Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Пысықтау сұрақтары

  1. Оперативті жадылық құрылғының міндеті.

  2. Оперативті жадылық құрылғыны құру принципі.

  3. Жадылық құрылғылардың классификациясы.

  4. Жадылық құрылғының логикасы.

  5. Жадылық элементтің адресін анықтау жолы.

  6. ОЖҚ-ның сыйымдылығын кеңейту әдісі.

  7. ОЖҚ-ның жадылық элементінің схемасы.

  8. ОЖҚ-ның регистрден айырмашылығы.

  9. ОЖҚ-ның жылдамдығын анықтау әдісі.

  10. Жадылық құрылғының сыйымдылығын анықтау әдісі.

Үй тапсырмасы

  1. ОЖҚ-ны құрастыру және басқару принципі.

  2. ОЖҚ-ның сыйымдылығын кеңейту жолдары.

  3. Тұрақты жадылық құрылғыны қайта программалау мүмкіншіліктері.

  4. ОЖҚ-ға статикалық мағлұматтарды енгізу әдісі.

  5. ОЖҚ-ның амалды орындау жылдамдығын анықтау әдісі.

  6. Пысықтау сұрақтарына жауап дайындау.

  7. Орындаған жұмыстың есебін дайындау.

Әдебиеттер

  1. Мукашев К.М., Шадинова К.С. Основы электроники и схемотехники. Алматы, 2008.

  2. Мукашев К.М. Основы цифровой электроники. Алматы, 2002

  3. Калабеков Б.А. Цифровые устройства и микропроцессорные системы. -М.:Теле-ком. 2000.

  4. Алексеенко А.Г., Шатурин И.Н. Микросхемотехника. - М.: Мир.1982.

  5. Преснухин Л.Н. Расчет элементов цифровых устройств. - М.: Мир. 1982.

  6. Калабеков Б.А. Микропроцессоры и их применение в системах передачи и обработки сигналов. -М.: Радио и связь. 1988.

  7. Партала О.Н. Цифровая электроника. - С.- Пб.: Наука и техника. 2000.

  • Мукашев К.М., Шадинова К.С., Андаспаева А.А. Основы автоматики и микроэлектроники. Лабораторный практикум. Алматы, 2003.

    19. Цифрлық-аналогты түрлендіргіш

    Қажеттілігі: Мағлұматты тасымалдаушы физикалық агенттің бір түрінен екінші түріне түрлендіру мәселесі және қайтадан бастапқы түріне ауысу ісі-өлшеу есептеу техникасында, ғылыми зерттеу жұмыстарында, биотехникалық, биофизикалық медикобиологиялық бағыттарда, электр емес физикалық шамаларды электрлік әдістермен анықтау салаларында және басқада адамзат іс-әрекетінің түр-түрінде кеңінен орын алған процестер. Осы түрлендіру барысында физикалық агент түрленгенімен ол тасымалдайтын мағлұмат жоғалмауы, тіпті өзгеріске ұшырамауы міндет. Сондықтан мағлұматты жоғалтпай түрлендіру проблемасына айрықша көңіл бөлінеді.

    Жұмыстың мақсаты: Цифрлық мағлұматты аналогты мағлұматқа түрлендіру принципімен танысу, цифрлы-аналогты түрлендіргішті құру әдісін меңгеру және қосалқы тізбектерінің цифрлы-аналогты түрлендірудегі ролін айқындау.

    Студент білуі тиіс:

    1. Позициялық санақ жүйесін түсіну.

    2. «Код-кернеу» типті түрлендірудің принципін игеру.

    3. Түрлендіру барысында туындайтын қателіктерді анықтау.

    4. «Код-кернеу» түрлендіргішін құру әдісін ұғыну.

    5. Түрлендіргіштің негізгі компоненттерінің қызметін игеру.

    6. Цифрлық-аналогты түрлендіргіштердің даму бағытын жете түсіну.

    Студент меңгеруі тиіс:

    1. Цифрлық сигнал мен (код) оған сәйкес келетін аналогты сигналдың (кернеу) арасындағы математикалық байланысты анықтауды;

    2. Сигналды кванттау барысында кванттау дәрежесінің түрлендіру қателігіне әсері;

    3. Цифрлық-аналогты түрлендіргіштердің жұмысын талдауды;

    4. Әртүрлі цифрлық-аналогты түрлендіргіштердің ерекшеліктері мен кемшіліктерін анықтауды.

  • Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]