Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

7. Стендтегі микросхемалардың графикалық бейнеленуі және контактыларының орналасуы

8. Стендтің толық техникалық нұсқауы

  1. Стенд электроника, импульстық техника және цифрлық электроникадан зертханалық жұмыстар циклын орындауға арналған. Циклда кем дегенде 24 зертханалық жұмыс бар.

  2. Стендтегі элементтер өзара арнайы дайындалған өткізгіштермен жалғанады. Сол арқылы күрделілігі әртүрлі электрондық схемалар құрылады.

  3. Стендтің техникалық оқыту-үйрету мүмкіндіктері:

  • электрондық схемалардың жұмысының көрнекілігі;

  • үйренушінің техникалық шеберлігін қалыптастыру;

  • үйренушіні схемалардың ақауларын табуға үйрету.

  1. Стендтің негізгі элементтік базасы 155, 1804, 541 – сериядағы ИМС-лармен құрылған.

  2. Стенд тұрақты ток көзінен коректендіріледі. Тұтынатын ток күші 3А.

  3. Стендтің өлшемдері .

  4. Стендтің массасы 3,5кг.

  1. Стендтің конструкциясы

  1. Стенд сыртқы қорапқа орнатылған баспа монтаждық панелден тұрады.

  2. Панелге келесі функционалдық блоктар орналасқан

  • дірілсіз сигнал өндіргіштер;

  • комутациялаушы (тумблерлер) блок;

  • лог.1 блогы;

  • матрицасы;

  • 1-индикаторлық блок;

  • 2-индикаторлық блок;

  • генераторлар;

  • бірлік вибраторлар;

  • дара элементтер блогы;

  • логикалық элементтер блогы;

  • кеңейткіштер.

    1. Сигналды дірілсіз өндіргіштер кернеудің оң мәнді және теріс мәнді ауысуларын туғызуға арналған. Оң мәнді ауысу лог.«1», теріс ауысу лог.«0» аралығында өтеді. Әрбір дірілсіз өндіргіш К155ТМ2 текті микросхемалық R-S- триггерімен құрылған және SB кнопкаларымен басқарылады (1-сурет).

    2. Тумблерлік блок лог. «0» және лог. «1» деңгейдегі тұрақты кернеулерді туғызуға арналған. Тумблер ретінде МТ1, ТП1-2 немесе П2К текті ажыратқыштар қолданылған (2-сурет).

    3. Лог. «1» блогы стационарлық логикалық бірлік шамадағы кернеулерді туғызуға арналған (3-сурет). Сол үшін логикалық құрылғы осы тізбектің кез-келген контактысымен өткізгіш арқылы жалғанады.

    4. Матрица аналогты – цифрлық және цифрлық – аналогты құрылғыларды зерттеу барысында қолданылады (4-сурет).

    5. 1-индикаторлық блок логикалық элементтердің күйін бейнелеу үшін арналған (5-сурет). Блок А- және В- сызғыштарға жиналған светодиодтармен құрылған. А-сызғышы АЛ307ВМ (3Л341БМ) текті қызыл түсті диодтармен жиналған. В – сызғышы АЛ307ВМ (3Л341ВМ) текті жасыл түсті диодтармен құрылған. Оларды басқару үшін К155ЛН2 текті үш интегралдық микросхемалар пайдаланылған. Әрбір топтағы светодиодтар жеке-жеке +5В ток көзінен қоректендіріледі.

    1. 2-индикаторлық блок мағлұматты цифрмен бейнелеуге арналған (6-сурет). Блок төрт кіші блокқа жіктелген. Олар А,В,С,D әріптерімен белгіленген. Әрбір кіші топтың құрамына х/у - екілік – ондық код түрлендіргіш (К155ПР7), дешифратор (КР514ИД1) және жеті сегментті индикатор (АЛС 324А) кіреді. Әрбір дешифратордың Г -кірісі индикаторды сөндіру үшін арналған. Сол үшін Г – контактылары лог.«0» тобымен қосылуы қажет.

    2. «Генераторлар» блогы К155ТЛ1 микросхемасымен құрылған. DD1- триггерімен жоғары жиілікті (f=4МГц), DD2-триггерімен төменгі жиілікті (0,9А10) Гц импульстық генераторлар құрылған (7-сурет). Төменгі жиілікті генератордың жиілігі R1 кедергісімен өзгертіледі. Жоғарғы жиілікті генератордың импульсының ұзақтылығы и=100 нс, периоды Т=250 нс.

    3. Бірлік вибраторлар - К155АГ3 микросхемасымен құрылған, күту режимінде жұмыс істейтін импульстық генераторлар (8-сурет). Бірінші вибратор өндіретін импульстың ұзақтығын СВН контактыларына сыртқы конденсаторды жалғап өзгертуге болады. Бірінші вибратордың екі кірісі және екі шығысыбар. Екінші вибратордың бір ғана кірісі, екі шығысыбар. Вибратордың жұмысы 9 – және 10 – суреттерде бейнеленген.

    4. Дара элементтер блогының құрамына көптеген әртүрлі номиналдағы радиокомпоненттер кіреді (11-сурет). Олардың көмегімен әртүрлі электрондық схемаларды құрастыруға болады.

    1. Логикалық элементтер блогы 39 интегралдық микросхемалардан тұрады (12-сурет).

    2. Кеңейткіштер төрт контактылы таяқшалардан жасалған. Олар 13 х 12 кеңейткіштер тобына жіктелген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]