп, жергілікті ұлт жастарын аспирантураға қалдырып, оларға жағдай жасауға баса көңіл бөлді.

Қазақ кен металлургия институтының Қазақ политехникалық институты болып қайта құрылуына, оның материалдық-техникалық базасының ұлғаюына, жаңа мамандықтардың ашылуына Қ.И.Сәтбаев үлкен көмек көрсетті. Осы жылдары Сәтбаевтың шәкірттері, әрі ізбасарлары академик-ғалымдар Ө.Байқоңыров, Евней Букетов, Ш.Есенов, А.Машанов сияқты тұлғалар қалыптасты.

Қ.И.Сәтбаев қазақ жастарының тек қана теориялық білім алып қоймай, оны өндірістегі іс-тәжірибемен дамытып, жақсы маман болып шығуына да ерекше ден қойды. Өндірістік тәжірибеде болған студенттер техникалық мамандықтардың қыр-сырын терең біліп, меңгерумен қатар, қаржы да тауып қайтатын.

Қ.И.Сәтбаев болашақ инженер-студенттердің жан-жақтылығына, рухани байлығына, парасаттылығына қарап, ұлттың болашағын елестететін.

Міне, бүгінгі таңда Сәтбаев шарапатына бөленген ҚазҰТУ – техникалық білімнің қара шаңырағы, қасиетті білім ордасы атанса, Сәтбаевтың қамқорлығын көрген шәкірттері мемлекет және қоғам қайраткерлері деңгейіне көтерілді.

1999 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетіне инженерлік-техникалық мамандар даярлауға сіңірген аса зор еңбегі үшін көрнекті ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі берілді.

Сөздік:

мәртебе – достоинство; престиж; честь; слава; чин; статус

парасат – разум; рассудок; здравомыслие; интеллект; смышленность

362-тапсырма. Бірінші мәтін бойынша сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырып, оны рөлге бөліп оқыңыздар.

Ү л г і:

– ҚазҰТУ бүгінде қандай дәрежеге дейін өсті?

  • Алғашында тау-кен металлургиясы мен тау-кен барлау факультеттерінің базасында ұйымдастырылған ҚазҰТУ бүгінде осы салада білім беретін еліміздегі жетекші жоғары оқу орны дәрежесіне дейін өсті.

363-тапсырма. Екінші мәтінге жоспар құрып, өз білетіндеріңізбен толықтырып, мазмұндаңыздар.

364-тапсырма. Мәтіндерден есімдіктерді тіркескен сөздерімен бірге теріп жазып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

365-тапсырма. Сөйлемдерден жалпылау есімдіктерін тауып, олардың астын сызыңыздар.

Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие болды. Жалпы бізде белгісіз солдаттар жоқ, барлығының бар аты, туған жылы. Бұл оның бүкіл қазақ халқының тағдырына қатысты ірі оқиғалардың ортасында жүргенінің айғағы. Ол тек Ұлы жүздің ғана ру басы, төбе биі болып қоймай, барлық қазақ елінің саяси, мемлекеттік қайраткері дәрежесіне көтерілген адам. Ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік картасын жасап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді.