Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Үй тапсырмасы

  1. Берілген әдебиеттер бойынша регистр туралы тиісті білім меңгеріледі.

  2. Асинхронды RS- триггерлерімен құрылған, мағлұматты қабылдаушы-өндіруші регистрдің жұмысы талданады.

  3. Регистрлердің универсал D - және JK- триггерлерімен құрылу принциптері зерделенеді.

  4. Кезекпен және параллель кодпен енгізу барысында регистрдегі сигналдың өту жолдары жан-жақты қарастырылады.

  5. Мағлұматты регистрге тура және кері кодпен енгізу әдістері ойластырылады.

  6. Мағлұматты регистрге кезекпен енгізіп, параллель кодпен өндіру әрекеті зерделенеді.

  7. Регистрді мағлұмат қабылданатын бастапқы күйге келтіру амалы үйретіледі.

  8. Мағлұматты регистрге кез-келген кірісі арқылы орналастыру әдісі талданады.

  9. Өткен тақырып бойынша есеп дайындалады.

  10. Бақылау сұрақтарына жауаптар дайындалады.

Бақылау сұрақтары

  1. Мағлұматты кезекпен қабылдауға арналған регистрдің параллель кодпен қабылдайтын регистрден айырмашылығы неде?

  2. Мағлұматты параллель кодпен қабылдауды кезекпен қабылдау кодымен ұштастыруға болама?

  3. Регистрді құру кезінде барлық триггерлердің R- кірістерінің бір шинаға біріктірілу себебі неде?

  4. 1- суретте келтірілген регистрге мағлұматты параллель кодпен енгізу қалай орындалады?

  5. Регистрдің барлық разрядтарының С- тізбектерінің біріктірілу себебі неде?

  6. Регистрдің «тазарту» (Сброс) шинасында үздіксіз «0» потенциалы сақталатын болса, нені байқауға болады?

  7. 2- суреттегі S - тізбектерінің көрсетілмеу себебін түсіндір және оны қандай мақсатта қолдануға болады?

Әдебиеттер

  1. Мукашев К.М., Шадинова К.С., Основы электроники и схемотехники. –Алматы, 2008.

  2. Мукашев К.М. Основы цифровой электроники. Алматы, 2002

  3. Прянишников В.А. Электроника. -С.-Пб.: Корона- принт.1998.

  4. Эндерлайн Р. Микроэлектроника для всех. –М.: Мир. 1989.

  5. Партала О.Н. Цифровая электроника.- С.-Пб.: Наука и техника. 2000.

  6. Лачин В.И., Савелов Н.С. Электроника. - Ростов н/Д.: Феникс. 2000.

  7. Мукашев К.М., Шадинова К.С., Андаспаева А.А. Основы автоматики и микроэлектроники. Лабораторный практикум. - Алматы, 2003 .

13. Шифратор және Мультиплексор

Қажеттілігі: Шифратор- позиция түрінде берілген командалық мағлұматты автоматты құрылғылар мен есептеу техникасында кеңінен қолданылатын екілік кодқа түрлендіруші құрама электрондық құрылғы. Нәтижесінде алғашқы басқарушы командалық сигнал құрылғының шығысындағы екілік кодпен алмастырылады. Сондықтан шифратордың құрылу принципін меңгеру, оны іс жүзінде қолданудың маңызы жоғары айрықша әрекет.

Жұмыстың мақсаты: К155 және К555 сериялы микросхемаларымен құрылған дәстүрлі 8-3 текті шифраторды, сонымен қатар мультиплексорлы шифраторды құрып, олардың жұмысын зерттеу.

Студент білуі тиіс:

  1. Шифратордың қызметі және оның шешетін мәселелерін;

  2. Дәстүрлі шифратордың жетекші (приоритеті бар) шифратордан ерекшеліктерін;

  3. Кірісі мен шығысының саны тағайындалған шифратордың құрылу логикасын;

  4. Шифратордың логикалық теңдеуінің құрылу және минимизациялау принципін;

  5. Логикалық функциялардың негізінде шифраторды жинақтау принципін;

  6. Құрама схемалар түрінде берілген шифраторды жинау және зерттеу әдістерін;

  7. Шифратордан мультиплексорға ауысу логикасын;

  8. Кодтарды түрлендіргіштердің құрылу принципін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]