Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Етістіктің өткен шақ категориясы ( Категория глагола прошедшего времени)

Қимыл іс-әрекеттің өткен уақытта болғандығын көрсететін етістіктің түрін өткен шақ деп атайды. Өткен шақтың 3 түрі бар:

  1. Жедел өткен шақ (очевидно-прошедшее время).

  2. Бұрынғы өткен шақ (давно прошедшее время).

  3. Ауыспалы өткен шақ (переходное прошедшее время).

Жедел өткен шақ: -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: жаз+ды+м (написал), айт+ты+м (сказал).

Бұрынғы өткен шақ: -қан, -кен, -ған, -ген тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады. Мысалы: Мен бар+ған+мын, кел+ген+сіз; 2. бұрынғы (ежелгі) өткен шақ; -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшенің жіктеліп келуінен жасалады. Мысалы: мен бар+ып+пын, (сен) кел+іп+сің, (ол) оқы+п еді.

Ауыспалы өткен шақ: есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында қолданылады. Қазір, бүгін, ертең, келесі күні үстеулері арқылы айтылса, онда етістік келер шақта болады. Мысалы: Мен бұрын хат жаз+атын+мын (өткен шақ). Ол қалаға ертең бар+атын еді (келер шақ).

20-тапсырма. Берілген сөз және сөз тіркестерін пайдаланып, етістіктің өткен шақ формасында сөйлемдер құрастырыңыздар.

Тарихи жағдайлар, күрт төмендеу, қасірет, халықтың денсаулығы, химия өнеркәсібі, қазақтың арыстары, еңбектерін жариялау, тыйым салу, ұлт саясаты, бұрмалаушылық, ұлттық сана.

21-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, сөйлемдерді аяқтаңыздар.

1954 жылдан бастап Қазақстанда ..........................................................................................

Қазақ тіліндегі мектептер саны ..............................................................................................

Ол атаулар санамызда бекіп, ..................................................................................................

1956 жылы Қазақтың үш арысы .............................................................................................

ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында ...........................................................................................

Алайда, бұл шаралардың ........................................................................................................

80-жылдардың ортасында .......................................................................................................

22-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті өткен шақтың (жедел, бұрынғы, ауыспалы) жұрнақтарын қойып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстан (жалғасы). 1970-80 жылдары Қазақстан ғылым саласында біраз табыстарға қол жеткіз... . Республика ҒА-ның бірсыпыра ғылыми-зерттеулерін дүние жүзі таны... . Осы жылдары «Қазақ ССР тарихы», «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», «Қазақстанның металлогениясы», т.б. іргелі зерттеулер жарық көр... . Әл-Фарабидің, Ш.Уалихановтың, Ы.Алтынсариннің мұраларының зерттеліп шығарылуы қоғамдық ғылымдағы елеулі оқиға бол... . Алайда, Қазақстан ғылымының табыстарымен бірге оның қайшылықтары мен шешілмеген ірі проблемалары да бол... . Машина жасау, радиоэлектроника, радиотехника, автоматика сияқты ғылыми-техникалық прогерстің аса маңызды салалары бойынша ғылыми кадрларды даярлау және ғылыми мекемелерді ұйымдастыру кенже қалып кел... . Сөйтіп, экономикадағы тежеу мен тоқырау құбылыстары қоғам өмірінің мәдени салаларына да, ғылымның дамуына да салқынын тигізбей қойма... .

Етістіктің келер шағы

(Будущее время глагола)

Келер шақ қимылдың сөйлеушінің хабарлаған кезінен кейін болатынын білдіреді. М.: Сәуле ертең келеді, әнші өлең айтады, биші би билейді т.б.

Келер шақтың 3 түрі бар:

1. Ауыспалы келер шақ (переходное будущее время). Ауыспалы келер шақ: а) -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. М: ертең кел+е+мін, кешке кет+е+сің, бүгін қайт+а+мыз, тойда жырла+й+мыз. ә) -атын, -етін, -йтын, -йтін. М.: бар+атын (екен), кел+етін сияқты, қайт+атын көрінеді.

2. Болжалды келер шақ (будущее предположительное время). Қосымшалары: -ар, -ер, -р, -с. М: бар+ар, кет+ер, сана+р, санама+с, білме+с т.б. Мен кел+ер+мін.

3. Мақсатты келер шақ (будущее время намерения). Қосымшалары: -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек. М: қайт+пақ+пын, жаз+бақ+пыз, кел+мек+сіз т.б.

23-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, өткен шақтың түрлерін анықтаңыздар.

Мой друг когда-то жил в Ташкенте. Оказывается, она говорила правду. Она когда-то, давно училась в университете. Оказывается, когда-то я его видела. Я когда-то писала стихи. Ты, оказывается, родилась в Оренбурге. Я был в Таллине. Оказывается, Сакен сидел в читальном зале. Они когда-то катались на коньках. Дети, оказывается, написали письмо учителю. Сания поступила в университет, а ты?

