Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

2. Жартылай өткізгіш приборларды таңбалау тәртібі

Жартылай өткізгіш приборларды таңбалаудың әртүрлі жүйелері мен әдістері кездеседі. Таңбалаудың соңғы жүйесіне сәйкес таңбаны төрт элементтен құрастыру ескерілген.

Таңбасының 1-элементі прибордың жасалу материалын көрсететін әріп немесе цифра:

Г(1) - Ge; К(2) - Si; A(3) - GaAs; N(4) - индий қоспалары. Таңбасының 2- элементі прибордың ішкі топтамасын белгілеуге арналған әріп: Д- түзеткіш және импульстық диодтар; Т - биполярлы транзистор; П - өрісті транзистор; В - варикаптар; А - аса жоғары жиілікті диодтар; Ф - фотодиодтар; Н - динисторлар; У - тринисторлар; И- туннельді диодтар; С- стабилитрондар; Ц - түзеткіш блоктар.

Таңбасының 3- элементі прибордың қолдану аясын және электрлік қасиетін сипаттаушы сандар. Мысалы,

А) Төменгі және жоғары жиілікті диодтарға арналып келесі сандар аралығы беріледі:

түзеткіш диодтар 101-399

универсалды диодтар 401-499

импульстық диодтар 501-599

варикаптар 601-999

Б) Аса жоғары жиілікті диодтарға арналған сандар аралығы:

араластырушы диодтар 101-199

видеодетекторлар 201-299

модуляторлық диодтар 301-399

параметрлік диодтар 401-499

ажыратып-қосушы диодтар 501-599

еселегіш диодтар 601-699

В) фотодиодтар 101-199

Г) фототранзисторлар 201-299

Д) туннельді диодтар, соның ішінде

күшейткіштер 101-199

генераторлық 201-299

айырушы-қосушы 301-399

Е) стабилитрондар, солардың арасында

төменгі қуатты 101-399

орта қуатты 401-699

жоғары қуатты 701-999

Транзисторлар үшін келесі кестені қолдануға болады

Жиілігі

Төменгі

Орта

Жоғары

Төменгі

101-199

201-299

301-399

Орта

401-499

501-599

601-699

Үлкен

701-799

801-899

901-999

3. Интегралдық микросхемаларды таңбалау принциптері

Отандық жүйе бойынша қабылданған микросхемалардың таңбасы ол туралы маңызды мағлұматтарды анықтауға арналған әріпті - цифрлы кодпен беріледі (2-сурет).

2-сурет. Интегралдық микросхеманы таңбалау принципі.

Таңбаның құрамына келесі элементтер кіреді:

  1. Екі әріпті префикс. Оның біріншісі (К) - кең тараған микросхема екендігін білдіреді. Екінші элемент микросхеманың корпусының материалын және түрін сипаттайды: А- пластик; Б - корпусы жоқ; Е - металл-полимер; И - шыны керамика; М - керамика, т.с.с. Префикстің 2- элементі болмауы да мүмкін.

  2. Үш немесе төрт орынды сан. Оның бірінші цифрасы микросхеманың орындалу технологиясын білдіреді (мысалы, 1-, 5- жартылай өткізгішті; 2 - гибридті - дүбара; 3 - басқалары). Қалған сандар микросхема сериясының номерін білдіреді.

  3. Екі әріпті индекс. Индекстің бірінші әрпі микросхеманың ішкі топтамасын (подгруппа), екінші әріп - функционалдық қызметін білдіреді. Олардың мағынасы 1- кесте бойынша анықталады.

  4. Микросхеманың шартты номерін бейнелейтін бір-, екі - кейде үш орынды сан.

1-кесте. Микросхеманың әріптік индекстерінің мағыналары

Индекстер

Функционалдық қызметі

ГС

ГГ

ГЛ

ГФ

ДА

ДИ

ДС

ДФ

ЛИ

ЛН

ЛЛ

ЛА

ЛЕ

ЛС

ЛР

ТВ

ТР

ТМ

ТЛ

УВ

УН

УК

УИ

УД

РМ

РВ

РУ

ИР

ИМ

ИЛ

ИЕ

ИВ

ИД

ИА

ИП

Генераторлар:

Гармониялық тербелістер

Тік бұрышты сигналдар

Сызықты өзгеретін сигналдар

Арнайы формадағы сигналдар

Детекторлар:

Амплитудалық

Импульстық

Жиіліктік

Фазалық

Логикалық элементтер:

ЖӘНЕ

ЕМЕС

НЕМЕСЕ

ЖӘНЕ-ЕМЕС

НЕМЕСЕ-ЕМЕС

ЖӘНЕ-НЕМЕСЕ

ЖӘНЕ-НЕМЕСЕ-ЕМЕС

Триггерлер:

JK - типті универсал

RC - типті дербес басқарылатын

D - типті кешігіп басқарылатын

Шмитт триггері

Күшейткіштер:

Жоғары жиілікті

Төменгі жиілікті

Кең аралықты

Импульстық

Операциялық

Жадылық құрылғылар және басқалар:

ОЖҚ – матрицасы

ТЖҚ – матрицасы

ОЖҚ

Регистрлар

Қосуыштар

Жартылай қосуыштар

Санауыштар

Шифраторлар

Дешифраторлар

Арифметикалық логикалық құрыл-ғылар

Басқалар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]