Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Пысықтауыш (Обстоятельство)

Ереже

Сұрақтары

Мысалдары

Сөйлемде

іс-қимылдың түрлі белгісін, мекенін, мезгілін, амалын, себебін, мақсатын білдіретін мүше.

қайдан? қайда? қалай қарай? қашан? қашаннан бері? қалай? қалайша? қайтіп? неліктен? не үшін? неге? не мақсатпен? қаншалықты? қанша?

Ол қалада тұрады.

Ертеңапам келеді.

Олар бірталай жүрді.

Пысықтауыштың түрлері. Пысықтауыштар білдіретін мағыналарына қарай бес түрге бөлінеді: 1. Мезгіл пысықтауыш. 2. Мекен пысықтауыш. 3. Сын-қимыл пысықтауыш. 4. Себеп пысықтауыш. 5. Мақсат пысықтауыш.

Мезгіл пысықтауыштың сұраулары: Қашан? қай кезде? қай уақытта? қашаннан бері? қашанға дейін? т.б.

Мекен пысықтауыштың сұраулары: Қайда? қай жерде? қайдан? қалай қарай? қай жерге дейін? т.б.

Қимыл-сын пысқтауыштың сұраулары: Қалай? қайтып? қалайша? кім арқылы? не арқылы? қанша? қанша рет? неше? неше рет? т.б.

Себеп пысықтауыштың сұраулары: Неліктен? неге? не себепті?

Мақсат пысықтауыштың сұраулары: Кім үшін? не үшін? неге? қандай (нендей?) мақсатпен?

185-тапсырма. Әр бағанадағы сөздерді орын тәртібі бойынша тиісті орындарына қойып, мағыналарының дұрыс сақталуына назар аударып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

1.

тұрды

қолында

біраз уақыт

Бабырдың

Мұхаммед Хайдар

2.

сарайдағы

басқарады

қызметін

содан кейін

рұқсатымен Бабырдың

3.

баласы

тәрбиешісі болады

ханның мұрагер

Әбу ар-Рашид

сұлтанның

4.

қашады

сезген

Мұхаммед Хайдар

қауіпті

Үндістанға

5.

тұрады

уақыт

билеп

біраз

Кашмирді

186-тапсырма. Сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар. Сөйлемдерден пысықтауыштарды табыңыздар.

Мырза Хайдар, хан сайлау, ханзадалар әулеті, Монғолстан мемлекеті, ғылым мен көркемөнер, аса қабілетті, жетік білетін, сарай қызметін, жан-жақты білімді, орта ғасыр, дулат тайпасы.

187-тапсырма. Көп нүктелердің орнына тиісті пысықтауыштарды қосып жазыңыздар. Оларға сұрақтар қойыңыздар.

Ү л г і: Биыл ( қашан?) Абайдың жасы он үшке толған еді (мезгіл пысықтауыш).

............... ................ осылай жүруге бел байлаған. Оқтын-оқтын ................ соққан жел лебімен әлсіз шам ................. ұйытқиды. Сонымен .................. томсарып отырып барып,

................ қыбырласқанда, Құнанбай ойдағы сөзін бастады. Абай, бері кел, ................. кел.

................ ................ екі күндік жолда үлкендер ................. жүрмей, баланың шыдамын ................тауысқандай. Осы ................. бурыл ат есік пен төрдей ................. түсе берген. Дәл Есембай биігінің ................. . Аяғында, ауылдан ................. ұзап шықты. Көксерек өзгелерді жіберіп, өзі бір күшік қасқырмен бөліне, ................ қарай тартты. Түйе енді ................. жүре бастады.

Сөйлемдерді толықтыруға керекті пысықтауыштар: күні бойы, іргеден, кейде, біраз, қайта, мұнда, бұдан бұрынғы, жылдам, әбден, өрде, алға, тұсында, әбден, оң жақ бүйірге, ақырын.

188-тапсырма. Сөйлемдердегі пысықтауыштардың астын сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Биыл Құнанбайдың өз ауылдары да күземді ерте алды. Ертең қыстауға көшеміз де, қыс бойы інге кіргендей жатып аламыз. Кезеңге шығып алып, Бақтығұл сайды жоғары өрлей шапты. Болыстың құлағанын көріп қалып, енді шапшаң түсе бастады (М.Әуезов). Жоғары-төмен үйрек, қаз ұшып тұрса сымпылдап (Абай). Жігіттерді ерте жатқызып, ерте оятатын отағасы –Есламқұл – Томаршаның немере ағасы (Ғ.Мүсірепов). Қаншама қысып сұраса да, ұйымдастырушыларды таба алмады (Х.Есенжанов). Шырақтарым, тұс-тұстан келсеңдер де, туғанымдай болып қалып едіңдер.

189-тапсырма. Төмендегі үстеулерге қарсы мәнді үстеулерді тауып, көрсетілген жолдарға толтырыңыздар.

Ү л г і: Жоғары-төмен.

Ілгері

Бұрын

Әрі

Мұнда

Ерте

Ішке

1.....................................

2.....................................

3.....................................

4.....................................

5.....................................

6.....................................

Алға

Ертеңгісін

Астыртын

Сыртқары

Жаздыгүні

Биыл

1.....................................

2.....................................

3.....................................

4.....................................

5.....................................

6.....................................

190-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына назар аударыңыздар. Халқы, оның тәуелсіздігі үшін басын бәйгеге тіккен батырлардың ерлік өнегесін үлгі тұтыңыздар. Сөйлем мүшелерінің астын сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

«Ер Тарғын» жыры – өзінің идеялық-көркемдік сипаты жағынан қазақ батырлар жырының ішіндегі таңдаулы шығармалардың бірі. Жырда ерлік, елдік, жақсылық пен жамандық, кіршіксіз адал махаббат секілді өзекті мәселелер көтерілген. Басқа батырлар жыры сияқты, «Ер Тарғын» жырының негізінде де тарихи оқиғалардың ізі жатыр. Халқымыздың басынан кешкен тарихи-әлеуметтік оқиғалар, халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасы, рухани тіршілігі, арман-мұраты көрініс береді. Жырда халқы, оның тәуелсіздігі үшін басын бәйгеге тіккен, еліне қамқор, пана бола алған батырдың ерлік, адамгершілік бейнесі өрнектелген. Халық сонау баяғы заманда өткен адал перзентінің ерлік өнегесін келесі ұрпағына үлгі етіп қалдырған.

6-апта. 16 тәжірибелік сабақ

Грамматика: Толықтауыш. Тура және жанама толықтауыштар.

191-тапсырма. Қазақтың ұлы ағартушасы – Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолынан мәлімет алып, мәтінді мазмұндаңыздар.