24-тапсырма. Сөйлемдердегі өткен шақта тұрған етістіктердің астын сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты, төрт түлік малы сай болыпты. Басқалары тұра келді де, алып Семен шалқасынан түскен бойы қозғалған жоқ. Мына біреуін бір адам жазған екен. Кешегі алай-дүлей дауылдан ешқандай белгі қалмаған (Ш.Айтматов). Төреқұлдың әңгімесін жиналғандар ақырына дейін селт етпей ұйып тыңдапты (Қ.Жұмаділов). Оған әрекеттің қауіпті екенін әрбір жауынгердің өзі де сезген (Р.Қошқ-в). Түн көрпесін жамылған кең жазық даланың бәрін де сәуле басқан (М.Иманжанов). Қолға түскен батырларымызды байлап алып кетіпті (Қазақ ертегілерінен). Мен қасқыр дегенді күндіз де көрген емеспін, түнде де көрген емеспін (Ғ.Мүсірепов).

25-тапсырма. Келер шақта тұрған етістіктердің астын сызып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Кейбіреулердің бар өнері, мақсаты – киімін түземек (Абай). Ертеңгі күні он шақты кісі жолдас ертіп, Абай Қарамолдаға аттанбақ (М.Әуезов). Біз ғылымды сатып, мал іздемек емеспіз (Абай). Сейіттің өлі-тірісін білмек емес. Ортақ қордан Шымболат колхозға кең клуб салдыратын сияқты (С.Мұқанов). Ол Қара адырдан 5-6 шақырымдай ұзап шығатын көрінеді (М.Әуезов). Келін деп кем көрмей, тең адамша сырласпақшы (З.Ахметвоа). Үйге тез оралды. Жақсы ма, жаман ба тарих бәрібір өлмек емес (І.Есенб.). Екі тумақ жоқ болса, екі өлмек те жоқ (М.Әуезов).

26-тапсырма. Сөйлемдердегі өткен шақта тұрған етістіктерді болжалды келер шаққа айналдырыңыздар.

Ашу деген ағын су, алдын ашсаң ақырады. Ақыл деген дария, алдын тоссаң, арқырайды. Көп шаңды құлан көтереді, боранды тұман көтереді. Ордаңды талқан қылып шабамын (М.Ө.). Кешке жақын дүкенге барамыз. Кешке шамамен сағат төрттерде футбол ойнаймыз. Біз мейрамханада кездесу өткіземіз. Лекция сағат екілерде аяқталады. Университетке ертең барамын.

27-тапсырма. Етістіктің шақ категориясының түрлерін ажыратып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Күндіз де, түнде де жол жүруге болмайтын көрінеді. Татарлар не өлтіретін, не аяқ-қолын байлап тауға алып кететін. Оның тіп-тік найза шыңдары, биік құздары бұрынғысынша көкке қол созады. Енді мынау жұлдызынан көз жазбақ емес, айырылмақ емес. Дәмежан жоқшылық, мұқтаждық күйін де жасырмақ емес (М.Әуезов). Емен ағаштың саясында қазақтың ардақты кісілерінің бірсыпырасы отырып, түнеп, түстенетін еді. Өзі мақтануды сүймейтін. Жер төңкеріліп жатса да, бөтен сөз аузынан шықпайтын. Маңына жолатқысы келмей, әдейі зілді етіп айтты (Ғ.Мүсірепов).

28-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, тәрбиелік мәніне назар аударыңыздар. Болжалды келер шақ жасап тұрған жұрнақтардың астын сызыңыздар.

Бал тамған тілден, Айран ішкен құтылар,

У да тамар. Шелек жалаған тұтылар.

******

Аңдамай сөйлеген, Есі бар жігіт елін табар,

Ауырмай өледі. Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.

******

Жалғыздың үні шықпас, Сумен ойнама, батарсың,

Жаяудың шаңы шықпас. Отпен ойнама, жанарсың.

******

Төле би: «Бұзылған елдің ішіне сормаңдай би кез болар», - деген менің әруағым риза болсын десеңдер, татулықтарыңды бұзбаңдар, - деп кеткен екен. Абылай елді елге қосар, бірақ басқаларының шылбыры оның қолына түсер ме екен? Әбілқайыр түлкі сипатты кісі еді, қайтып ол Кіші жүзді қоспас, оның ұрпағы да әке жолын қуар.

29-тапсырма. Нақыл сөздердің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар. Мақсатты келер шақ жасап тұрған жұрнақтардың астын сызыңыздар.

Мақсатым – тіл ұстартып, өнер таппақ,

Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ.

Өзіне сенбе, жас ойшыл,

Тіл өнері дертпен тең.

Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

(Абай)

30-тапсырма. Төмендегі тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастырыңыздар. Пікірталас барысында етістіктің шақ категориясына назар аударыңыздар.

  1. Тіл уақыт өткен сайын жаңарады, оған жаңалықтар еніп отырады.

  2. Әлемдегі ең кең жайылған тіл – сөзге ең бай тіл.

1-апта. 3-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Етістіктің осы шақ категориясы. Қазақ тіліндегі модаль сөздер.

31-тапсырма. Мәтінмен танысып, мемлекеттік тілді қандай дәрежеде білетіндіктеріңізді, оның дамуына қосатын үлестеріңізді өз тараптарыңыздан толықтырып, мазмұндаңыздар.