Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Үй тапсырмасы

  1. Өтілген материалдарды зерделеу арқылы жұмыстың пайымды есебін дайындау.

  2. Санақ жүйесі туралы ұғымды оқып-үйрену.

  3. Екілік санақ жүйесін меңгеру.

  4. Ондық санақ жүйесінен екілік санақ жүйесіне және керісінше бүтін сандарды ауыстыру.

  5. Ондық бөлшек сандарды екілік санақ жүйесіне көшіру.

  6. Аралас бөлшек сандарды екілік санақ жүйесіне тасымалдау.

Бақылау сұрақтары

  1. Периодты және апериодты процестер.

  2. Импульстық процестің кешігуі.

  3. Импульстық процестердің спектрі.

  4. Екілік санақ жүйесіндегі сандармен орындалатын амалдар.

  5. Мағлұмат және мағлұматтың сандық өлшемі.

  6. Осциллографты импульстық процестің параметрлерін өлшеуге қолдану.

  7. Стендтегі конденсаторларды пайдаланып, олардан сыйымдылығы үлкен немесе төмен шамалы конденсатор құрастыру.

Әдебиеттер

  1. Мукашев К.М., Шадинова К.С., Основы электроники и схемотехники. –Алматы, 2008.

  2. Мукашев К.М. Основы цифровой электроники. Алматы, 2002

  3. Ямпольский В.С. Основы автоматики и ВТ. -М.: Мир. 1991.

  4. Калабеков Б.А. Цифровые устройства и микропроцессорные системы. - М.: Телеком. 2000.

4. Импульстық сигналдарды түрлендіру

Қажеттілігі: Кез-келген электр тізбегінде ұзақ әсерден кейін тұрақты немесе синусиодалы токтар жүре бастайды. Реактивті элементтерді қосу немесе ажырату кезінде орнықсыз процестер туындайды. Электр тізбектерінің бір күйден екінші күйге ауысуы кезінде пайда болатын электрмагниттік құбылыстар өткінші процестер деп аталады. Өткінші процестер күтпеген жағдайда, ток көзі ажырап немесе қайтадан қосылған кезде де туындайды. Мұндай құбылыстар техниканың жұмысына теріс әсерін де тигізуі мүмкін. Бірақ белгілі жағдайда өткінші процестер әдейі туғызылады, мысалы, электр импульстарын дифференциалдау немесе интегралдау барысында. Бұл тәсілдер автоматикалық, робототехникалық қондырғылар мен есептеу машиналарында жиі қолданыс табады.

Жұмыстың мақсаты: импульстық сигналдардың - тізбек арқылы өтуін зерттей отырып, әсер етуші процестерді дифференциалдау, интегралдау әдісімен және қажетті импульстық процесті өндіру жолымен танысу.

Студент білуі тиіс:

  1. Тұрақты ток көзінен конденсатордың зарядталу – разрядталу процесін;

  2. Конденсатордың импульстық кернеулерден зарядталу-разрядталуын;

  3. Математикалық функциялардан туынды алу амалдарын;

  4. Математикалық функциялардан интеграл алу амалдарын;

  5. Импульстық процестерді дифференциалдау әдісін;

  6. Импульстық процестерді интегралдау әдісін.

Студент меңгеруі тиіс:

  1. Дифференциалдаушы -тізбектің стендпен құрылу схемасын жинап, кірісі мен шығысынадғы сигналдардың параметрлерін өлшеуді;

  2. Дифференциалдаушы тізбекті интегралдаушы тізбекке ауыстыру арқылы оның кірісіндегі процеске әсерін зерттеуді;

  3. Импульстық сигналдарды өндіру және түрлендіру жолдары мен әдістерін;

  4. Тізбектің кірісі мен шығысындағы сигналдардың параметрлерін қатесіз анықтауды;

  5. Тізбекте өтіп жатқан құбылыстарды сауатты түрде талдай білуді;

  6. Тізбекті қайта құру, өзгерту нәтижесінің салдарын болжай білуді;

  7. Осындай процестердің басқа да тізбектермен де өтуінің нәтижесін болжай білуді;

  8. Қолданыстағы электр және радиоөлшеу құралдарын сауатты пайдалануды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]