Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

«Тәуелсіздік», «Қазақ елі» монументтері, «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші

* * * * *

« Т ә у е л с і з д і к » м о н у м е н т і

Авторлары: Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты – Шота Уәлиханов; мүсіншілер – Нұрлан Далбаев, Әділет Жұмабаев; сәулетшілері – Қазбек Жарылғапов, Қ.Монтақаев және т.б.

1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуы құрметіне, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің 10 жылдығына орай, осы бақытты бостандық үшін жан аямастан күрескен ата-бабаларымызға арнап «Тәуелсіздік» монументі ашылды.

Ескерткіштің ашылуына Н.Назарбаев пен Түркия Президенті С. Димерель қатысты. Қазақтың қолданбалы өнерінен туындаған монументтің негізгі орталық композициясы ұлттық өрнекпен көмкерілген, текшелі діңгек тастан (стелла) құралған, биіктігі 28 метр. Діңгектің ұшар басы көк аспанға қарай биіктеген, ортасындағы дөңгелектің басы жұмырланып мүсінделген, оған Қазақстанның Елтаңбасы ойылып түсірілген. Оның үстіңгі жағындағы қоладан құйылған қанатты барыстың үстінде тұрған сарбаздың оң қолында қыран құсы, сол қолында садағы, белінде қанжары мен асынып алған сауыты бар. Алтынға малынған жебелері бар жас сарбаздың айбарлы, сұсты тұлғасы «Тәуелсіздік» монументінің беріктігін, мықтылығын аңғартады. Бұл сарбаздың бейнесі б.д.д. IV-VII ғасырдан қалған Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» түрінде салынған. Сарбаздың болмысы 6 метрлік, 4 тонналық қоладан құйылып, алтынмен әдіптелген монументтің екі жағында қазақ халқының тарихи өмір белестерінен мағлұмат беретін архитектуралық-мүсіндемелік бейнелер, сонау сақтар дәуірінен тәуелсіздікке дейінгі тарихи кезеңдерді қамтиды. Яғни Томирис заманынан бастап әл-Фараби, Қазақ хандығының құрылуы, Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама, жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес, ұлт-азаттық қозғалыстары, екінші дүниежүзілік соғыс, Желтоқсан көтерілісі, Тәуелсіздіктің жариялануы туралы көрініс-суреттер тиімді орналастырылып, көркемдік жарасымын тапқан.

Ортадағы діңгектің жанына қойылған тас белгілерде Әнұран мен Ата Заңнан үзінділер, Ұлыбритания, Ресей, Қытай сияқты мемлекеттердің шекарамызға, тәуелсіздігімізге қол сұғуға болмайтындығына берген кепілдіктері, Н.Назарбаевтың Тәуелсіздік жөнінде айтқан аталы сөздері қазақ-орыс тілдерінде ойып жазылған.

«Тәуелсіздік» монументі ХХ ғасырдың аяғындағы ұлттық сәулет өнері тарихында өз орны бар мүсіндік және сәулетшілік шығармашылықтан туған озық архитектуралық жәдігерлердің біріне айналды.

Сөздік:

қола – бронза садақ – лук

қанжар – кинжал жебе – стрела

көмкеру – обшивать края; окаймлять жәдігер – наследие; память; реликвия

діңгек – колонна; стойка; столб; ствол; мачта

текшелеу – складывать пачками; сложить рядами; слоями

қыран – беркут; орел; сокол; ловкий; хваткий; зоркий

сауыт – бронь, кольчуга; щит; урна; посуда; сосуд

423-тапсырма. Мәтінге сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырып, оны рөлге бөліп оқыңыздар.

Ү л г і:

– Еуропада мұндай үлкен оқиғаларға байланысты монументтер қандай түрде

тұрғызылған?

  • Көне ғимараттарға бай Еуропада үлкен оқиғаларға байланысты көтерілген мұндай белгілердің көпшілігі тіреуіш-колонна түрінде келеді екен.

  • Бұл айтылғанға қандай мысал келтіре аласыздар?

  • Мысалы, Римдегі император Троянға, Париждегі Вандам алаңындағы Напалеонға, Лондондағы Трафальдар алаңындағы Нельсонға арналып тұрғызылған ескерткіштер осы әдіспен салынған.

424-тапсырма. Сөйлемдерден мекен үстеулерін тауып, оларды тіркескен етістіктерімен бірге көшіріңіздер.

Сенің бері келуіңе мен себепкер болсам, менің бірден қайтуыма көлік себепкер болған. Ертай – алда, біз арттамыз. Жоғары-төмен үйрек, қаз ұшып тұрса, сымпылдап. Алды-артына кетеді, қосылмайды бастары. Атқа мініп алып, Бақтығұл тұрған сайды жоғары өрлей шапты. Бақтығұл болыстың құлағанын көріп қалып, енді шапшаң төмен қарай түсті. Кібіртіктеген қонақтар ілгері қарай аттай алмай, босаға жаққа жалп-жалп отыра кетті. Шырақтарым, тұс-тұстан келсеңдер де, туғаным болып қалып едіңдер. Біз ілгері аттаған сайын, жел желіге түседі, көкіректен артқа қарай итере түседі. Желге ерегескендей, біз де алға қарай ұмтыламыз.

425-тапсырма. Мекен үстеулерін қатыстырып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Мұнда, ішкері, жоғары, артқа, тысқары, сыртта, бері, төмен, ілгері, тұс-тұсында, сонда, алға.