Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Жұмысты орындау тәртібі

1-тапсырма

1а- суретте берілген диодты кілтті зерттеу.

Сол үшін:

  1. Жоғары жиілікті генератордың контактыларына дара элементтер блогынанконденсаторы қосылады.

  2. 4-суретте көрсетілген диодты кілтті зерттеуге арналған схема стендпен құрылады.

  3. Схеманы құру қиындық туғызатын болса, оны жинаудың логикалық кестесі толтырылады.

  4. Схеманың дұрыс құрылуы тексерілгеннен кейін, стенд және осциллограф екі арналы режимде ток көздеріне қосылады.

  5. Осциллографтың экранында кілттің кірісі мен шығысындағы импульстар масштабпен дәптерге көшіріліп, қажетті параметрлері өлшеніп, кестеге толтырылады.

  6. Кілттің шығысындағы процестің кірісіндегі процеске қарағанда кешігуі анықталып, оның ауысу жылдамдығы табылады.

  7. Схемаға 1б- суретке сәйкес өзгеріс енгізіліп, 5,6- тармақтардағы амалдар қайта орындалады.

  8. Зерттеу нәтижесі бойынша, жұмысқа пайымды қорытынды дайындалады.

2-тапсырма

Транзисторлы кілтті динамикалық режимде зерттеу.

Сол үшін:

  1. 5-суретте көрсетілген схеманы жинаудың логикалық кестесі толтырылады.

  2. Кесте бойынша, транзисторлы кілттің схемасы стендпен құрылып, тексеруден өткізіледі.

  3. Стендке осциллографтың кірістік тізбектері жалғанады. Басқарушы процесті бейнелеуші 1-арнаның кірісі стендтіңкеңейткішіне, кілттің жұмысын бейнелеуші 2- арнаның кірісістендтіңкеңейткішіне қосылады. Бұл байланыстар 5-суретте көрсетілмеген. Сондықтан оларды студенттер өздері орындайды.

  4. Схеманың құрылу дұрыстығы тексерілгеннен кейін, стенд және осциллограф екі арналы режимде ток көздеріне қосылып, жұмысшы режимге ауыстырылады.

  5. Экраннан кілттің кірісіндегі және шығысындағы импульстар өндіріліп, барлық параметрлері өлшеніп кестеге толтырылады.

  6. Коллекторлық импульстарды талдау арқылы, транзистордың жабық (шектелу) және ашық (қанығу) режимдерінің ауысып келуі табылады және кірістегі импульстармен салыстырғанда олардың кешігуі табылады.

  7. Стендтің жәнекеңейткіштерінің бос контактыларына дара элементтер блогындағыконденсаторы жалғанады.

  8. Жұмыстың 5,6-тармақтарындағы тапсырмалар қайта орындалып, байқалған өзгерістерге талдау жүргізіледі. Кешігулердің шамалары анықталып, себебі дәлелденеді.

  1. Барлық құралдар электр желісінен, стенд өткізгіштерден ажыратылып, жұмыс орыны тәртіпке келтіріледі.

  2. Жұмыс нәтижесі бойынша қорытынды дайындалады.

Үй тапсырмасы

  1. Жұмыстың есебі дайындалады.

  2. Жартылай өткізгіш приборлардың жұмысы туралы толық мағлұмат игеріледі.

  3. Диодтың кілттік режимдерінің тізіле және параллель схемаларын талдау.

  4. Транзисторлы кілттің жұмысы зерделенеді.

  5. Диодты және транзисторлы кілттердің стендсіз схемалары сызылып, жұмысы талдаудан өткізіледі.

  6. Электрондық схемаларды стендпен тікелей жинаудың әдістері ойластырылады.

Бақылау сұрақтары

  1. Диодты кілттердің жұмысы және қолдану аясы.

  2. Электрондық кілттердің негізгі сипаттары.

  3. Транзисторлық кілттің статикалық режимін қалай орындауға болады?

  4. Диодтық кілт үшін екі полярлы импульстар қалай өндіріледі?

  5. Транзисторлық кілттің динамикалық сипаттамасы қалай тұрғызылады?

  6. Транзисторлық кілттің жылдамдығын қалай жетілдіруге болады?

  7. Диодтық кілттің жылдамдығы диодтың түріне, тегіне тәуелдіме?

  8. Диодтық кілттің екі түрлі (тізіле, параллель) схемаларының мүмкіншіліктері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]