Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Жұмысты орындау тәртібі

1-тапсырма

Төрт разрядты оперативті жадылық құрылғыны оқып-үйрену, зерттеу.

  1. К155РУ2 микросхемасымен құрылған оперативті жадылық құрылғыны зерттеуге арналған схеманы жан-жақты зерделеу (5-сурет). Жадылық құрылғының 4-разрядты 16 сөзді жазуға, сақтауға және қайта оқуға мүмкіндік беретініне көз жеткізіледі. Жадылық құрылғыға көрсетілген адрес бойынша қатынас жасау микросхемасымен құрылған екілік санауыштың шығу тізбектері арқылы жүргізіледі. Аталмыш адрес санауышқа екі түрлі жолмен енгізіледі:

а) санауыштың информациялық тізбегіне келтірілетін параллель код бойынша;

б) санауыштың «+1» кірісіне тікелей импульстарды санап отырып енгізу арқылы.

Соңғы жағдай SB4 батырмасы мен стендте позициясында орналасқанмикросхемасы қолданылады.

Бұл микросхеманың қолданыстағы графикасы элементтің бір кірісінде, немесе екі кірісінде лог.«0» орын алса, оның шығысындағы функция да нолге тең (лог.«0») болады дегенді білдіреді. Жоғарыда аталғандай, К155РУ2 микросхеманың ашық

коллекторлық тізбегі бар. Басқаша айтқанда, төрт шығыс тізбектерінің әрқайсысындағы транзистордың коллекторлық тізбегі ешнәрсемен қосылмаған. Сондықтан жадылық микросхеманы басқа микросхемалардың кірісімен қосу үшін келесі схема қолданылады:

  1. Зерттеу схемасы (5-сурет) бойынша құрастырудың байланыс кестесі толтырылады. Сол үшін кестені толтыру сыртқы басқару органдарынан шыққан өткізгіштерден бастап, әрбір микросхеманың шығу тізбектеріне «солдан - оңға» және «жоғарыдан-төмен» принципіне сүйене отырып ауысады.

  1. Толтырылған кесте бойынша зерттеу схемасы стендпен жиналады.

  2. Басқару органдарының тұсына қызметі көрсетіліп жазылған шаблондар орналастырылады. Схеманың жиналу дұрыстығы тексерілгеннен кейін, стенд ток көзіне қосылады.

  3. 2-кестеде көрсетілген тәртіппен ОЖҚ-ға түрлі мағлұматтар енгізіледі. Жазу процесін келесі қағида бойынша өткізу ұсынылады:

а) Тумблер SA1 «Выборка-Таңдау» командасын орындайтын күйге ауыстырылады

б) санауышына мағлұмат жазылатын ОЖҚ-ның адресі енгізіледі. Осы амалды екі жолмен орындауға болады.

Бірінші:тумблерімен адрестің екілік коды тағайындалып,батырмасы арқылы енгізу командасы беріледі. Адрестің дұрыстығысветодиодтарының көрсету бойынша қадағаланады.

Екінші: SB4 батырмасының көмегімен санауышқа импульстық сигналдарды адрестің екілік коды толғанша енгізеді.

в) SA6-SA3 тумблерлерін пайдаланып, ОЖҚ-ға енгізілетін мағлұматтар тағайындалады (2-кесте).

2-кесте. Мағлұматтар кестесі

Адрес

ОЖҚ

Разрядтардың мәндері

4

3

2

1

510

0

1

0

1

910

1

0

0

0

1210

1

1

0

0

1410

1

0

1

1

г) SB2 батырмасын пайдаланып, тағайындалған мағлұматтар ОЖҚ-ға көрсетілген адрестер бойынша орналастырылады.

  1. Жазылған мағлұматтарды оқу әдісі. Сол үшін:

а) тумблері «Выборка - Таңдау» командасына қойылады.

б) К155ИЕ7 санауышына 5б тармағындағы нұсқау бойынша оқылатын мағлұматтың адресі 2-кестеге сәйкес тағайындалады. Осы кезде HL-B тобының светодиодтарының көрсетуі бойынша бұрынғы жазылған мағлұмат инверсті кодпен оқылады. Себебі ОЖҚ- ғатумблерімен, албатырмасыныңконтактысынанкомандалары берілуде. 1-кестеде көрсетілгендей бұл жағдай ОЖҚ-ның оқу режиміне сәйкес келеді.

в) 2-кесте бойынша ОЖҚ-ға орналастырылған алғашқы мағлұматтар түгелдей оқылады. Оқу нәтижесі светодиодтардың көрсетуі бойынша тексеріледі.

