Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Үй тапсырмасы

  1. RS-D және JK - триггерлерінің жұмыс істеу принципін және ерекшеліктерін зерделеу.

  2. Құрама триггерлердің санау режимінде қолданылуын меңгеру.

  3. D- және JK – триггерлерінің көмегімен сигналдың жиілігін 4 есе төмендетудің жолдары мен тәсілдері ойластырылады.

  4. Триггердің статикалық және динамикалық режимде жұмыс істеуін және оны тексеру әдістерін меңгеру.

  5. Бақылау сұрақтарына жауаптар дайындау.

Бақылау сұрақтары

  1. D- триггердің құрылу схемасы бойынша сигналдың жүру жолдарын анықтау.

  2. Құрама RS-D - триггер қандай жағдайда санау режиміне көшіріледі?

  3. Триггерлердің ақиқат кестесі қалай құрастырылады?

  4. Триггерді басқаруға арналған кернеудің оң және теріс ауысулары қалай өндіріледі?

  5. Құрама RS-JK- триггерлерінің санау режимінде жұмыс істеуінің ерекшеліктері.

Әдебиеттер

  1. Мукашев К.М., Шадинова К.С. Основы электроники и схемотехники. Алматы, 2008.

  2. Мукашев К.М. Основы цифровой электроники. Алматы, 2002

  3. Горбачев Г.Н., Чаплыгин Е.Е. Промышленная электроника. - М.: Энергоатомиздат. 1988.

  1. Прянишников В.А. Электроника. - С.- Пб.: Корона -принт. 1998.

  2. Эндерлайн Р. Микроэлектроника для всех. - М.: Мир. 1989.

  3. Наумов Ю.Е. Интегральные логические схемы. - М.: Радио и связь. 1980.

  4. Партала Ю.Е. Цифровая электроника. - С. - Пб.: Наука и техника. 2000.

11. Реверсивті санауыштар

Қажеттілігі: Санау әрекеті – мағлұматты өңдеу барысында импульстық құрылғылардың өте жиі орындайтын амалдарының бірі. Импульстық сигналдарды санау - мағлұматты сақтаудың ерекше түрі деп есептеуге болады. Сондықтан да санау схемалары жадылық құрылғының схемасына ұқсас болып келеді. Санауыштар есептеу техникасы мен автоматты құрылғыларда адрестерді, тапсырмаларды, амалдарды орындау циклының санын анықтау үшін кеңінен қолданылады. Сондықтан санауыштарды оқып-үйренуге дұрыс көңіл бөлінуі тиіс.

Жұмыстың мақсаты: 155ТМ2 және 155ИЕ7 микросхемаларымен құрылған төрт разрядты санауыштардың жұмысымен танысу және зерттеу.

Студент білуі тиіс:

  1. Санауыштардың қызметін, жұмыс істеу принципін және негізгі конфигурациясын;

  2. Әртүрлі конфигурациядағы санауыштардың ішкі логикасының ерекшеліктерін;

  3. Санауыштардың әртүрлі логикадағы триггерлермен құрылуын;

  4. Санауыштардың уақыт диаграммасын салуды және разрядтардың күйінің ауысуын суреттеуді;

  5. Санауыштың мағлұматтық кірістерінің қызметін және оларды пайдалану ережелерін;

  6. Санауыштарды импульстық сигналдардың жиілігін бөлу үшін қолдану тәсілдерін;

  7. Санауыштарды уақыт аралығын есептеу үшін қолдану мүмкіншілігін.

Студент меңгеруі тиіс:

  1. Кез-келген логикадағы триггерді санау режиміне көшіру;

  2. Триггерлермен құрылған санауыштардың схемаларын құра білу;

  3. Санауыштың функционалдық мүмкіншілігін оның шартты белгісі бойынша анықтау;

  4. Тасымалдау сигналын қолдану арқылы жоғарғы разрядты санауышты құру;

  5. Разрядтардың саны бойынша санау модулін анықтау;

  6. Санау коэффициенті бойынша санауыштың разрядын табу;

  7. Санауыштың разрядтарындағы сигналдың кешігу мерзімін анықтау;

  8. Санауышты қосу арқылы санаудан, азайту арқылы санауға ауыстыру;

  9. Кезектесіп келетін сөздер кодын параллель сөздер кодына және керісінше түрлендіру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]