Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Жұмыстың қысқаша мазмұны

Қосуыштың функциясы екілік санақ жүйесі арқылы берілген екі немесе үш екілік сандарды арифметикалық амал ережесіне сүйене отырып қосу. Қосу амалының орындалу нәтижесі қосынды мен тасымалдың шығуынан байқалады. Пайдаланған элементтердің түрлеріне және құру принципіне байланысты қосуыштар құрама (комбинация) және жинақтағыш болып бөлінеді. Құрама (комбинация) текті қосуыштар ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС базалық логикалық элементтерін пайдалану арқылы құрылады. Мұндай қосуыштардың кірісіндегі Х, У аргументтері бір мезгілде беріледі. Тек сонда ғана қосынды қосуыштың шығуынан өндіріледі. Егер екі санның қосындысы қолданыстағы санақ жүйесінің негізінен артық болса, жоғарғы разрядқа ауысатын тасымал пайда болады. Жадылық құрылғыларының болмауына байланысты, комбинациялық қосуыштардың шығу тізбегіндегі қосынды нәтижелері кірістік тізбектердегі мағлұматтар ажыраған кезде бірге жойылып кетеді.

Жинақтаушы қосуыштар триггерлермен құрылады. Қосу амалына қатынасатын сандар қосуыштың кірістеріне келтірілсе, қосынды әрбір разряды бойынша регистрлік триггерлердің кірістік тізбектерімен байланыстырылады, яғни қосынды триггерлермен құрылған регистрде сақталады. Әрине, жинақтаушы қосуыштардың амалдарды орындау жылдамдығы комбинациялық қосуыштардың сәйкес көрсеткіштерінен төмен болып келеді. Қарапайымдау болуына байланысты, комбинациялық қосуыштардың құрылу принципін талдап көрейік. Бұл қосуыштарда қосу амалы разрядтар бойынша кезекпен орындалады. Әрбір разрядтағы екі санның қосындысы төменгі разрядпен ауысатын (бар болса) тасымалмен қосылуы тиіс, яғни жалпы жағдайда әрбір разряд бойынша екілік санақ жүйесіндегі үш сан қосу амалына қатынасады. Бірақ осы процесс екі этаппен жүргізіледі. Бірінші этапта қосу амалына қатынасушы аргументердің кезекті разрядтары қосылады да, екінші этапта осы амалдың нәтижесіне төменгі разрядтан ауысатын тасымал келіп қосылады. Осы амалдардың әрқайсысы жартылай қосуыш деп аталатын электрондық схемалармен орындалады.

Жартылай қосуыштың арқылы белгіленетін екі кірісі, қосындыжәне тасымалөндірілетін екі шығу тізбектері болады. Осындай жартылай қосуыштардың ақиқат кестесі төмендегідей түзіледі:

Осы кестеге сүйене отырып, қосынды мен тасымалүшін кестедегі бірлік шамаларға сәйкес келетін мәндердің айналасында олардың логикалық теңдеулерін құруға болады:

(1)

Қосындының теңдеуіне нәтижесі нольге тең болатын жәнекөбейтінділерді қосып былай жазуға болады

(2)

және оны келесі бағытта түрлендіреміз:

(3)

Яғни, жартылай қосуыштың схемасы құру үшін екі ЖӘНЕ, бір НЕМЕСЕ, бір ЕМЕС элементтері қажет. Олар өзара 1а-суретте көрсетілгендей қосылады. Жартылай қосуыштың ықшамдалған шартты белгісі 1б-суретте көрсетілген.

Бір разрядты толық қосуыштың үш кірісі және екі шығуыбар (2а-сурет).

Мұндағы төменгіразрядтан ауысатын тасымал,жоғарғыразрядқа ауысатын тасымал. Толық қосуышты екі жартылай қосуышпен құруға болады. Біріншіжартылай қосуышсандарының қосындысынорындаса, екінші жартылай қосуыш, оғанразрядтан ауысатынтасымалды қосып, негізгі қосындыныөндіреді. Әрбір жартылай қосуыштармен өндірілетін тасымал оларға жеке қосылатын НЕМЕСЕ элементі арқылы шығарылады. Толық қосуыштың шартты белгісі 2б-суретте көрсетілген. Мұндай қосуыштың ақиқат кестесі төмендегідей түзіледі:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]