Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Үй тапсырмасы

  1. Дешифратордың қолданылуын, қызметін және жұмыс істеу принципін зерделеу.

  2. Демультиплексордың қызметі мен жұмысын зерделеу.

  3. Дешифратор мен демультиплексордың графикасының шартты белгілерін талдауды меңгеру.

  4. Дешифратордың логикалық теңдеулерін құрып үйрену.

  5. Пысықтау сұрақтарына жауаптар дайындау.

  6. Орындалған жұмыстың есебін дайындау.

Пысықтау сұрақтары

  1. Дешифратор дегеніміз не және ол қандай функцияны орындайды?

  2. Демультиплексор деп қандай құрылғыны айтады және оның орындайтын функциясы?

  3. Дешифратор мен демультиплексорды біріктіруге бола ма?

  4. Дешифратор мен демультиплексорды қандай мақсатта қолдануға болады?

  5. Дешифратордың демультиплексордан айырмашылығы неде?

  6. немесе индикаторлары жарықтануы үшін дешифратордың кірісіндегі мағлұматтың коды қандай болуы керек?

  7. Көп сатылы дешифратор деп нені айтады және қандай жағдайларда қолданылады?

Әдебиеттер

  1. Мукашев К.М., Шадинова К.С., Основы электроники и схемотехники. –Алматы, 2008.

  2. Мукашев К.М. Основы цифровой электроники. Алматы, 2002

  3. Калабеков Б.А. Цифровые устройства и микропроцессорные системы. - М.: Телеком. 2000.

  4. Алексеенко А.Г. Шагурин И.Н. Микросхемотехника.-М: Мир. 1982.

  5. Калабеков Б.А. Микропроцессоры и их применение в системах передачи и обработки сигналов. - М.: Радио и связь. 1988.

  6. Цифровые и аналоговые микросхемы. Справочник. - М.: Мир. 1999.

  7. Партала О.Н. Цифровая электроника. - С.-Пб.: Наука и техника. 2000.

  8. Аналоговая и цифровая электроника. С.- Пб.: Корона принт. 1996.

  9. Хоровиц П., Хилл У. Искусство схемотехники. /в 3-х томах/. -М.: Мир. 1993.

  10. Мукашев К.М., Шадинова К.С., Андаспаева А.А. Основы автоматики и микроэлектроники. Лабораторный практикум. Алматы, 2003.

15. Бір разрядты екілік қосуыштар

Қажеттілігі: Қосуыш автоматты жүйелердің және есептеу техникасының негізгі арифметикалық логикалық құрылғыларының маңызы ерекше бөлігі болып табылады. Бір разрядты қосуыш бір разрядты екілік жүйедегі сандармен арифметикалық амалдарды орындау үшін қолданылады. Осы бір разрядты қосуыштардың негізінде көп разрядты қосуыштарды құруға болады. Сондықтан автоматты жүйелерді, есептеу техникасын басқаруда қосуыштарды оқып үйренудің маңызы зор.

Жұмыстың мақсаты: К155 сериялы ИМС – мен құрылған бір разрядты жартылай және толық қосуыштардың жұмысымен танысу және зерттеу.

Студент білуі тиіс:

  1. Бір разрядты қосуыштардың қызметі мен түрлерін.

  2. Бір разрядты қосуыштардың құрылу принципін және қолдану аясын.

  3. Құрама және жинақтаушы қосуыштардың ерекшеліктерін.

  4. Әртүрлі арифметикалық амалдарды қосу амалына келтіру әдістерін.

  5. Қосуыштарды құрудың тиімді жолдарын іздестіру барысында логикалық функцияларды минимизациялау әдістерін.

  6. Автоматты құрылғыларды пайдалану кезінде туындайтын адаптивті мәселелерді шешу үшін қосуыштарды пайдаланудың мүмкіндіктерін.

Студент меңгеруі тиіс:

  1. Жартылай және толық қосуыштардың кестесін құруды;

  2. Бір разрядты жартылай қосуыш үшін қосынды мен тасымалдың логикалық функциясының теңдеуін құруды;

  3. Минимизациялау мақсатымен логикалық амалдарды түрлендіруді;

  4. Логикалық теңдеуіне сүйене отырып, құрама схемаларды жинауды және зерттеуді;

  5. Кез-келген құрама схемаларды талдау барысында олардың логикалық теңдеулерге сәйкестігін анықтауды;

  6. Екі кірісті жартылай қосуыштан үш кірісті толық қосуышқа ауысуды;

  7. Толық қосуыш үшін қосынды мен тасымалдың логикалық теңдеулерін түзуді және минимизациялауды;

  8. Құрама құрылғылардың тізбегіндегі ақауларды тауып, жөндей білуді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]