Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать
  1. Студенттің жұмыс орыны

Қажеттілігі: Автоматтандыру ісі кеңінен орын алған өндірістерде адамның үлесіне тек біркелкі, жиі жолығатын, ойлауды қажет етпейтін қол жұмыстары қалады.

Сондай әрекеттер химия, фармация және кейбір өмірге зиянды, қауыпты өндірістерде әліде кезеседі. Мұндай технологиялық операциялар өндірістің өнімділігін төмендетіп, өнімнің сапасын құлдыратады. Бұл мәселені шешудің бірден – бір жолы өндірісті комплекстік түрде толық автоматтандыру. Және оған автоматикамен электрониканың жетістіктерін жетекшілікке ала отырып қол жеткізуге болады. Осындай күрделі де қиын мәселені шешу жан-жақты жетілген, техника мен ғылымның соңғы жетістіктерімен қаруланған жаңа буынды маман жастардың қолынан келеді. Сондай мамандарды дайындау тек теория жүзінде ғана емес, жақсы дайындалған эксперимент арқылы жүргізілуі тиіс, яғни электрониканы эксперимент арқылы ғана толыққанды меңгеруге болатындығына көз жеткізу. Сонда ғана жас маман әрбір құрылғының тізбектерінде өтетін процестерді көзбен көріп, қолмен ұстап, саналы түрде меңгере алады.

Ендеше, пәннің материалдық базасы сондай талаптарға лайық болып құрылуы қажет. Сол үшін студенттің жұмыс орыны оның эксперименталдық шеберлігін жетілдіруге арналған, баламасы жоқ зертханалық стендпен, электр және радио өлшеу құралдарымен, ток көздерімен, оқытудың жаңа әдістерімен қамтамасыздандырылады. Осы жұмыстың мақсаты да студенттің сол күрделі құрал-жабдықтарды, еркін және қатесіз меңгеруге мүмкіндік туғызу.

Студент білуі тиіс:

  1. Микроэлектрониканың негіздерін оқытуға арналған зертханалық стендтің құрылысы мен негізгі құрама бөліктерін;

  2. Радиоэлектрондық аппаратуралардың құрама компоненттерін;

  3. Радиокомпоненттердің шартты белгілері мен негізгі көрсеткіштерін;

  4. Радиотехникалық схемаларды стендпен құрастыру әдістерін;

  5. Радиоэлектроникалық құрылымдарды зерттеу тәсілін;

  6. Электрондық осциллогрофтың қызметі мен функционалдық мүмкіншіліктерін;

  7. Құрама электр өлшеу приборын пайдалануды.

Студент меңгеруі тиіс:

  1. Жұмыс орынындағы барлық құралдарды саналы пайдалануды;

  2. Радиоэлектрондық құрылымдардың жұмыс істеу принципін сипаттайтын схемаларды талдауды;

  3. Электроникалық құрылымды стендпен жинауды;

  4. Стендті сыртқы ток көзіне қосып қоректендіруді, ток көзінің режимдерін тексеруді;

  5. Электрондық құрылғылардың тізбектеріндегі физикалық процестерді зерттеп талдауды;

  6. Тізбектерде кездесетін ақауларды анықтап жөндеуді.

Жұмыстың қысқаша мазмұны Зертханалық стенд

Стендтің негізін екі беті мыс үлдірімен қапталған стеклотекстолиттен жасалған панел құрайды. Панелдің үстіңгі бетіне баспа монтажы бойынша әртүрлі функционалдық құрылымдар мен элементтер орналыстырылады (1-сурет). Функционалдық құрылымдар алдын – ала ойластырылған физикалық амалдарды орындау үшін қолданылады және басқа бір мақсатта қайта құруға келмейді. Дара элементтерден күрделілігі әртүрлі дәрежедегі радиотехникалық схемаларды құрастырып, аталмыш функционалдық құрылымдарды пайдалану арқылы олардың жұмысын басқаруға және бақылауға болады. Стендтің жоғары бөлігінде функционалдық құрылымдардың қатарындағы жарық шығарғыш диодтардың екі тобы (1), цифрлық мағлұматтарды бейнелеуші индикаторлар (2), логикалық «1» және логикалық «0» шамаларды өндіруші блоктар, әртүрлі жиілікте жұмыс істейтін генераторлар, бірлік вибраторлар және R-2R матрицасы орналасқан. Сонымен қатар, стендтің жоғарғы оң жақтағы бөлігінде құрамында тұрақты резисторлар мен конденсаторлар, түзеткіш және импульстық диодтар, төменгі және орта қуатты транзисторлар мен оптоэлектрондық жұп бар дара элементтер блогы орналасады. Стендті сыртқы, тұрақты және айнымалы ток көздеріне қосуға арналған XS1 және XS2 клеммаларыда осы тұста. Стендтің төменгі тұсында SB1-SB4 батырмалары (кнопка) арқылы басқарылатын, сигналды дірілсіз өндіруге арналған төрт құрылғылар (формирователь) және SA1-SA12 айырғыштары секілді тағы екі функционалдық құрылым бар. Стендтің ортаңғы бөлігін күрделілігі әртүрлі дәрежедегі интегралдық микросхемалар (D1-D39) алып жатыр. Олардың арасында стендтің мүмкіншілігін жетілдіруге қажетті екі микросхемалық қалып бар. Стендтің микросхемалар орналасқан ортаңғы логикалық бөлігін үстінгі және төменгі функционалдық құрылымдар

бөлігінен кеңейткіштер (расширители) ХР орналасқан сызғыштары ажыратып тұр. Кеңейткіштер өзара электрлік түрде байланысқан контактылық таяқшалардан жиналады және электр тізбектерінің түйіндерін құру үшін қолданылады. Түйін деп кемдегенде үш электр тармақтарының байланысу нүктесін айтады. Стендтің құрамындағы әрбір элементтің контактылық ұштарыда осындай таяқшаларға жалғанған.

Стендтің құрамындағы элементтерді өзара құрастырып жинау үшін үш түрлі өткізгіштер дайындалады. Олардың бір тобы контактылық түтікшемен қосылған 20см-лік, екіншілері 30см-лік дара өткізгіштер болса, үшіншілері -бір жағынан өзара байланысқан қос өткізгіштер. Өткізгіштердің контактылық түтікшелері стендтегі элементтердің контактылық таяқшаларына кигізіліп, электр тізбектерінің байланысуын қамтамасыз етеді. Тізбектерді қатесіз жинау үшін, стендтің әрбір элементінің контактыларының шартты координаталары белгіленеді және схеманы құрастырудың айрықша үлгісі беріледі. Нәтижесінде небір күрделі құрылғыларды қысқа мерзімде жинап, тексеріп, зерттеп үлгеруге мүмкіндік туғызылады.

Ескерту: Стендтің толық нұсқасы оқулықтың соңындағы қосымшаларда беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]