Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Құрама электрөлшеу приборының конструкциясы

Прибор пластмассалық қорабқа орналастырылған өлшеу механизмінен, коммутациялаушы құрылғыдан, өлшеу тізбегінен тұрады (4-сурет). Өлшеу механизмінің 5 шкаласы бар. Ең жоғарғы шкала (~) айнымалы шамаларды өлшеу барысында қолданылады. Оның төмен тұсында доға тәріздес саңлауда айна орналасқан. Айна көздің параллаксқа байланысты қате көрсетуін шектеу үшін қажет. Айнаның төмен тұсында тұрақты ток тізбегіндегі шамаларды өлшеуге арналған шкала () бар. Ортаңғы шкала к, М үлкен кедергілерді өлшеу барысында қолданылады. Төртінші h21 шкала транзисторлардың параметрін өлшеу кезінде, ал соңғы шкала  кіші кедергілерді өлшеу үшін қолданылады. Шкалалардан төмен прибордың классификациялық жүйесін, дәлдік класын, өлшеу кезіндегі орналасуын және т.б. сипаттайтын символдар орналасқан кеңістік бар.

Прибордың сол жақ бөлігінің жоғарғы шетінде оны мөлшерден тыс шамалар берілгенде, күйіп кетуден қорғауға арналған механизмнің екі кнопкасы бар. Кнопкалардың арасында Е, С, В, Е (Э, Б, К, Э) символдарымен көмкерілген транзисторлардың электродтарын қосуға арналған ұяшықтар орналасқан.

Өлшеу механизмінің стрелкасы өлшеу алдында шкаланың «0» бөлігінің үстінде орналасуы міндет. Ауытқып кеткен жағдайда, оны қайтаратын тетік «корректор» өлшеу механизмінің төменгі тұсындағы алаңқайға орналастырылған.

Өлшеу механизмінің оң жағындағы кеңістікте приборды басқаруға қажетті тетіктер жинақталған. Сыртқы тізбекке қосуға арналған екі клемма бірінші қатарды иеленсе, прибордың барлық жұмысшы режимдерін белгілеуші тұтқалы тетік солардан төмен

орналасқан. Осы тұтқаның айналасындағы лимб (шкала) прибордың әр кездегі режимдері мен өлшеу шектерін сипаттайтын сандармен көмкерілген. Өлшеу механизмі мен ортаңғы тетіктің арасында үш айнымалы кедергі бар. Олардың біреуі прибор омметр болып жұмыс істегенде оның электрлік нөлін тағайындау үшін, қалған екеуі транзистордың параметрін өлшеу кезінде қолданылады.

Приборды электр тізбегіне қосу үшін екі ұзын өткізгіш беріледі. Олар үстіңгі клеммалардың ұяшығына кигізіледі.

Ескерту: () немесе (к) режимінде жұмыс істеген кезде, сыртқы тізбекті ұзақ уақыт тұйықталған күйінде қалдыруға болмайды. Прибордың ішкі химиялық элементтері тез арада разрядталып кетеді.

Жұмысты орындау тәртібі

1-тапсырма

  1. Прибордың сыртқы зақымдануын анықтау, өткізгіштердің бүтіндігін, автономиялық ішкі батареялардың дұрыс орналасуын тексеру.

  2. Прибордың барлық тетіктерін қозғау арқылы, олардың дұрыс жұмыс істейтіндігін анықтау.

  3. Приборды қорғаушы механизмінің жұмысын тексеру.

  4. Потенциометрлердің (айнымалы кедергілер) функциясын тексеру.

2-тапсырма

  1. Прибор тұрақты ток кернеуін өлшеу режиміне көшіріледі.

  2. Берілген гальваникалық элементтердің электр қозғаушы күштері өлшенеді.

  3. Берілген ток көзінің тұрақты кернеуі өлшенеді.

  4. Өлшенген шамалардың абсолют және салыстырмалы қателіктері табылады.

  5. Прибор тұрақты ток күшін өлшеу режиміне көшіріледі.

  6. Сыртқы тұрақты ток көзі, реостат, кедергі және амперметр бар тізбек құрылады.

  7. Тізбектегі ток күші өлшенеді.

  8. Ток күшін өлшеу қателігі табылады.

  9. Прибор электр желісінің кернеуін өлшеуге дайындалады.

  10. Электр розеткасындағы айнымалы кернеу өлшеніп, оның өлшеу қателігі табылады.

3-тапсырма

  1. Прибор кедергісі төмен шамалары өлшеу режиміне ауыстырылады.

  2. Стендте орналасқан алғашқы 4 резистордың кедергілері дербес өлшеніп, өлшеу қателіктері табылады.

  3. Алғашқы 2 резистор тізіле қослып, толық кедергісі өлшенеді және алғашқы өлшеулерді пайдаланып соңғы өлшеу нәтижесі тексеріледі. Өлшеу қателігі анықталады.

  4. Үш резистор тізіле қосылып, толық кедергі өлшеніп, өлшеу қателігі табылады.

  5. Осы тапсырманың 3,4 тармақтары параллель қосылған резисторлар үшін қайталанып, өлшеу қателіктері табылады.

  6. Прибор үлкен кедергілерді өлшеу режиміне ауыстырылады.

  7. Радиоаппаратуралардың электржелілік кабель-шнурларының бүтіндігін тексеру.

  8. Стендтегі резисторларының дара кедергілерін өлшеп, өлшеу қателіктерін табу.

  9. және резисторларын тізіле жалғап, толық кедергісін өлшеу және өлшеу қателігін анықтау.

  10. және резисторларын параллель жалғап, толық кедергіні өлшеу және өлшеу қателігін табу.

  11. Осы тапсырманың 9, 10 тармақтарындағы табылған нәтижелерді 8-тармақтағы мәліметтерге сүйене отырып тексеру.

4-тапсырма

  1. Кіші және үлкен кедергілерді өлшеу режимінде прибордың көмегімен сыйымдылығы аз конденсаторларды тексеру.

  2. Осы режимдерде сыйымдылығы үлкен конденсаторларды тексеру.

  3. Прибордың көмегімен жартылай өткізгіш диодтардың бүтіндігін тексеру.

  4. Приборды нейтрал режимге ауыстырып, жұмыс орынын жинақтау.

  5. Орындаған тапсырмаларды қорытып, сабақтың есебін дайындау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]