Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

1. Қарсылықты салалас : 2. Кезектес салалас:

а) әйтсе де, үшін, кейін, дегенмен а) өйткені, алайда, дегенмен

ә) бірде, деп, соң, -дықтан ә) сол себепті, дейін, -діктен

б) бірақ, сонда да, алайда, дегенмен б) бірде, кейде, біресе

в) неге десеңіз, шейін, кейін, соң в) -йынша, -йінше, біресе, және

3. Ыңғайлас салалас: 4. Себеп- салдар салалас:

а) кейде, сондықтан, алайда а) -ғалы, -гелі,- хана, өйткені

ә) -да, -де, -деп, соң, үшін ә) алайда, әйтсе де, және

б) және, -да, -де, -та, -те б) сондықтан, сол себепті,

в) неге десеңіз, -йінше, үшін в) бірақ, әсіресе, соң, дейін

537-тапсырма. Сөйлемдерден қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді тауып, олардың қалай байланысып тұрғанын түсіндіріңіздер.

Жандарал Абайға көз қиығын тастап, «осының өзі істеп отыр ма, тағы бір айласы ма жұмбақты қазақтың», - деп ойлап еді, бірақ Абайдың түрінде қатты таңданғандықтан басқа ешбір белгі жоқ екен. Шаршайтын орайым бар еді, бірақ бүгін көрген бір қызығым күні бойғы жол азығым болып, шаршағанымды білдірмеді. Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді, бірақ әлі тұрған жоқ. Қазақтың моңғолдан шыққандығы ұят емес, бірақ біздің білімсіз, ғылымсыз қалмақтығымыз ұят ( Абай). Қалыбек артынан ілесіп, аяғынан шалған болады, бірақ өзі құлап түседі. Сара ки-ки Қажымұқанның құлағын тістей жармасты, дегенмен күш атасы Қажымұқан жапон палуанын қос қолдап көтеріп алды да, жерге алып ұрды.

538-тапсырма. Сөйлемдердің негізгі мағынасын сақтай отырып, олармен қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар.

Балқаш көлінің экологиялық мәселелері. Балқаш көлі Қарағанды (Жезқазған), Жамбыл, Алматы ( Талдықорған) облыстарымен шектесіп жатыр.

Балқаш жартылай тұщы көл. Сарыесік түбегі Балқашты батыс және шығыс бөліктерге бөледі. Батыс бөлігіндегі су ірі Іле өзенінің келіп құюына байланысты тұщы болған. Балқаштың шығыс бөлігіне келіп құятын шағын өзендердің барлығы қазір толығымен дерлік суаруға және шаруашылық қажеттіліктеріне жұмсалады.

Балқаштағы су деңгейінің төмендеуі нәтижесінде ондатра өсіру кәсіпшілігі құлдырап кетті. Бағалы балықтар аулау жылына 40 мыңнан 8 мың центнерге дейін кеміген. Өзен жағалауындағы тоғайлы ормандар жоғала бастады. Бүкіл жағалауда шөлдеу процесінің басталуы көлдің жағасындағы қамыстардың жойылуына әкеліп соқты.

Балқаштағы экологиялық жағдай тек Балқаш көлін сақтап қалу ғана емес, бүкіл Балқаш-Іле аймағының келешегін ойлауды талап етеді. Экология заңдарын білу, қала мен өндіріс орындарының тиімді тығыздығын анықтау, Оңтүстік Қазақстандағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Сөздік:

кәсіпшілік – промысел; ремесленничество; хозяйство

тұщы – пресный

тепе-тең – равный; тождественный; тождественно

539-тапсырма. Қарсылықты құрмалас сөйлемдерді өз ойларыңызбен аяқтаңыздар.

«Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер», - дегендей, отбасында балалар әкелері мен аналарының бойындағы қасиеттері мен өнерлерін үйреніп өскен, бірақ ................... . Түйгені көп шешесі қызымен, келінімен өмірдегі тәжірибелерімен бөлісіп, болашақ өмірге дайындайды, әйтсе де ................... . Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында рухани жақындық болады, дегенмен .................... .

540-тапсырма. Салалас құрмалас сөйлемдердің әр түрінің тиісті шылауларын көрсетілген торларда көрсетіңіздер.