Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Қалау рай (Желательное наклонение)

Қалау рай выражает желание, намерение говорящего. Желательное наклонение образуется путем прибавления к корню или к основе глагола суффиксов -ғы, -гі, -қы, -кі, затем следует притяжательное окончание и вспомогательный глагол кел в ІІІ лице для трех времен (настоящего, прошедшего, будущего).

Мысалы:

Етістік

Қалау рай жасайтын жұрнақтар

Тәуелдік жалғауы

Көмекші етістік

Осы, өткен, келер шақта

жаз

-ғы, -гі, -қы, -кі

кел

-іп тұр (осы шақ)

-ді (өткен шақ)

-еді (келер шақ)

Менің жаз-ғы-м кел-іп тұр (осы шақ).

Менің жаз-ғы-м кел-ді (өткен шақ).

Менің жаз-ғы-м кел-еді (келер шақ).

Менің киноға бар-ғы-м кел-іп тұр. Мне хочется пойти в кино (осы шақ).

Менің киноға бар-ғы-м кел-ді. Мне хотелось пойти в кино (өткен шақ).

Менің киноға бар-ғы-м кел-еді. Мне захочется пойти в кино (келер шақ).

102-тапсырма. Қалау райда тұрған етістіктердің шақ категориясын ажыратыңыздар.

Қазыбек би, Төле би, Әйтеке билермен бірге қазақ рулары мен тайпаларын Тәуке ханның қол астына топтастырып, қырғыз елдерімен одақ жасап, қазақ хандығының беделін көтергісі келді. Анасы айтқан тәрбиелік мәні жоғары сөздерді кішкентай күнінен жаттап өскен ол – ер жете келе өзі де солай сөйлегісі келеді. Мұқанның ауыл сыртына шығып, серуендегісі келіп тұр. Ахметтің сыбызғыда ойнағысы келеді. Жастардың бүгінгі кеште ән айтып, домбыра тартқысы келді. Ауыл жастарының тойдан кейін алтыбақан тепкілері келеді.

103-тапсырма. Қазыбек бидің қазақ халқы туралы қалмақ ханына айтқан шешендік сөздерінің мән-мағынасын түсініп, түсінгендеріңізді өз сөздеріңізбен айтып беріңіздер. Сөйлемдерден бес етістікті теріп жазып, оларды қалау рай формасында өткен, осы, келер шақтарда жіктеңіздер.

1. Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. 2. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпанды басындырмаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. 3. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. 4. Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. 5. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. 6. Сен қалмақ болсаң, біз қазақпыз, қарпысқалы келгенбіз. Сен темір болсаң, біз көмірміз, еріткелі келгенбіз. Қазақ-қалмақ баласы табысқалы келгенбіз. 7. Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға келмесең, шабысқалы келгенбіз. 8. Сен қабылан болсаң, мен арыстан, алысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз. 9. Берсең, жөндеп бітіміңді айт, бермесең дірілдемей жөніңді айт, не тұратын жеріңді айт!-депті.

104-тапсырма. Сөйлемдерден қалау райда тұрған етістіктерді тауып, астын сызып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Төле би кезінде оқыған, сауатты, халқының ақындық, шешендік өнерінен тәлім- тәрбие алғысы келеді. 1749 жылы Орынбор губернаторы И.И.Неплюевке өзінің жиені Айтбай бастаған елшілерді жіберіп, Ресейге қосылу ниетін білдіргісі келді. Төле би жоңғар билеушілерінің арасындағы тақ таласын қолдап, ежелгі жаудың іштей әлсіреуіне ықпал жасағысы келеді. 1740 жылғы башқұрттар көтерілісінің басшысы Қарасақалдың Қабанбай батырға бармас бұрын, Қазыбек биге келіп паналағысы келді.

105-тапсырма. Көп нүктенің орнына қалау райдың жұрнақтарын қосып жазыңыздар.

Сол қиын күндерде Қазыбек би, Әйтеке би, Төле билермен бірге отырып, елді, жерді қорғауға белсене аралас...сы келеді. Барлық шығыс халықтары наурыз мейрамын жақсы көңіл-күймен қарсы ал...лары келеді. Халықты бірлікте ұстау үшін, үш жүздің өзінен шыққан үш биге билету арқылы басқар...сы келді. Ол елшілік қызметті мінсіз атқар...сы келген тұңғыш дипломат. Қазыбек оқ атпай-ақ ақылмен жол тауып, ел бірлігінің елшісі бол...сы келді.

106-тапсырма. Төмендегі етістіктерге бұйрық райдың жұрнақтарын қосып жазыңыздар

Ү л г і : Сөйлеу – сөйле+йін; сөйле; сөйле+ңіз; сөйле+сін; сөйле+йік; сөйле+ңдер; сөйле+ңіздер; сөйле+сін.

Зерттеу, жүргізу, қолдану, есептеу, толықтыру, пайдалану, барлау, күресу, бақылау, қорыту, бағалау.