Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Тарих беттерінен: Әшір Бүркітбаев – тұңғыш ректор. ҚазҰту ректорлары. Ә.Ермеков – халықтың қалаулы ұлы

1934 жылы 19 қыркүйекте негізі қаланған Қазақ тау-кен металлургия институтының тұңғыш директоры – Ә.Ж.Бүркітбаев алғашқы еңбек жолын қарапайым токарлықтан бастаған. Орал-Қазақстан өнеркәсіп академиясын үздік бітірген білікті маман. Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Қазақ өлкелік партия комитеті бюросының мүшесі, ҚазОАК мүшесі болған.

Бүркітбаев Әшір Жанәліұлы Қазақстан тарихындағы бірінші инженерлік-техникалық институттың негізін қалаған танымал ғалым-педагог болды. Ә.Бүркітбаев институттың қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты.

Бірінші оқу жылының басында институтта 145 студент болды, бірақ 1934 жылдың қазан-қараша айларында институттың бірінші курсына жаңадан қабылдау жасалды.

Ә.Бүркітбаев 1938 жылы «Халық жауы» деп айыпталып, тұтқынға алынып, ату жазасына бұйырылды, кейіннен 1958 жылы ақталды.

Базарбаев Серікбай Базарбайұлы 1937 жылдың қазан айында институт директорлығына (1937-1939) сайланды. Мәскеудің М.И.Калинин атындағы түсті металдар мен алтын институтының түлегі.

Коктов Андрей Иванович 1939 жылдың қаңтар айында институт директоры қызметіне (1939-1942) сайланды, Мәскеу кен институтының түлегі. А.Коктов Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінде басқа да оқытушылармен, сондай-ақ 200 студенттермен бірге Отан қорғаушылар қатарында болды. Институт директоры А.И.Коктов, институттың партия ұйымының хатшысы Мұса Құрманғалиев және тағы басқалар майданнан оралмады.

Брук Израиль Яковлевич 1942 жылы институт директоры болып (1942-1946) сайланды. Жоғары мектептің ұйымдастырушысы, Иркутск кен-металлургия институтының бұрынғы директоры, Ленинград институтының түлегі.

Гришин Михайл Карпович 1946 жылы институтты басқаруға (1946-1952) тағайындалды. Мәскеудің М.И.Калинин атындағы түсті металдар және алтын институтының түлегі, өндірісте бірнеше жыл жұмыс істеген, соңғы жылдары Шымкент кен ісі техникумының директоры қызметін атқарған.

Байқоңыров Өмірхан Аймағамбетұлы 1952 жылы ҚазТКМИ директоры қызметіне (1952-1962) тағайындалды. ҚазТКМИ түлегі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, ол кезде техника ғылымдарының кандидаты болған.

Есіркегенов Ғабдіслям Мұхамадиұлы 1962 жылы Қазақ политехникалық институтының ректоры (1962-1968) болып сайланды. Ол Қазақ кен-металлургия институтының 1953 жылғы түлегі.

Омаров Әшім Құрамбайұлы 1968 жылы институт ректоры болып (1968-1976) тағайындалды. Мәскеу болат және құймалар институтының түлегі, жоғары оқу орнындағы қызмет тәжірибесі көп, ғылыми жұмыстар бойынша проректор болып істеген, өндірістік тәжірибесі мол.

Әшімов Әбдіғаппар Әшімұлы 1976 жылы Қазақ политехникалық институтының ректоры болып (1976-1985) тағайындалды. ҚазПТИ-дың 1960 жылғы түлегі, аса ірі ғалым, әрі педагог.

Рақышев Баян Рақышұлы 1985 жылы ҚазПТИ ректоры болып (1985-1992) тағайындалды. ҚазПТИ-дің 1957 жылғы түлегі.

Шайхұтдинов Еренғайып Мәлікұлы 1992 жылы ҚазПТИ ректоры болып (1992-1999) тағайындалды. ҚазПТИ проректоры қызметін атқарған профессор.

Нүсіпов Ерғали Нүсіпұлы 2000 жылы 21 қаңтарда Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ректоры болып (2000-2001) тағайындалды. ҚазПТИ-дің түлегі, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, профессор.

Сүлеев Досым Қасымұлы 2001 12 шілдеде Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ректоры болып (2001-2008) тағайындалды. ҚазПТИ-дің түлегі, ҚР ҰҒА-ның академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор.

Әділов Жексенбек Мәкейұлы 2008 жылы сәуірде Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ректоры болып тағайындалды. ҚР ҰҒА-ның құрметті академигі, Халықаралық инженерлік академияның академигі, ғылым докторы, ҚазПТИ түлегі.

Сөздік:

өлкелік – краевой; территориальный

құйма – литье; сплав; отливка

құйма болат – литая сталь

392-тапсырма. Мәтіннен алынған сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Жоғары оқу орны, ғылыми жұмыстар, қызмет тәжірибесі, тағайындалу, білікті маман, танымал ғалым, қалыптасу, даму, ұйымдастырушы.

393-тапсырма. Сөйлемдерден еліктеу сөздерді табыңыздар.

Асқар беті шып-шып терлеп, геодезиялық өлшеулер жүргізіп жатты. Жер бетіндегі нүктелердің арақашықтықтарын анықтау оңай еместігін түсінген Әсет бұлқан-талқан ренжіді. Атмосфералық қысымның қатты әсер еткені соншалық, Марат қалт-құлт етіп аяғын шақ басып келе жатты. Далалық өлшеулер кезінде қалт жіберіп алсаң, өлшем мөлшерлері дұрыс шықпай қалуы мүмкін. Алыстан көрінген ыңғайсыз сұлбаны көріп, Айжан селк ете қалды. Жүрегім зу ете қалды.

394-тапсырма. Төмендегі еліктеу сөздердің дыбыстық еліктеуіш сөздерін бір бөлек, бейнелеуіш сөздерін екінші топқа бөліп жазыңыздар.

Жарқ, баж, даң-дұң, күмп, қыр-қырш, шіңк-шіңк, бұрқ-сарқ, сатыр-күтір, дүңк, арс, тарс-тарс, жалт-жұлт, сықыр-сықыр, қалш-қалш, далаң-далаң жүгірді, жарқ-жұрқ етті, бүгжең-бүгжең жүрді, қызараң-қызараң етті, дүрс-дүрс етті.

Сөздік:

жылт-жылт – миг-миг шолп – бух-бултых

дүрс-дүрс – тук-тук маң-маң басып – не торопясь

лап-лап етіп сөнді – миг-миг и погасла