Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің тарих беттерінен: ізденістер мен жетістіктер

1930 жылдардың басында елімізде, бұрынғы КСРО-ның дамуында, Қазақстанның орны ерекше маңызды болды. Өндірістік күштердің қалыптасуы, шикізат көздерін жаппай іздестіру, Лениногорск, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Гурьев, Шымкент, т.б. қалаларда өндірістік кәсіпорындардың салынуы кең қанат жайды. Бұл Қазақстандағы кен және металлургия өндірісінің қарыштап дамуының бастамасы болды. Қазақстан экономикасы тез арада білікті мамандардың өсіп-жетілуін қажет етті.

1933 жылдың қыркүйегінде КСР Одағын Халық комиссарлар Кеңесінің Семей тау-кен институтымен біріктіре отырып, Алматы қаласында Қазақ тау-кен металлургия институтын құру туралы қаулысы қабылданды.

ҚазҰТУ-дың тарихы 1934 жылдан басталады. Осы жылы Қазақ тау-кен металлургиялық институтының жалғыз геологиялық-барлау факультетінде инженер кадрларын дайындау басталды.

Қазақстандағы тұңғыш техникалық жоғары оқу орнының қалыптасуына кәсіпорындар мен ұйымдар, мекемелер баға жетпес көмек көрсетті. Олардың көпшілігі зертханаларға қажетті жабдықтар, минералдар жинақтарын, геофизикалық және топографиялық құрал-саймандар беріп, ғылыми-техникалық әдебиеттермен қамтамасыз етуге көмектесті. Оқытушылық-профессорлық құрамның мәселесі де шешілді.

ҚазТКМИ өзінің құрылуы мен ұйымдастырылуы барысындағы қиыншылықтарды табыспен жеңе отырып, аз уақыт ішінде тау-кен, металлургия, геология, құрылыс, т.б. өнеркәсіп салаларын инженер кадрларымен қамтамасыз ететін негізгі база ретінде үлкен беделге ие болды.

1960 жылы ҚазТКМИ политехникалық институты болып қайта құрылып, оның 8 факультетінде кәсіби инженерлер дайындайтын еліміздегі ең беделді жоғары оқу орындарының біріне айналды.

Жекелеген факультеттердің негізінде Атырау мұнай және газ институты, Ш.Есенов атындағы Ақтау политехникалық университеті, Рудный индустриалдық институты, Алматы энергетика және байланыс институты, Қазақ мемлекеттік сәулет және құрылыс академиясы ашылды. Рудныйдағы филиалы, Өскемен, Лениногорск, Қаратау, Зыряновск, Шевченко, Атырау қалаларындағы жалпы техникалық факультеттер ҚазПТИ-дің маңызды құрылымдық бөлімшелері болып табылады.

1994 жылдың қаңтарында В.И.Ленин атындағы ҚазПТИ Қазақ ұлттық техникалық университеті болып өзгертілді. Осы кезеңнен бастап, еліміздің ең басты техникалық жоғары оқу орны ретінде, кадрларды даярлауды әлемдік деңгейде таныту мақсатында, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жетілдірудің аса маңызды міндеттері жүктелді.

1990 жылдары университет даярлаған инженер кадрлары тәуелсіз Қазақстанның маңызды өндіріс салалары мен өнеркәсіптерін реформалау саясатын жүзеге асыруға атсалысты. Көптеген университет түлектері бүгінде экономиканың әртүрлі салалары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің жетекші мамандары.

Инженерлік-техникалық мамандар дайындауға сіңірген аса зор еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың 22 қыркүйектегі қаулысымен Қазақ ұлттық техникалық университетіне көрнекті ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі берілді.

ҚазҰТУ-дың қазіргі кезеңдегі қызметі университеттің беделін көтеруге, университетте басталған қайта құруларды жүзеге асыруға, оқытудың сапасын жақсарту мен басқару жүйесін жетілдіруге бағытталып отыр.

Сөздік:

шикізат – сырье; сырое вещество

қанат жаю – развиваться; расправить крылья

құрылым – структура; состав; строение

379-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. 1930 жылдардағы Қазақстанның жағдайы қалай болды? 2. 1933 жылы не жөнінде қаулы қабылданды? 3. ҚазҰТУ-дың тарихы қай жылдан басталады? 4. Қазақстандағы тұңғыш техникалық оқу орны туралы не білесіздер? 5. Оның қалыптасуына кімдер көмек жасады? 6. ҚазТКМИ қандай жетістіктері үшін үлкен беделге ие болды? 7. ҚазТКМИ қай жылы қайта құрылды? 8. Жеке факультеттердің негізінде қандай оқу орындары ашылды? 9. ҚазПТИ қай жылы және қалай өзгертілді? 10. ҚазҰТУ-ға қай жылы, кімнің есімі берілді?

380-тапсырма. Мәтіннен салт етістіктерді бір бағанаға, сабақты етістіктерді екінші бағанаға тіркескен сөздерімен бірге теріп жазыңыздар.

381-тапсырма. Төмендегі мақал-мәтелдерді оқып, ондағы табыс септігіндегі сөздердің етістіктермен қалай байланысып тұрғанын түсіндіріңіздер.

Ашу жүйкені бұзады, Аяз, әліңді біл,

Жүйке ұйқыны бұзады. Құмырсқа, жолыңды біл.

Шешен кісі сөз бастар, Алтыннан қымбат сөз айтсаң,

Адал кісі ел бастар. Ақымақ құлақ салмайды.

Біреудің ала жібін аттамайды. Өтірікшіні үйіне қуып тық.

Қалам ұстаған қол қайыр сұрамайды.

382-тапсырма Сөйлемдердегі салт етістіктерді бір бағанаға, сабақты етістіктерді екінші бағанаға бөліп жазыңыздар.

Нұржан оларды аттандырып, қосқа қайта оралды. Ақан жаңа ғана шешініп, тамақ ішуге ыңғайлана бастаған. Нұржанды көрді де, теріс айналып кетті, төсегін қопарып, бірдеме іздеген болып, күбжеңдей берді. Әнеукүнгі жанжал, өсек жүзіне шырмау, көңіліне ақау салса керек, беттетпеді. Нұржан да тіл қатқысы келіп, қипақтап тұр еді. Ақан жуынып, тамағын ішті де қатардағы күркеге барып, студенттермен әңгіме құрды (З.Шашкин).