Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Электрондық осциллограф

Осциллограф – жылдам өтетін айнымалы электрлік процестерді зерттеуге арналған радиоөлшеуші прибор. Функционалдық мүмкіндіктеріне қарай осциллограф бір-, екі- немесе көп арналы болып жасалынады. Зертханалық жұмыстарды орындау үшін 2 арналы осциллографтар қолданылады. Әрбір арна арқылы дербес немесе өзара логикалық байланыстағы түрлі процестерді зерттеуге мүмкіншілік бар. Бұл процесстердің параметрлері, әсіресе, тербеліс жиілігі 0-40МГц аралығында, амплитудасы , уақыт интервалдары10-7÷1,0 сек шамасында болуы мүмкін. Осциллографты төмендегі блоктарға жіктеуге болады (2-сурет): электрондық сәулелі түтік (ЭСТ), әрбір арнаның күшейту мүмкіншілігін өзгертуге арналған аттенюаторлар (АI, АII) кірістік сигналдың бастапқы күшейткіштері (КI, КII), кілттік схема (КС), екі арнаға ортақ негізгі күшейткіш (К). Аталмыш блоктар осциллографтың вертикаль бағыттағы трактысын құрайды және электрондық сәулені сол бағытта қозғалысқа келтіреді. Горизонталь бағыттағы трактың құрамына синхронизациялаушы күшейткіш (СК), генератор (Х1), күшейткіш (Х) кіреді. Бұлар түтіктің электрондық сәулесін горизонталь бағытта қозғау үшін қолданылады. Z-күшейткіші экрандағы көрініске арнайы таңбалар орналастыру үшін қолданылады. Электрондық осциллографтың бір үлгісінің сыртқы бейнесі 3-суретте көрсетілген. Осциллографтың алдыңғы панелінің ортасында төрт бұрышты рамамен көмкерілген экран, оның айналасында осциллографтың жұмысын басқаруға арналған әртүрлі тетіктер бар.

Стендті ток көзімен қоректендіру

Стендті екі түрлі сыртқы ток көзінен қоректендіруге болады. Сол үшін арнайы дайындалған блок тұрақты ±5B және айнымалы 12В кернеу өндіреді. Бұл ток көзі қысқа тұйықталудан қорғауға арналған схемамен жабдықталған. Блоктың алдыңғы панелінде ±5B, 12В клеммалары, оның сыртқы корпусын жермен () қосуға арналған қосалқы клемма, ток көзін жалғаушы тумблер,

балқымалы сақтандырғыштар, екі түсті индикатор және қайта қосуға арналған кнопка орналастырылған.

3-сурет. С1-93 осциллографының сыртқы көрінісі.

Құрама электр өлшеуіш прибор

Бұл құрал электр желісінің кернеуін, стендке берілетін кернеулерді тексеріп, электр тізбектеріндегі ақауларды анықтауға және электрондық құрылымдардың режимдерін қадағалауға арналады. Сол үшін прибор айнымалы және тұрақты токтың кернеулері мен ток күшін, электр кедергісін омметр, килоомметр, мегаомметр режимдерінде өлшеуге, биполярлы транзисторлардың -параметрін анықтауға арналып құрылған. Бұл приборды пайдаланудың әдіс-тәсілдеріне жеке тоқталу ескерілген.

Жұмысты орындау тәртібі

1-тапсырма

Зертханалық универсал стендті игеру.

  1. Электр және радиоқұралдарды пайдалануға байланысты сақтану ережелерін оқып-үйрену.

  2. Зертханалық стендтің құрылу принципімен танысу.

  3. Стендтің құрамындағы функционалдық блоктардың атқаратын қызметін игеру.

  4. Стендтің құрамындағы барлық радиокомпоненттердің қолдану аясын, орналасуын және таңбалау тәртібін меңгеру.

  5. Әрбір элементтің стендтегі координаталарын анықтау әдісін түсіну және қолдануға бейімделу.

  6. Стендтегі кеңейткіштерді пайдаланып, электр тізбектерінің түйіндерін құрастыруды меңгеру.

  7. Тізбекті құрастыруға қажетті кестені толтыру әдісін түсіну.

  8. Кесте бойынша әртүрлі деңгейдегі күрделі схемаларды жинау және талдау әдісін меңгеру.

2-тапсырма

Электрондық осциллографпен жұмыс істеу.

  1. Осциллографтың міндеті мен конструкциясымен танысу.

  2. Экранда көріністі өндіру принципін түсіну.

  3. Осциллографтың блок-схемасы бойынша (2-сурет) оның тізбектерінде сигналдың өту жолдарын ұғыну.

  4. Осциллографтың бір немесе екі арналы болып жұмыс істеу себебін меңгеру.

  5. Синхронизациялаудың қажеттілігін түсіну.

  6. Осциллографты басқаруға арналған тетіктердің қызметін игеру.

  7. Осциллографты зертханалық стендке және жермен жалғауды игеру.

  8. Осциллографтың көмегімен сигналдың амплитудасын өлшеуді, оның қателігін анықтауды игеру.

  9. Осциллографтың көмегімен уақыт аралықтарын өлшеуді меңгеру.

  10. Өлшеу нәтижелерінің қателіктерін анықтауды түсіну.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]