Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

келісімді

Тазалықты

білдіреді, себебі .....

бейбітшілікті

даналықты

биіктікті

әділдікті

білдіреді, себебі .....

тұрақтылықты

ерлікті

гүлденуді

қуанышты

үміт, сенімді

молшылықты

білдіреді, себебі .....

527-тапсырма. Берілген жай сөйлемдерден салалас құрмалас сөйлемдер жасап, көшіріп жазыңыздар.

Ү л г і : Бүгін Маржан театрға бара алмай қалды. Оның уақыты болмады. Бүгін Маржан театрға бара алмай қалды, себебі уақыты болмады.

1. Жаман мінез-құлық – рухани кесел. Бұл кеселді жою үшін тән кеселін емдеуде қолданылатын дәрігердің тәжірибесіне еліктеуіміз керек.

2. Жаман дос – көлеңке. Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың. Басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың.

3. Өнер кейде адамды асқақ сезімге бөлейді. Адамның жан дүниесін нұрландырады. Жан дүниесін байыта түседі.

4. Жұмыстың нәтижесі көбінесе оқу орнындағы жалпы тәртіпке байланысты екенінде дау жоқ. Тәрбиеленушімен бірге жұмыс істеп отыратын тәрбиешінің өзіне байланысты болады емес пе?

5. Тіл аса мейірбандықты керек етеді. Сөздің шарапатынан дуалы шарапат жоқ.

6. Адамды мақтап қою қажет. Ол өзін-өзі құрметтеу сезімін тудырады, шығармашылық күш-қуатын дамытып, сезімін арттырады.

14-апта. 42-тәжірибелік сабақ

Грамматика : Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер.

528-тапсырма. ХХІ ғасырдағы үлкен проблема экология мәселесі. Арал, Алматының экологиялық жағдайлары туралы мәтіндерді мұқият оқып, өз тараптарыңыздан толықтырып, мазмұндаңыздар.

Қазіргі экологиялық жағдайлар. Арал экологиясы. Алматы қаласының экологиясы

Қазіргі экологиялық жағдайлар. Қазіргі кезеңдегі шиеленісіп отырған экологиялық мәселелерге байланысты табиғи ортаның сапасын жақсарту өзекті мәселе болып отыр. Жер шарының кейбір аймақтарында қайтымсыз табиғат өзгерістері мен апаттары болуда. Оған топырақтың құнарсыздануына байланысты ауыл шаруашылығы өнімдерінің төмендеуін, шөлге айналған экожүйелерді, өзен мен көлдердің тартылуын, климаттағы өзгерістерді, қуаңшылықты, фауна мен флораның азаюын, т.б. көптеген табиғат факторларын мысал ретінде келтіруге болады.

Өнеркәсіптің қарқынды дамуы мен адамның іс-әрекетінің нәтижесінде қоршаған табиғи ортаның тепе-теңдігі бұзылуда.Табиғатқа қатты, сұйық, синтетикалық, газ күйінде заттар шығарылып, су, ауа, топырақ, сапасын төмендетті.

Өнеркәсіп, зауыт, жылу қазандықтары, автокөліктер, ұшақтар жұмыс істегенде химиялық зиянды заттар бөлініп отырады. Олар – қатты, сұйық, газ күйінде болуы мүмкін. Сондықтан өзен, көл суын қайнатпай ішуге, жеміс-жидекті жумай жеуге болмайды. Әсіресе, ірі қалаларда, өнеркәсібі дамыған жерлерде, зауыт, фабрикалар маңында зиянды заттардың мөлшері шамадан тыс көп болады.

Улы заттардың қатарында темекі мен есірткі заттар да жатады. Темекіні жиі тарту өкпе мен қолқаның созылмалы ауруына, өкпе жолдарының қатерлі ісік ауруларына апарып соғады. Есірткі заттары да қолқа мен өкпенің қатерлі ісік ауруларын туғызды.

Сөздік:

құнарсыз – бесплодный; неплодородный;

қолқа – аорта

қолқа жырығы – отверствие аорты

өнеркәсіп – промышленность; промышленный

529-тапсырма. Мәтінге сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырып, оларды рөлге бөліп оқыңыздар.

530-тапсырма. Төмендегі тақырыптарға реферат жазыңыздар.

1. Қоршаған ортаның химиялық, биологиялық және радиациялық ластануының

себептері және олардан қорғану шаралары.

2. Ластану көздері.

3. Зиянды қалдықтар.

4. Каспий өңірінің экологиялық мәселелері.

5. Атырау және Маңғыстау өңірінің экологиясы.

6. Солтүстік-шығыс облыстарының экологиясы.

7. Оңтүстік аймақтардың экологиясы.

531-тапсырма. Мәтіннен алынған сөз және сөз тіркестерін қатыстырып, қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.

Экологиялық мәселелер, табиғат апаттары, топырақтың құнарсыздануы, өнеркәсіп, құрғақшылық, су, ауа, топырақ, химиялық зиянды заттар, сұйық газ, зауыт, фабрика.

532-тапсырма.Түсіндірме сөздікті пайдаланып, экология саласынан он терминге түсініктеме жазып, олардың мағынасын түсіндіріп беріңіздер.

533-тапсырма. Ұлы тұлғалардың табиғатты қорғау, экологиялық проблемалар туралы айтқан өсиетті сөздерінің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.

Экологиялық проблемалар – ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі, өйткені әңгіме

адамның өмір сүретін ортасы туралы, болашақ ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр.

( Шыңғыс Айтматов)

Табиғаттың әр беті – терең мағынаға толы кітап.

( И.Гете)

Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар.

( Шоқан Уәлиханов)

Табиғатты қорғау мәселелерінде ведомстволық көзқарасқа, өткінші

тиімділікке төзуге тіпті де болмайды.

( Шыңғыс Айтматов)

Адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды ...

Табиғат адамды қайырымдылыққа, бір мақсатқа ұмтылатын сұлу жан етіп

тәрбиелейді. Ол – денсаулық, шабыт және шығармашылықтың қайнар көзі.

( П.И. Мартковский)

Жер мәселесі – өмір мәселесінің ең зоры, оны шешен ақылмен,

сабырмен шешкен дұрыс.

( Ә.Бөкейханов)