Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Үй тапсырмасы

  1. Зертханалық жұмыстың қорытынды есебін дайындау.

  2. Электрлік шамаларды өлшеудің әдістерін игеру.

  3. Приборлардың шкаласындағы шартты белгілерді толық меңгеру.

  4. Электр өлшеу приборларының түрлері, қолдану аясы, мүмкіншіліктерін зерделеу.

  5. Бақылау сұрақтарына дайындалу.

Бақылау сұрақтары

  1. Өлшеудің физикалық мағынасы.

  2. Өлшеу нәтижесінің қателіктері.

  3. Электр өлшеу құралдарының классификациясы.

  4. Аналогты және цифрлы приборлардың ерекшеліктері.

  5. Өлшеу әдістерінің түрлері.

  6. Электр емес шамаларды электрлік тәсілдермен өлшеу мүмкіншіліктері.

  7. Приборлардың дәлдік класының мағынасы, түрлері.

  8. Прибордың өлшеу механизмі және өлшеу тізбегі.

  9. Тұрақты токты өлшеуге арналған прибормен айнымалы шаманы өлшеу әдісі.

  10. Магниэлектрлік жүйелі приборды айнымалы ток тізбегіне қосу кезіндегі байқалатын құбылыс.

  11. Амперметрдің вольтметрден айырмашы-лығы.

  12. Өлшеу механизмінің тегіне байланысты шкаланың теңдеулері.

  13. Омметрді пайдаланып конденсатордың сыйымдылығын табуға болама?

  14. Индуктивтілік катушканы, конденсаторды және резисторды тексерудің ерекшеліктері.

  15. Жартылай өткізгіш диодты тексерудің ерекшелігі.

  16. Амперметр мен вольтметрдің өлшеу шегін арттыру әдісі.

  17. Қысқа тұйықталуды тексеру жолы.

Әдебиеттер

    1. Мукашев К.М., Шадинова К.С. Основы электроники и схемотехники. Алматы, 2008.

    2. Мукашев К.М. Основы цифровой электроники. Алматы, 2002.

    3. Электротехника /под ред. Герасимова В.Г./ -М.: Высшая школа. 1983.

    4. Общая электротехника /под ред. Блажкина А.Т./-Л.: Энергоатомиздат, 1986.

    5. Иванов А.А. Справочник по электротехнике, – К.: Вища школа. 1979.

    6. Справочное пособие по электротехнике и основам электроники.-М.:Высшая школа. 1986.

    7. Спектор С.А. Электрические измерения физических величин. – Л.: Энергоатомиздат, 1987.

    8. Метрология и электрорадиоизмерения в телекоммуникационных системах. - М.: Высшая школа. 2001.

    9. Куликовский К.Л., Купер В.Л. Методы и средства измерений. -М.: Энергоатомиздат. 1993.

3. Импульстық сигналдар

Қажеттілігі: Электр сигналдары ток пен кернеудің өзгерістері түрінде өндіріледі және барлық радиотасымалдағыштар мен қабылдағыштардың, автоматикалық және робототехникалық қондырғылардың, электрондық есептеу техникасы мен өндірістік процестерді басқару жүйелерінің құрылымындағы мағлұматты тасымалдаушы физикалық агент ретінде танымал. Соған байланысты сигналды өндіру, түрлендіру және оның параметрлерін өлшеу, әсіресе, сигналды іс жүзінде қолдану мәселесі электроника саласының өзекті проблемаларының бірі болып саналады.

Жұмыстың мақсаты: Импульстық сигналдарды өндіру, түрлендіру, параметрлерін өлшеу және электр тізбегінің сигналдың негізгі көрсеткіштеріне әсерін зерттеу.

Студент білуі тиіс:

  1. Сигналдың анықтамасы және міндеті.

  2. Сигналдың құрылымы және мағлұматтық құндылығы.

  3. Сигналдың физикалық табиғаты және классификациясы.

  4. Детерминантты және кездейсоқ сигналдар.

  5. Сигналдың қолданбалы ауқымдылығы.

  6. Сигналдың мағлұматтық мазмұны.

  7. Сигнал мен екілік санақ жүйесінің арасындағы байланыс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]