Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Жұмысты орындау тәртібі

1-тапсырма

Құрама RS-D триггердің жұмысын талдау.

  1. 3-суретте берілген К155ТМ2 микросхемасымен құрылған D- триггердің графикалық көрінісіне сүйене отырып, құрама RS-D триггерді статикалық режимде зерттеуге арналған схеманың құрылымы дайындалады. Схемада мына мәселелер ескеріледі:

а) Триггердің S, R- және D- крісіндегі мағлұматтар SA1-SA3 тумблерлері арқылы беріледі.

б) Триггердің С – кірісіндегі мағлұмат SB1-SB4 батырмаларының біреуінің K1-K4 контактыларынан өндіріледі.

в) Триггердің бірлік шығысы 1-ші индикациялау блогының HL-A1 контактысымен жалғанады.

г) Триггердің инверстік шығысы сол индикациялау блогының HL-B1 контактысымен қосылады.

  1. Схеманы құруға арналған кесте сызылып, оның бағаналары байланыстырушы өткізгіштердің стендтегі координаталарымен толтырылады.

  2. Құру кестесі бойынша зерттелетін тізбек стендпен жиналады.

  3. Тізбектің дұрыс құрылуы тексеріліп, стенд ток көзіне қосылады.

  4. Құрама RS-D триггердің ақиқат кестесі сызылып, оның кірістік тізбектеріне қажетті мағлұматтарды беру арқылы триггердің жұмысы жан-жақты зерттеуден өткізіледі және ақиқат кестесі толтырылады.

Кірісі

Шығысы

S

R

D

C

Q

Q

  1. Оқытушының схемаға енгізген ақауына іздеу салынады және оны жөндеу шаралары жүргізіледі.

  2. Стендтің ток көзінен ажыратып, жұмыс орыны тәртіпке келтіріледі.

2-тапсырма

Құрама RS-JK- триггерді зерттеу.

  1. Стендпен зерттелінетін К155ТВ1 интегралды микросхемасымен құрылған құрама RS-JK триггерді зерттеуге арналған тізбектің схемасы дайындалады. Схемада мына жағдайлар ескеріледі:

а) Триггердің S, R- және J, K - кірістік тізбегіне мағлұматтар SA1-SA4 тумблерлері арқылы беріледі.

б) Триггердің синхронизациялаушы C- кірісіне басқарушы импульс SB1-SB4 батырмаларының инверсті контактыларынан келтіріледі.

в) Триггердің бірлік Q- шығысы 1-индикациялау блогының HL-A1 контактысымен байланыс-тырылады.

г) Триггердің инверсивтік шығысы сол блоктыңHL-B1 контактысымен қосылады.

  1. Тізбекті құруға арналған кесте сызылып, схема бойынша толтырылады.

  2. Дайындалған құрылу кестесіне сүйене отырып, тізбек стендпен жиналады.

  3. Тізбектің қатесіз құрылғандығы тексерілгеннен кейін, стенд ток көзіне қосылады.

  4. Құрама RS, JK триггерді зерттеудің ақиқат кестесі сызылып, кірістік тізбектерге қажетті мағлұматтарды беру арқылы оның жұмысы зерделенеді және ақиқат кестесі толтырылады.

Бұл жерде триггердің S және R- кірістерінң басқаларға қарағанда жетекші роль атқаратындығына көз жеткізіледі.

Кіріс

Шығыс

S

R

J

K

C

Q

Q

  1. Схемаға оқытушы енгізген ақауды табу және жөндеу әрекеттері орындалады.

  2. Стенд ток көзінен ажыратылып, жұмыс орыны жиналады.

3 – тапсырма

Құрама RS-D- триггерді санау режимінде зерттеу.

    1. D- триггердің санау режимінде жұмыс істеуге арналған схемасы стендпен құрастырылады (7-сурет).

    2. Тізбектің құрылуының дұрыстығы тексерілгеннен кейін, стенд және осциллограф ток көзіне қосылады.

    3. Осциллографтың экранынан триггердің кірісі мен шығысындағы сигналдардың қатар көрінісі өндіріледі.

    4. Триггердің кірісі мен шығысындағы сигналдардың периоды мен жиілігін өлшеп есептеу арқылы, триггер кірістегі сигналдың жиілігін 2 есе азайтатындығына көз жеткізіледі. Сонымен қатар триггердің бірлік күйден нөлдік күйге ауысуы кірістегі сигналдың алдыңғы екпіні арқылы орындалатындығы аңғарылады.

    5. Осциллографтың экранындағы көріністерді масштабпен қағазға түсіріп, импульстық процестердің параметрлері анықталынады.

    6. Триггердің кірісі мен шығысының тізбектеріндегі сигналдардың ығысып келуін анықтау арқылы оның санау жылдамдығы тексеріледі.

    7. Стендтегі генератордың қосылу схемасын бұзбай, тізбектің басқа өткізгіштері стендтен, ал приборлар ток көзінен ажыратылады.

4 – тапсырма

Құрама RS-JK- триггерді санау режимінде зерттеу.

    1. 7-суретте көрсетілгендей К155ТВ1 микросхемасымен құрылған құрама RS-JK - триггерді санау режимінде зерттеуге арналған схема сызылады.

    2. Схемада мына шаралар ескеріледі:

а) Триггердің - кірістеріне бірлік потенциал логикалық «1» блогынан беріледі.

б) Триггердің С-кірісіне және осциллографтың У1-кірісіне берілетін синхроимпульстар генератордың 1-ші шығысынан өндіріледі (Вых.1).

в) Осциллографтың У2- кірісі триггердің бірлік шығысымен байланыстырылады.

    1. Тізбектің құрылу дұрыстығы тексерілгеннен кейін, стенд және осциллограф ток көзіне қосылады.

    2. Осциллографтың экранында триггердің кірісі мен шығысындағы сигналдардың көрінісі қатар өндіріледі.

    3. Кіріс және шығыс сигналдарының периодтары өлшеніп, триггердің кірістегі сигналдың жиілігін 2 есе азайтатындығына көз жеткізіледі.

    4. Триггердің кірісі мен шығысындағы сигналдардың көрінісі масштабпен қағазға түсіріліп, олардың барлық параметрлері анықталынады.

    5. Триггердің кірісі мен шығысындағы процестердің ығысуын өлшеу арқылы оның санау жылдамдығы анықталынады.

    6. Тізбекті бұзып, өткізгіштерді жинап, приборлар ток көзінен ажыратылады.

    7. Жұмыс орыны тәртіпке келтіріліп, зерттеу нәтижелері зерделенеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]