Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Жұмысты орындау тәртібі

1-тапсырма

Биполярлы транзисторлармен құрылған триггерді зерттеу.

  1. Дара элементтермен құрылатын триггердің толық электрлік схемасы сызылады (1-сурет).

  2. Триггердің құрамындағы дара элементтер 2 - кесте бойынша тағайындалады.

2-кесте. Триггердің құрамындағы дара элементтер

Схемада

Стендте

Rk1=Rk2

Rб1=Rб1

VD1=VD2

VТ1=VТ2

R5, R6=1 кОм

R9=R10=10 кОм

VD7=VD9 (Д310)

VТ1, VТ3 (КТ315)

  1. Схеманы құру үшін қажетті кеңейткіштер белгіленеді.

  2. Схеманы құруға қажетті кесте толтырылады.

  3. Байланыс кестеге сәйкес, триггер стендпен жиналады.

  4. Триггерді басқарушы командалар тумблерлер арқылы беріледі және S(SA1), R(SA2) болып тағайындалады.

  5. Вольтметр 5В тұрақты кернеуді өлшеуге дайындалады.

  6. Триггердің күйі коллекторлық кернеулерді өлшеу арқылы анықталады. Егер болса, лог.«1» деп,болса лог.«0» деп қабылдау қажет.

  7. Схеманың стендпен құрылуы тексерілгеннен кейін, стенд ток көзіне қосылады.

  8. Триггердің ақиқат кестесі сызылып, өлшеу нәтижелері бойынша толтырылады.

  9. Стенд ток көзінен ажыратылып, өткізгіштер жинастырылып, келесі тапсырманы орындауға дайындалады.

2-тапсырма

микросхемасының негізінде базалық логикалық элементтермен құрылған асинхронды триггерді зерттеу.

  1. 2-сурет бойынша триггердің толық схемасы сызылады. Сызу барысында келесі мәселелер ескеріледі:

а) Триггерді басқару SA1, SA2 тумблерлермен орындалады;

б) Триггердің бірлік күйдегі шығысы HL-A1 жарықтанғыш диодына қосылады;

в) Триггердің нөлдік күйдегі шығысы HL-B1 жарықтанғыш диодына қосылады;

г) микросхемасының контактылары 8-жұмыста берілген 2-сурет бойынша анықталады;

д) HL-A және HL-B топтағы диодтар XS1 клеммалары арқылы +5В ток көзінен қоректендіріледі.

  1. Схеманы құруға қажетті кеңейткіштер белгіленеді.

  2. Схеманы құру кестесі толтырылады.

  3. Байланыс кестесі бойынша схема стендпен жинастырылады.

  4. Схеманың дұрыс жиналуы тексеріліп, стенд ток көзіне қосылады.

  5. Триггердің ақиқат кестесі сызылып, оның кірісіне лог.«0» және лог.«1» шамалары тағайындалып, шығысының мәндері HL-A1, HL-B1 диодтарының жарықтануы арқылы анықталып, ақиқат кестесі толтырылады.

  6. Схемаға оқытушы өзгеріс енгізіп, триггердің жұмысының реті бұзылады. Студент өз бетінше оны тауып, бұрынғы күйіне келтіреді.

  7. Стенд ток көзінен ажыратылып, келесі тапсырманы орындауға дайындалады, бірақ схема бұзылмайды.

3-тапсырма

Логикалық «1» арқылы басқарылатын асинхронды - триггерді құру және зерттеу

    1. 2-тапсырмадағы триггердің схемасы 3-суретке сәйкес қосымша логикалық элементтермен толықтырылады. Сол үшін:

а) SA1, SA2 тумблерлеріне келтірілген өткізгіштер олардан ажыратылып, 1- және 2- элементтердің шығысымен жалғанады;

б) SA1, SA2 контактыларына қосақталған өткізгіштер қосылып, екінші ұштарымен 1- және 2-логикалық элементтердің кірістік тізбектері тұйықталады.

  1. Жаңа триггер үшін ақиқат кестесі сызылады.

  2. Схеманың дұрыс құрылуы тексерілгеннен кейін, стенд ток көзіне қосылады.

  3. Триггердің кірістеріне кезекпен лог.«1» және лог.«0» шамаларын тағайындау арқылы, HL-A1, HL-B1 диодтарының көрсетуі бойынша ақиқат кестесі толтырылады және триггер бір күйден екінші күйге лог. «1» шамасымен ауысатындығына көз жеткізіледі.

  4. Стенд ток көзінен ажыратылады, бірақ схема бұзылмайды.

4-тапсырма

Синхронизацияланған - триггерді құру және зерттеу.

  1. 4-сурет бойынша тактілі - триггерді зерттеуге арналған схеманың толық үлгісі сызылады. Сол үшін:

а) Триггердің S және R кірістері SA1 және SA2 тумблерлері арқылы басқарылады;

б) Тактылық кіріс C сигналды дірілсіз өндіргіштің SB1 батырмасының K1 контактысынан шығарылған қос өткізгіш арқылы басқарылады.

  1. Синхронизациялау арқылы басқарылатын триггердің ақиқат кестесі сызылады (3 - кесте). Мұндағыкірісіндегі белгісі SB1-K1 ба-тырмасынан келтірелетін оң потенциалды қысқа мерзімді импульс.

  2. Схеманың лұрыс құрылуы тексерілгеннен кейін, стенд ток көзіне қосылады.

3-кесте. Синхронизацияланатын триггердің

ақиқат кестесі

Кірісі

Шығысы

S

R

C

Q

0

1

1

0

1

1

0

0

  1. Триггердің кірісіне кезекпен S және R тізбектері арқылы лог.«0», лог.«1» шамалары беріліп, SB1 батырмасы арқылы мағлұмат жадылық элементке орналастырылып, ақиқат кестесі толтырылады. Нәтижесінде, триггердің жұмысына талдау жүргізіледі.

  2. Оқытушы схемаға енгізген ақау табылып, схема жұмысшы күйіне келтіріледі.

  3. Жұмыс аяқталып, приборлар электр желісінен ажыратылады.

  4. Жұмыс орыны тәртіпке келтіріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]