Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Ортақ, ырықсыз етіс категориялары

Ортақ етіс (взаимно-совместный залог). Негізгі етістен -ыс, -іс, -с жұрнағы арқылы жасалып, қимылдың бірнеше субъектіге ортақ екенін білдіретін етістің түрі ортақ етіс деп аталады: айт+ыс, кел+іс, жақта+с.

Ырықсыз етіс (страдательный залог). Негізгі етістен -ыл, -іл, -л, кейде түбір л дыбысына аяқталса, онда -ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы жасалып, қимылдың жасаушысы белгісіз болып, қимыл өзінен-өзі жасалғандай болып көрінуін білдіретін етістің түрі ырықсыз етіс деп аталады: орындық қой+ыл+ды, су құй+ыл+ды, киім іл+ін+ді.

298-тапсырма. Ортақ, ырықсыз етіс категорияларының емлесін қайталап, жасалу жодарын еске түсіріңіздер.

299-тапсырма. Сөздерді мағынасына қарай іріктеп, ортақ және ырықсыз етісті сөз тіркестерін жасап, оларды көрсетілген бос жолдарға жазыңыздар.

1. күш

2. жастардан

3. әлемде

4. мәңгі

5. қатарына

6. батасын

7. кең

8. қаһарманға

9. қала

10. хат

а) құралады

ә) сақталады

б) жатқызылады

в) берісіпті

г) таралған

ғ) мойындалған

д) салынды

е) телінді

ж) жазысты

з) сынасқан

1....................................................................

2....................................................................

3....................................................................

4....................................................................

5....................................................................

6....................................................................

7....................................................................

8....................................................................

9....................................................................

10....................................................................

300-тапсырма. Берілген етістерді жіктеңіздер.

Ү л г і: Сыз+ыс+у: Мен сызыстым, сен сызыстың, сіз сызыстыңыз, ол сызысты. Біз сызыстық, сендер сызыстыңдар, сіздер сызыстыңыздар, олар сызысты.

Жазылу, келісу, киіну, мақтану, ойлану, алысу, қабылдасу, есептесу, жинасу.

301-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, ырықсыз етістің (страдательный залог) жұрнақтарын тауып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Гости приглашены. Письмо отправлено. Белье постирано и выглажено. Квартира убрана. Талгат записался в кружок иностранных языков. Люди собрались на собрание. Дома и деревья покрылись белым снегом. Мы поднялись с первого этажа на второй на эскалаторе. Урок окончен. Я выздоровила. Было выпито много чая. Много книг было прочитано.

302-тапсырма. Етістіктерге ортақ етістің жұрнақтарын қосып жазып, олармен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

Ү л г і: Пісіру; пісір+іс+ті; Асты пісір+іс+ті.

Жабу, ішу, ашу, кесу, алу, әкелу, жуу, үтіктеу, беру, шақыру, жазу, көтеру, жақтасу, ойлау.

303-тапсырма. Сөйлемдердегі етістердің астын сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар. .

Тәуелсіздік жарияланған аз уақыттың ішінде елдің іргесін бекітетін біршама игілікті істер атқарылды. Елімізде өз Қарулы күштеріміз құрылды. Әскер – ел қорғаны екенін өз Қарулы күшің бар кезде еркін сезінесің. Қандай қиын заман болса да елін жаудан қорғап, халқына пана болған батырларымыз осы әскердің құрамында қарсыласымен күш сынасқан. Қазіргі әскерлеріміздің 80 пайызға жуығы қазақ жастарынан құралады. Әлемде мойындалған бір шындықтың бар екені белгілі. Қазақстанның әрбір азаматы Отан үшін отқа түсе білсе, ел тыныштығы мәңгі сақталады.

304-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.