Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Үй тапсырмасы

  1. Жұмыстың есебі дайындалып, зерттеу нәтижелері туралы пайымды пікірлер жазылады.

  2. Логикалық элементтердің орындау логикасы зерделенеді.

  3. Логикалық элементтерді транзисторлармен құрудың принципін игеру.

  4. Логикалық элементтерді статикалық және динамикалық режимде зерттеу әдістерін меңгеру.

  5. Жарықтанғыш диодтарды логикалық құрылғы-лардың күйлерін тексеру үшін қолдану принципін жете меңгеру.

  1. Интегралдық микросхемаларды таңбалау тәртібін түсіну және ұғыну (3- қосымша).

  2. Пысықтау сұрақтарына жауап дайындау.

Пысықтау сұрақтары

    1. Келесі схемалармен орындалатын логикалық функциялардың теңдеулерін жазу:

    1. Базалық 2 ЖӘНЕ-ЕМЕС элементін ЕМЕС элементіне қалай түрлендіруге болады?

    2. 2 ЖӘНЕ-ЕМЕС элементінің ішкі құрылымы?

    3. Транзистордың кілттік режимі логикалық элементтердің жұмысында қалай байқалады?

    4. Логикалық құрылғы арқылы өткен сигналдың кешігуін білу не үшін қажет?

    5. ТТЛ–логиканың ДТЛ – логикадан ерекшелігі?

    6. Келесі тождестваларды дәлелдеуге тырыс және есте сақта:

  1. Келесі функцияларды орындаушы схемаларды сызып, дәлелде:

;

Әдебиеттер

  1. Мукашев К.М., Шадинова К.С., Основы электроники и схемотехники. –Алматы, 2008.

  2. Мукашев К.М. Основы цифровой электроники. Алматы, 2002

  3. Горбачев Г.Н., Чаплыгин Е.Е. Промышленная электроника. -М.:Энергоатомиздат. 1988.

  4. Алексеенко А.Г. Основы микросхемотехники. -М.: Радио и связь.1987.

  5. Прянишников В.А. Электроника. - С.-Пб.: Корона- принт. 1998.

8. Импульстық сигналдардың генераторлары

Қажеттілігі: Генератор – тұрақты токтың энергиясын қуаты, жиілігі және пішіні белгілі периодты процестерге түрлендіруші құрылғы. Генераторлар өлшеу приборларында, автоматты жүйелерде, есептеу техникаларында бастапқы процестерді туғызушы ретінде кеңінен тараған. Сондықтан импульстық сигналдарды туғызушы құрылғылардың принципін, генераторлардың схемаларын жетілдіру әдістерін меңгеру мәселесі схематехниканы игерудегі маңызды шараларға жатады.

Жұмыстың мақсаты: базалық логикалық элементтермен құрылған импульстық генераторлардың әртүрлі схемаларын құру және зерттеу.

Студент білуі тиіс:

  1. Интегралдық микросхема түрінде жасалған базалық логикалық элементтердің құрылу және қолдану принципін;

  2. Интегралдық микросхемалардың цоколевкасын, таңбалау тәртібін және қолдану аясын;

  3. Құрылғының принципін сипаттайтын схемадан жинау схемасына көшу принципін;

  4. Импульстық процестерді қалыптастыру және параметрлерін өлшеу әдістерін;

  5. Импульстық генераторлардың схемасын басқару және жетілдіру тәсілдерін;

  6. Генераторлардың әртүрлі схемаларының құрылу ерекшеліктерін;

  7. Буль алгебрасының негізгі қағидаларын;

  8. Генератор қозу үшін қажетті амплитудалық және фазалық баланстың орындалу шартын.

Студент меңгеруі тиіс:

  1. Базалық логикалық элементтердің жұмысын талдауды;

  2. Аналогты элементтер мен цифрлық электроника элементтерінің электрлік процестері арасындағы байланысты анықтауды;

  3. Бір логикалық элементтің ішкі күйі мен екінші бір элементтің күйі арасындағы байланысты анықтау жолдарын;

  4. Өзара байланысқан логикалық элементтер арқылы сигналдың өтуін талдауды;

  5. Генератордың тізбегіндегі қоздыру шартын туғызу тәсілдерін;

  6. Қарапайым логикалық элементтердің ақиқат кестесін құрама элементтер үшін саналы пайдалануды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]