Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Материалды толық меңгеру үшін алдын-ала игерілетін сұрақтар а) базистік білім бойынша:

  1. Таңба синтездеуші индикаторлардың классификациясының ажыратылу себептері.

  2. Дара светодиодтардың жұмыс істеу принципі, қолдану аясы.

  3. Дара светодиодтардың графикалық шартты белгісі.

  4. Жеті сегментті синтездеуші (ЖСИ) индикатордың құрылымы, жұмысы.

  5. Жеті сегментті индикатормен цифрлардың құрастырылуы.

  6. Жартылай өткізгіш жеті сегментті индикатордың схемасы.

  7. Жартылай өткізгіш ЖСИ ерекшеліктері мен кемшіліктері.

  8. Жартылай өткізгіш ЖСИ-дың вакуумдық, люминесценттік және вакуумдық - қыдырмалы индикаторлардан айырмашылығы және ерекшеліктері.

б) сабақтың тақырыбы бойынша:

    1. Жартылай өткізгіш ЖСИ-дың жылдамдығы?

    2. Жартылай өткізгіш ЖСИ-дың жарықтану түсі неге байланысты?

    3. Көріністің контрастылығы деп нені айтады?

    4. Логикалық құрылғылардың күйін тексеруге арналған светодиодтардың ЖСИ-дан ерекшелігі?

    5. ЖСИ-дың құрылымы және істеу принципі?

    6. Дара светодиодты индикаторларды басқару принципі?

    7. ЖСИ-ды басқару принципі?

    8. Кодтарды түрлендіргіштердің жұмысы, басқару принципі?

    9. Екілік-ондық дешифратордың құрылымы, жұмысы?

    10. Түрлі таңба синтездеуші индикаторлардың қолдану аясы?

Студенттің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы

Оқытушы өткен материалдар бойынша студенттерге тапсырма ұсынып, олардың тапсырманы өздігінен орындауы жан-жақты қадағаланады. Қосымша сұрақтар қою арқылы студенттердің ЖСИ туралы білімінің қалыптасуы тексеріледі, әрбір сұрақ тереңнен талданады, студенттердің өз бетінше сұрақ қойып, бір-біріне жауап беруін тексеру арқылы олардың ойлау дағдысы қалыптастырылады.

Студенттің бастапқы және қорытынды білім деңгейін қадағалау

Өткен материалды бекіту мақсатымен, оқытушы студенттерге зерделенген материалға жанама түрде байланысы бар мәселелерді көтеру арқылы, оларды жаңаша ойлауға жетелейтін пікірлерді іздеуге баулиды. Экспериментті орындаудың әрбір жолын ойша жүргізуге жұмылдырып, нәтижесін тізбекті схемасыз құру арқылы тексеруге үйретеді. Схемалардың жеңіл түрлері тақтаға (қағазға) ойша сызылдырып, жіберген қателері анықталынып, қатесіз сызып үйренгенше қайталанады. Студенттерге пікір таластыратын сұрақтар қою арқылы, оларды бір проблеманы шешу үшін жаппай ойлауға ұйымдастырады. Мысалы:

  1. Светодиодтарда фотондық сәуле шығарудың физикалық мағынасы?

  2. Көшедегі таблолар мен үлкен мониторларда қолданылатын жарық шығарушы индикаторлардың түрлері мен жұмысы?

Әдебиеттер

  1. Мукашев К.М., Шадинова К.С. Основы электроники и схемотехники. Алматы, 2008.

  2. Мукашев К.М. Основы цифровой электроники. Алматы, 2002

  3. Лисицин Б.Л. Низковольтные индикаторы. – М.: Энергоатомиздат.1985.

  4. Знакосинтезирующие индикаторы. Справочник. –М.: Энергоатомиздат. 1987.

  5. Пароль Н.В., Кайдалов С.А. Знакосинтезирующие индикаторы и их применение. –М.: Радио и связь. 1989.

  6. Прянишников В.А. Электроника. С.-Пб.: Корона Принт. 2000.

  7. Мукашев К.М., Шадинова К.С., Андаспаева А.А. Основы автоматики и микроэлектроники. Лабораторный практикум. Алматы, 2003.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]