Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Жұмыстың қысқаша мазмұны

D - триггер (ағылш. delay) синхронды RS- триггермен салыстырғанда бір ғана D кірістік тізбегіндегі мағлұматты қабылдауға арналып жасалынады (1а-сурет). Оның жұмысын түсіну үшін триггердің бастапқы күйі Q=0 сәйкес келсін. Егер триггердің D кірісінде лог.1 мағлұмат тағайындалып, C кірісіне тактылық импульс берілсе, оның шығысында лог.1 туындайды, яғни триггер нөлдік күйден бірлік күйге ауысады (Q = 1). Егер информациялық D кірісіне лог.0 келтіріліп, С кірісіне келесі тактылық импульс келтірілсе, триггер бірлік күйден нөлдік күйге ауысады. Егер информациялық тізбектегі мағлұмат ауыспаса, тактылық тізбектегі басқарушы импульс бірнеше рет қайталанғанына қарамастан, триггердің күйі өзгермейді, ауыспайды (1б-сурет). Триггердің күйінің ауысуы тактылаушы импульстың алдыңғы фронтымен қатар өтеді. Әрине, бұл екеуінің арасында аздаған (к) кешігуі болып тұрады. Триггерлердің жәнеинверстік кірістері информациялық тізбекпен салыстырғанда басымдылық көрсетеді. Өйткені триггердің жадылық

1- сурет. Құрама RS – D триггер (а) және оның

импульстық диаграммалары (б)

элементі осы тізбектер арқылы тікелей басқарылады. D тізбегіндегі мағлұматты триггерге енгізу үшін ,кірістік тізбектерделог.1 шамасы тағайындалады. Сонда ғана триггер тізбегіндегі мағлұматтыС тізбектегі басқарушы импульс арқылы қабылдай алады.

S және R тізбектері арқылы триггер төменгі потенциалмен басқарылады. Мұны осы символдардың жоғарғы жағындағы инверстік сызықшалармен айқындайды және шартты белгісіндегі домалақ шеңбермен белгілейді (2-сурет).

2-сурет. RS – D триггердің графикалық шартты белгісі.

Егер D триггердің инверстік шығысыD кірісімен байланыстырылса, триггердің жалғыз С кірістік тізбегі қалады (R және S тізбектерін кірістік ескермесек). Осы С кірісіне үздіксіз импульстық процестердің сериясы келтірілетін болса, триггер өзінің күйін солардың алдыңғы екпінімен (фронт) ауыстырады. Мұндай жағдайда оның шығысындағылог.1 шамасы триггердің С кірісіндегі әрбір екі импульс сайын алмасып келіп отырады. Ендеше мұндай триггер С кірісіндегі импульстық сигналдардың жиілігін 2 есе азайтады. Триггердің осы режимін санауыш режимі деп атайды, немесе оны Т – триггер деп атайды.

D триггердің S және R кірісіндегі «0» потенциалы оның екі иығын да бірлік шамаға ауыстырады. Сондықтан бұл режимді пайдалануға тиым салынады (1-кесте).

1- кесте. D-триггердің ақиқат кестесі

Кіріс

Шығыс

S

R

D

C

Q

0

1

*

*

1

0

1

0

*

*

0

1

1

1

1

1

1

1

1

0

1

1

0

1

0

1

0

0

0

*

*

1

1

1 - Ескертпе: символ электр шамасының қысқа мерзімдегі ауысуын суреттейді.

Бұл жұмыста К155ТМ2 текті интегралды микросхемамен құрылған D триггердің жұмысы зерттеледі. Микросхемада осындай триггердің екеуі орналастырылған (3-сурет).

Тактылы түрде басқарылатын триггерлердің ішіндегі күрделісі және мүмкіншілігі зор триггер К155ТВ1 микросхемасымен құрылған JK- триггерлер (ағылш. Jump және Keep). Триггердің информациялық J және K екі кірісі бар. Бұлардың біреуінде лог.1 шамасының пайда болуы триггердің күйінің ауысуына негіз бола алады.

Екі бірдей бірлік шаманың бір мезгілде келуі де оның жұмысына теріс әсерін тигізбейді. - триггердің ішкі құрылысы өте күрделі.

2-кесте. - триггердің ақиқат кестесі.

Кіріс

Шығыс

S

R

J

K

C

Q

Q

0

0

1

1

0/1

1

1

1

1

0

1

0

1

1

1

1

1

1

*

*

*

0

0

0

1

1

1

*

*

*

0

0

1

0

1

1

1

1

0

0

1/1

0

1

0

1

1

0

1

1

0/0

1

0

1

0

2-Ескертпе. 1) Кестедегі символ триггердің теріс бағытта ауысу потенциалымен басқарылатынын сипаттады. 2) -триггерге мағлұматты енгізу С кірісіндегі импульстың теріс серпіні арқылы орындалады.

Сондықтан оны пайдалану барысында шартты белгісі арқылы анықталынатын триггердің параметрлері мен атқаратын қызметін түсіну жеткілікті (4-сурет).

JK-триггер үшін кірістік шамалардың тиым салынған комбинациялары болмайды, бірақ оның логикалық мүмкіншіліктерін кеңейте түсу үшін триггерлер қосымша R,S- тізбектерімен жабдықталады. Триггер RS- және J,C,K- кірістері бойынша тәуелсіз бақарылады.

Бірақ J,C,K- кірістеріне қарағанда R,S- кірістерінің ролі басым. К155ТВ1 микросхемасымен құрылған триггердің және J- және K- кірістерінің әрқайсысы «ЖӘНЕ» элементтері арқылы басқарылатын 3 тізбектен тұрады. «3 ЖӘНЕ» логикасы J1=J2=J3=1 болған жағдайда ғана, қорытқы J=1 болатындығын айғақтайды. Осы қағида K- кірісіне де тиесілі. J- және K- кірістерінің екеуін бос қалдырып, үшіншісіне логикалық шаманы беру арқылы триггерді еркін бақаруға болады (5-сурет). JK –триггер D - триггер секілді санауыш режимінде жұмыс істей алады. Сол үшін оның R,S және JK - тізбектеріне лог.1 шамасы беріледі де, C- тізбегіне импульстар қатары келтіріледі. Осы импульстардың артқы серпіні (срез) арқылы триггер өзінің күйін ауыстырып отырады (6-сурет).

5-сурет. К155ТВ1 микросхемасымен құрылған триггердің кіріс және шығыс тізбектерінің орналасуы.

6-сурет. -триггердің санау режиміндегі уақыт диаграммасы.

Бұл диаграммадан триггердің кірістік синхро-импульстарының жиілігін екі есе төмендететінін байқауға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]