  1. Мағлұматты ОЖҚ-ға енгізіп, қайта оқу амалдарын әрбір студент өз бетінше орындайды.

  2. Оқытушы схемаға өзгеріс енгізіп, оны тауып жөндеу нәтижесі бір амалды орындау арқылы тексеріледі.

  3. Құралдар электр желісінен ажыратылып, стендтегі өткізгіштер жинастырылады.

2-тапсырма

К155РУ2- микросхемасымен құрылған ОЖҚ-ның орындау жылдамдығын тексеру.

Жадылық құрылғының негізгі көрсеткіштерінің бірі – оның амалды орындау жылдамдығы. Бұл көрсеткіш микросхеманың жадылық элементінің жылдамдығына байланысты және ол мағлұматты жазуға жұмсалған tж және оқуға жұмсалған уақытпен t0 бағаланады. Оқуға жұмсалған уақыт t0 мағлұматтың адресін көрсеткеннен бастап, оның көрінуіне дейінгі аралықпен анықталады. Мұндай қысқа уақыт аралығын осциллографпен ғана өлшеуге болады.

Сол үшін мағлұматтар жазылған екі адреске қатынас жасауға арналған циклды процесс ұйымдастырылады. Адрес пен мағлұматтың кезекпен ауысып отыруы осциллографтан бақыланып, қажетті уақыт аралығы өлшенеді. Оқу жылдамдығын өлшеу төмендегі нұсқаулар бойынша орындалады:

    1. Мағлұматты оқу мерзімін анықтауға арналған схема жан-жақты зерделенеді (6-сурет). Тапсырманы орындау үшін тек 0000 және 0001 адрестері қарастырылады және осы адрестерге жазылған мағлұматтар да 0000 немесе 0001 болуға тиіс.

    1. 6-сурет бойынша схеманы жинау кестесі құрылып толтырылады және стендпен қатесіз жиналады.

    2. Басқару пульттарына мағыналары жазылған шаблон жапсырылады.

    3. Схеманың дұрыс құрылуы тексеріліп, құралдар электр желісіне қосылады.

    4. 1-кесте бойынша ОЖҚ – үшін мағлұматты жазу режимі тағайындалады, яғни және ОЖҚ-ға келесі мағлұмат енгізіледі.

Адрес

Разрядтардағы мағлұмат

4

3

2

1

0

0

0

0

1

1

0

0

0

0

    1. Бұдан кейін стендте мағлұматты оқу режимі тағайындалады: V=0; W=0. Сол үшін SA5 тумблері лог.«0» күйіне ауыстырылады, SB4 батырмасы басылмайды. Осындай дайындықтан кейін стенд динамикалық режимге көшіріледі.

Сол үшін:

а) SA1 тумблеріне қосылған өткізгіш одан ажыратылып, жеке кеңейткішпен жалғанады.

б) Осы кеңейткіштің бос контактыларына генератордың «Вых.1» контактысы және осциллографтың У1 арнасы қосылады.

в) Генератордың «Зап.1» контактысы Лог. «1» блогымен жалғанады.

г) Генератордың «СВН» контактылары дара элементтер блогындағы С5 конденсаторымен қосылады.

д) Осциллографтың У2 арнасы К155РУ2 микросхемасының кіші разрядының Q1 контактысымен (5) қоса екінші бос кеңейткішке жалғанады. Осындай амалдардың нәтижесінде ОЖҚ-ның АО адресіне генератордың импульстары беріледі. Олар кезекпен лог. «0» және лог. «1» мәндерін ауыстыырп отырады.

ОЖҚ - мен мағлұматты оқу режимі тағайындалғандықтан және А1-А3 адрестеріне лог.«0» берілгендіктен, (0000)2 және (0001)2 адрестерінен генератордан келген мағлұматтар кезекпен осциллографтың У2 арнасынан оқылатын болады.

Сонымен осциллографтың У1 арнасына адрестің төменгі разряды, У2 арнасына ОЖҚ-ның төменгі разряды қосылғандықтан олардың арасындағы кешігу ОЖҚ-ның жылдамдығын анықтайды.

    1. Осциллографтың экранындағы 1-арнамен 2-арна импульстарының арасындағы кешігу жоғары дәлдікпен өлшеніп, ОЖҚ-ның мағлұматты оқу жылдамдығы табылады.

    2. Құралдар электр желісінен ажыратылып, жұмыс орыны тәртіпке келтіріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]