Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Жұмыстың қысқаша мазмұны

Импульстық санауыш деп цифрлық сөз түрінде берілген мағлұматты сақтауға және оны бірлік шамаға өзгертуге арналған микрокомандаларды орындауға мүмкіндік беретін электрондық құрылғыны айтады. Жұмыс істеу барысында санауыш өзінің күйін белгілі реттілікпен өзгертіп отырады. Санауыштың рұқсат етілген күйлерінің тізімінің ұзындығын санау модулі деп атайды. Санау модулына еселі әрбір кезекті импульс санауышты бастапқы күйге келтіреді. Ал оның шығысында тасымалдаунемесе қарыз алуамалдары туындайды.

Санауыштың ішкі күйлерінің алмасуын әр түрлі әдістермен код арқылы белгілеуге болады. Сол үшін көбінесе екілік немесе екілік – ондық кодпен белгілеу әдісі қолданылады. Егер кодапен берілген мағлұмат өсімтал түрде орналасса, құрылғы қосу санауышы (-counter) деп аталды. Егер оның ішкі коды кему арқылы орналасса, онда құрылғыны азайту санауышы (Down – counter) деп аталды. Күрделі санауыштың ішкі кодының өзгеруі 2 жақты болуы мүмкін. Ондай санауыштар реверсивті (/Down –counter) деп аталды. Егер санауыштың жұмысын басқару үшін синхросигнал қажет болса, ондай санауыш синхронизацияланған болып, басқа жағдайда асинхронды деп аталады.

Санауыштарды мағлұматты алдын-ала орналастыру арқылы жұмыс істейтін жағдайда құрастыруға да болады. Санауыштың ішкі байланыстарының түріне байланысты олар мағлұматты кезекпен және параллель тасымалдайтын немесе құрама түрде, тіпті шығыршықты байланысты болып та құрастырылады. Санауыштың барлық разрядтарын бастапқы, нолдік күйге келтіру үшін, олардың біріккен R- кірістік тізбегіне (қайтару - сброс) төменгі потенциалды сигнал беріледі.

Мысал ретінде JK- триггерлерімен құрастырылған, ішкі мағлұмат кезекпен тасымалданатын асинхронды қосу санауышын қарастырайық. Триггерлердің J, K - кірістік тізбектеріне «лог.1» тұрақты потенциалы беріледі (1а-сурет). Санауыштың разряд аралық байланысы триггерлердің негізгі шығыcы арқылы жүргізіледі. Санауыштың разрядтық триггерлерінің күйінің алмасуы олардың әрқайсысының синхронизациялаушы кірісінде кернеудің теріске ауысуы кезінде ғана орындалады.Санауыштың уақытқа байланысты жұмысын сипаттайтын диаграмма 1б-суретте келтірілген. Алғашқы триггерінің күйі санауыштың бірінші разрядына, соңғы триггердіңкүйі оның жоғарғы разрядына сәйкес келеді. Диаграммадан әрбір триггердің шығысындағы процестің жиілігі оның кірісіндегі сигналдың жиілігінен 2 есе аз екендігін байқауға болады. Осы құбылыс санауыштардың көмегімен импульстық сигналдардың жиілігін еселеп бөлу үшін қолданады. Азайту арқылы жұмыс істейтін санауышты құру үшін оның разряд аралық ішкі байланысы әрбір триггердің инверстік шығысыарқылы орындалады. Осындай санауыштың схемасын құру және оның уақыт бойынша өзгеру диаграммасын салу студенттердің өздеріне тапсырылады.

Реверсивті екілік санауыштың қарапайым схемасы 2 - ші суретте көрсетілген. Санауыштың әрбір разрядының арасындағы байланыс қосалқы 2-2ЖӘНЕ-НЕМЕСЕ логикалық элементтер арқылы орындалады. Санауышты қосу режимінде жұмыс істету үшін (+) «Қосу» шинасына лог. «1», ал «Азайту» (-) шинасына нөлдік потенциал беріледі. Нәтижесінде логикалық Ж1 (И1) элементтері ашылып, триггерлердің негізгі шығысындағы сигналдарды НЕМЕСЕ- элементтері арқылы келесі разрядқа өткізеді. Санауышты азайту режиміне көшіру үшін (+) және (-) шиналарының потенциалдары қарама-қарсы мәндерге ауыстырылады. Бұл кезде құрама элементтердің екінші Ж2 (И2) элементтері ашылып, санауыштың аралық байланысы триггерлердің разряд аралық инверстік шығыстары арқылы орындалады. Триггерлік және логикалық элементтермен құрастырылған осындай санауыштарды

.

төменгі дәрежедегі К155ТМ2 микросхемасымен құрастыруға болады. Ал, орта дәрежелі К155И7 микросхемасымен әмбебап екілік санауыш құрылады. Мұндай санауыштың барлық разрядтары бір мезгілде санауға арналған бір импульспен ауыстырылады (3-сурет). Санау бағыты кірістік тізбектердің [(+1) немесе (-1)] қайсысына берілгеніне байланысты болады. Сол

үшін олардың біреуіне пішіндегі импульс беріледі.

3-сурет. К155ИE7 микросхемасымен құрылған

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]