Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Кіші жүз әскерінің

қолбасшысы Әбілқайыр хан (1693-1748)

Әбілқайыр хан – қазақтың Кіші жүзінің ханы, Шыңғыс ханның он бесінші ұрпағы.

1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды.

XVIII ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болған шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста ерекшелік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, екі жағы тең емес шайқаста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аягөзде Әбілқайыр мен Қайып ханның 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді.

Әбілқайыр өзінің күші, айласы, ақылдылығы, бірбеткейлігі, батырлығы, шабуылды ұйымдастыра білушілігімен даңқы шығып, хандыққа қол жеткізді. Ол жас кезінен батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды.

1726 жылы қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі күшейген кезде, үш жүздің қазақтары бас қосқан Ордабасында болған құрылтайда, билер мен батырлар бірауыздан оны қазақ жастарының, қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ол сол жолы Аңырқай шайқасында үлкен жеңіске жетті.

Әскербасы Әбілқайыр халық жастары үшін қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді.

Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда олар экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді.

Әбілқайыр 1748 жылы 1 тамызда өзінің ата жауы Барақ сұлтанның қолынан қаза табады. Әбілқайырдың жүргізген саясаты қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы жолында маңызды рөл атқарды.

Сөздік:

қолбасшы – командующий; полководец

шабуыл – атака; набег; наступление; нападение

күйзелу – испытывать тяжелое состояние; переживать кризис; разруха; страдать

сұрапыл – лютый; свирепый; суровый

дарынды – гений; талант; способный; одаренный; талантливый

бірбеткей – принципиальный; ультимативный; односторонний

батыр – богатырь; герой; отважный

азаттық – независимость; освобождение; свобода

66-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Әбілқайыр кім? 2. XVIII ғасырдағы халықтың жағдайы қандай болды? 3. Әбілқайырдың ерліктері туралы не білесіздер? 4. Оның әскері кімдерге қарсы шайқас жүргізді? 5. Ол өзінің қандай қасиеттері арқылы хандыққа қол жеткізді? 6. Қай кезде, кімдер, неге байланысты Әбілқайырды қолбасшы етіп сайлады? 7. Ол жастар үшін қандай істер істеді? 8. Сұрапыл шайқастар қай жерлерде болды? Әбілқайыр кімнің қолынан қаза тапты? Оның саясаты не жолында маңызды рөл атқарды?

67-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіндегі жіктік жалғаулы сөздердің астын сызып, жіктік жалғауларының сөйлемдегі қызметін түсіндіріңіздер.