Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Жұмысты орындау тәртібі

1-тапсырма

ЕМЕС логикалық элементтерімен құрылған мультивибраторларды құру және зерттеу.

  1. Импульстық процестерді өндіруге арналған электрондық құрылғылардың түрлерімен, қозу режимдерімен, құрылу принципімен танысу.

  2. К155ЛН1 микросхемасының стендтегі орынын анықтау, 3-сурет бойынша мультивибратордың құрылу кестесі толтырылады.

  3. Байланыс кестесі бойынша мультивибратордың схемасы стендпен жиналады. Схеманың A және C түйіндері қосақталған өткізгіштермен, B түйіні кеңейткіштердің бірімен құрастырылады. Схеманың жәнешығу тізбектері осциллографтың сәйкесжәнекірістерімен жалғанады.

  4. Схеманың жиналуының дұрыстығы тексерілгеннен кейін, приборлар электр желісіне қосылып, экраннан үздіксіз импульстық сигналдар өндіріліп, қажетті параметрлері өлшенеді.

  5. Схемадағы R1, C1 элементтерін кезекпен ауыстыру арқылы генератордың орнықты қозуын іздестіреді.

  1. Импульстық процестердің жиілігінің минималды және максималды мәндері іздестіріледі.

  2. Приборлар электр желісінен ажыратылып, стенд өткізгіштерден тазартылады.

  3. Өлшеу нәтижелері бойынша байқалған құбылыстар мен процестердің физикалық мағынасы және заңдылықтары туралы пайымды пікірлер дайындалады.

2- тапсырма

2 Және – емес логикалық элементтермен мультивибратордың схемасын құру және зерттеу.

  1. Генераторды құруға қажетті пассивті элементтер мен текті микросхеманы стендтің құрамынан тауып белгілеу.

  2. 4 – сурет бойынша генераторды құру кестесі толтырылады.

  3. Байланыстар кестесі бойынша генератордың схемасы стендпен жиналады. Генератордың шығысы осциллографтыңкірісімен қосылады.

  4. 1–тапсырманың тармақтарындағы көзделген мәселелер оcы схема үшін орындалады.

  5. Айнымалы кедергінің шекті мәндеріне сәйкес келетін генератор импульстарының жиілігі өлшенеді.

  6. Жұмыс аяқталып, келесі тапсырма орындалады.

3 - тапсырма

5-суретте көрсетілген генератордың схемасын құру және зерттеу.

  1. Генераторды құруға қажетті пассивті элементтер мен микросхеманың стендтегі орындары анықталып, параметрлері жазылып алынады.

  2. 2 – тапсырманың тармақтары осы схема үшін қайталап орындалады.

  3. Приборлар электр желісінен ажыратылып, жұмыс орыны жинақталады.

  4. Жұмыс нәтижелері бойынша пайымды қорытынды дайындалады.

Үй тапсырмасы

  1. Импульстық сигналдарды өндіру әдісін игеру.

  2. Логикалық элементтермен импульстық генераторды құру жолдарын меңгеру.

  3. Электрондық құрылғыны стендпен монтаждық схемасыз жинауды үйрену.

  4. Жұмыс нәтижесін қорытындылау.

  5. Пысықтау сұрақтарына жауаптар дайындау.

Пысықтау сұрақтары

  1. Генератордың өздігінен қозу шарттары?

  2. Генератордың тізбегіндегі кері байланыс және оның міндеті?

  3. Генератордың импульстық сигналдарды өндіруін тоқтату себебі?

  4. Интегралдық микросхеманы қалай түсінуге болады?

  5. Интегралдық микросхемаларды таңбалау тәртібі?

  6. Конденсатордың зарядталу-разрядталу процесі экспонентa бойынша өтеді, ал импульстық процестердің тік бұрышты болып қалыптасу себебі неде?

  7. Импульстық генератордың жиілігін баяу өзгерту әдісі?

  8. Импульстық генератордың қолдану аясы?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]