Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Студент меңгеруі тиіс:

  1. Регистрдің схемасын триггерлік элементтермен құруды;

  2. Регистрге енгізілген және жинақталған мағлұматтардың көлемін анықтауды;

  3. Регистрді әр түрлі мақсатта қолдануды;

  4. Регистрге мағлұматты параллель және кезектесіп келетін кодпен енгізуді;

  5. Жинақталған мағлұматты параллель және кезектесіп келген кодпен оқуды;

  6. Регистрдегі мағлұмат пен логикалық амалдарды орындауды;

  7. Регистрді бастапқы күйге келтіруді;

  8. Регистрдің функционалдық мүмкіншіліктерін кеңейтуді.

Жұмыстың қысқаша мазмұны

Регистр - n- разрядты екілік сандарды сақтау барысындағы олармен әр түрлі түрлендіру амалдарын кезекпен орындауға мүмкіншілік беретін логикалық құрылғы. Ол разрядтардың сөздегі санын анықтайтын және белгілі ереже бойынша орналастырылатын триггерлердің жиынтығы болып табылады. Әрбір регистрмен міндетті түрде бір құрама цифрлы құрылғы байланыстырылады. Оның көмегімен сақталынған сөзбен кейбір амалдар орындалады. Регистрмен орындалатын амалдарға

  • сөзді қабылдау;

  • әрбір разряд бойынша логикалық амалдарды орындау;

  • қабылданған сөзді солға немесе оңға көрсетілген разрядтардың санына сәйкес ығыстыру;

  • кезекпен қабылданған кодты параллель кодқа және керісінше түрлендіру;

  • регистрді бастапқы күйге келтіру жатады.

Автоматты қондырғыларда қолданылатын құрылғылардың көпшілігін өзара құрама логикалық элементтермен байланыстырылған регистрлердің жиынтығы ретінде бейнелеуге болады. Регистрлер жинақтағыш және ығыстырғыш болып бөлінеді. Соның ішінде ығыстырушы регистр:

  • мағлұматты енгізу-шығару әдісі бойынша

  • параллель;

  • кезекпен;

  • аралас болып;

  • мағлұматты жеткізу бағыты бойынша

  • бір бағытты

  • реверсивті болып бөлінеді.

1-суретте R – кірістік тізбектері «тазарту» шинасына біріктірілген D-триггерлерімен құрылған n- разрядты регистрдің схемасы берілген. «Қайтару» - (Сброс) шинасы триггерлердегі мағлұматты жойып, регистрдің барлық разрядтарын нөлдік күйге келтіру үшін қажет.

Регистрдің барлық разрядтарын бір мезгілде басқару біріктірілген «С»- синхронизация шинасы арқылы орындалады. Әрбір триггердің кірістік D-тізбектеріне регистрге енгізілген X1÷Xn мағлұмат келтіріледі. Мағлұматты енгізер алдында регистрдің «жазу шинасына» жоғарғы (бірлік) потенциал беріледі. Синхронизациялаушы бірінші тактылық импульс арқылы D-кірістік тізбектеріндегі мағлұмат бір мезгілде барлық разрядтар бойынша жадылық элементтерге орналастырылады. Бұдан кейін осы мағлұматты ұзақ уақыт сақтауға болады. Енгізілген мағлұмат триггерлердің негізгі шығыстық тізбектері арқылы

тура кодпен, инверстік тізбектері арқылы кері кодпен шығарылады, өндіріледі.

Ығыстырушы регистрлер тактылық сигналдардың көмегімен мағлұматты ығыстыру арқылы түрлендіруге мүмкіндік береді (2-сурет). Мұндай регистрдің алдыңғы схемадан айырмашылығы разрядтық триггерлердің өзара ішкі байланысының болуында. Әрбір триггердің негізгі шығысы келесі триггердің информациялықD-кірістік тізбектерімен байланыстырылған. Сонымен қатар, регистрдің бірінші разрядының информациялық D-кірісіне енгізілетін мағлұматтың келтірілуі осы регистрдің санауыштан ерекшелігін айқындай түседі. Өйткені санауышқа тіркелетін импульстық процестер оның тактылық кірісі арқылы қабылданатын. Ал ығыстырушы регистрдің разрядтарының кірістік С- тізбектері өзара біріктіріліп, регистрдің жұмысын басқарушы тактылық тізбекті құрайды. Разрядтарды тазартушы команда триггерлердің біріктірілген R- тізбектері арқылы өткізіледі. Жаңа мағлұматты регистрге енгізер алдында осы «тазарту шинасы» арқылы барлық триггерлер нөлдік күйге келтіріледі. Енгізілетін X мағлұматының бірінші разряды 1- триггердің D-кірісіне беріледі. C- тізбегіне берілетін импульстық сигнал арқылы осы мағлұмат оған енгізіліп, сол мезетте 2- триггердің D-кірісіне жеткізіледі. 1- триггердің информациялық D-кірісіне енгізілетін Х мағлұматтың екінші разряды тағайындалады және кезекті синхроимпульстың көмегімен тағы да T1 триггерге орналастырылады. Онымен бірге T1 триггерінің шығысындағы алғашқы мағлұмат T2 триггерге қабылданады және T3 триггерінің D- информациялық кірісінде пайда болады. Процесс осылай жалғастырыла береді. Тактылық n+1 импульстардың өтуімен регистрдің n+1 разрядтары

түгелдей толтырылады. Осылай кезекпен енгізілген n разрядты мағлұмат бір мезгілде -ге дейінгі разрядтар бойынша параллель кодпен өндіріледі. Триггерлердің кірісі мен шығысын байланыстырушы және басқарушы логикалық элементтерді енгізу арқылы қарастырылған регистрлерді универсалды-реверсивті регистрге біріктіруге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]