Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Жұмысты орындау тәртібі

1-тапсырма

Бір сатылы тура кодпен жұмыс істейтін 3-8 дешифраторын құру.

  1. 1-суретте көрсетілген 3-8 дешифраторының схемасымен танысып, жоғарыдағы логикалық теңдеулер бойынша құрылғанына көз жеткізіледі.

Дешифратордың схемасына сүйене отырып, байланыс кестесі толтырылады. Кестені толтыруды схеманың сыртқы байланыстарынан, яғни басқару тетіктерінен бастап солдан оңға, жоғарыдан төмен қарай сипаттай отырып, тізіп шығу керек.

  1. Байланыс кестесі бойынша дешифратордың схемасы стендпен жиналады.

  2. Стендтің басқару тетіктерінің тұсына олардың атқаратын қызметтері көрсетілген қағаз шаблон жапсырылады. Схеманың құрылуының дұрыстығы тексерілгеннен кейін, стенд ток көзіне қосылады.

  3. Дешифратордың ақиқат кестесі бойынша оның жұмысы тексеруден өткізіледі.

  4. Дешифратордың жұмысы жан-жақты зерделенеді және студент өзінің пікірін пысықтайды.

  5. Стенд ток көзінен ажыратылады, бірақ схема бұзылмайды.

2-тапсырма

Бір сатылы инверсті шығу тізбектері бар дешифраторды құру және талдау.

  1. 1-суретте берілген тура кодпен жұмыс істейтін 3-8 дешифраторын шығысында инверсиялы сигналдар өндіретін дешифраторға ауыстырудың шаралары орындалады.

  2. Инверсиялы шығысы бар 3-8 дешифраторының логикалық кестесі түзіледі.

  3. Осы дешифратордың логикалық функцияларының теңдеуі жазылады.

  4. Инверсиялық шығыстық тізбектері бар 3-8 дешифраторының жұмысы стендпен тексеріледі. Осы кезде жарықтанбаған HL- диоды сол тізбекте «лог.0» шамасының бар екендігін көрсетеді.

  5. Стенд ток көзінен ажыратылып, өткізгіштер жиналып, схема бұзылады.

3-тапсырма

К155ИД4 микросхемасымен құрылған дешифратор-демультиплексорды зерттеу.

Жоғарыда қарастырылған дешифратор төменгі микросхемалармен құрылған. Кейінгі кезде орта дәрежелі бір микросхемаларымен құрылған демультиплексормен бірігіп жиналған дешифраторлар жиі қолданылады. Сондай К155ИД4 микросхемаларымен құрылған дешифратордың графикалық көрінісі 2- суретте берілген. Көріністегі дешифратор-декодер(фр. Decoder). жәнешығу тізбектеріндегі дөңгелектер дешифратордың осы тізбектеріндегі мағлұматтардың инверсиялы кодпен берілетіндігін білдіреді. Бұл микросхема келесі функцияларды орындай алады:

  • микросхеманың құрамында әрқайсысы екі кірісі және төрт шығысы бар екі дешифратордың болуына байланысты, ол қос дешифратордың міндетін атқарады;

  • микросхеманы дешифраторына айналдыруға болады;

  • қос демультиплексор болып құрыла алады;

  • демультиплексор түрінде де құрылады.

Демультиплексор дегеніміз – кірістік тізбектерінің біреуіндегі мағлұматты адресі алдын-ала көрсетілген шығу тізбектерінің біреуіне тасымалдаушы коммутатор. К155ИД4 микросхемасының құрамындағы екі дешифратордың шығу тізбектерін бірдей басқаруға арналған 2 және 1 нөмірлі (3, 13 контактылары) екі адрестік кіріс тізбектері бар. Бірінші дешифратордың

шығу тізбектері – Аi символдарымен, екіншісінің шығу тізбектері Вi символдарымен белгіленген. Аi символды дешифраторының басқарушы жеке кірісі -(14-контакты), Вi символды дешифратордың басқарушы кірісі (2-контакт) символдары арқылы белгіленген. Демультиплексордың Аi символды шығу тізбектеріне тасымалдау үшін -(15-контакт), ал Вi символды шығу тізбектеріне тасымалдау үшін - (1-контакт) кірістік тізбектері қолданылады.

Еер микросхеманың (15- контакт) және- (1-контакт) тізбектері біріктірілсе, микросхема дешифраторы ретінде жұмыс істейді. Мұндай құрылымның жұмысы екінші кестеден айқын көрінеді.Енді К155ИД4 микросхемасының жұмысын зерттеуге кірісейік. Сол үшін:

  1. 2- суреттегі схема бойынша К155ИД4 микросхемасын зерттеуге арналған құрылғының жиналу кестесі толтырылады. Кестені толтыру барысында микросхеманың жәнекіру тізбектері оны болашақта өзгертіп құру мақсатымен кеңейткіштер ХР арқылы өткізіледі.

  2. Дайындалған кесте бойынша электрондық құрылғы стендпен жиналады.

  3. Стендтің басқару тетіктеріне олардың атқаратын функциялары көрсетілген қағаз шаблон орналастырылады.

  4. Құрылғының дұрыс жиналуы тексерілгеннен кейін, стенд ток көзіне жалғанады.

  5. 2-кесте бойынша К155ИД4 микросхемасының жұмысы тексеруден өткізіледі. Сол үшін:

  • айырғыштар блогының екінші контактысымен қосылған өткізгіш одан ажыратылып, микросхеманың кірісі байланысқан кеңейткішпен жалғанады, нәтижесінде

микросхеманың жәнекірістері өзара тұйықталады;

  • айырғышының 1- контактысымен қосылған өткізгіш одан ажыратылып, микросхеманың кірісі жалғанған кеңейткішке орналастырылады. Нәтижесінде микросхеманыңжәнекірістері өзара тұйықталады.

  • 2-кестеге сәйкес айырғыштарымен микросхеманың кірістеріндегі айнымалы шамаларды тағайындау арқылы, оның жұмысы зерттелінеді.

  1. Құрылғыға оқытушы енгізген ақаулар іздестіріліп, жөндеуден өткізіледі.

  2. Стенд ток көзінен ажыратылып, құрылғы бұзылып, өткізгіштер жинақталады.

  3. Жұмыс аяқталып, жұмыс орыны тәртіпке келтіріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]