Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Жұмысты орындау әдістемесі

1-тапсырма

Бір жарты периодты түзеткішті зерттеу.

  1. 2а-суретте көрсетілген бір жарты периодты түзеткіштің схемасы стендпен жиналады. Тізбектің а,в және с түйіндері схемаға қосымша элементтер жалғау мақсатымен кеңейткіштермен құрылады. Тұтынушы RH ретінде дара элементтер блогындағы резисторлардың бірі диодVD1 ретінде D226Б диоды қолданылады.

  2. Вольтметр айнымалы 300В кернеуді өлшеуге дайындалады.

  3. Электрондық осциллограф бір арналы режимде жұмыс істеуге көшіріледі.

  4. Схеманың дұрыс құрылуы тексерілгеннен кейін, түзеткіштің трансформаторы 1-орамы жағынан электр желісіне қосылады.

  5. Вольтметрмен электр желісінің кернеуі U1 өлшенеді.

  6. Вольтметрді трансформатордың 2-орамының ұштарына ауыстырып, а және в түйіндерінің аралығында кернеу U2 өлшенеді.

  7. Трансформатордың тасымалдау коэффициенті есептелініп, оның тегі (арттырушы, төмендетуші) анықталады.

  8. Вольтметр тұрақты токтың кернеуін өлшеу режиміне ауыстырылып, түзеткіштің жүктемесіндегі түзетілген кернеудің тұрақты құраушысы U0 өлшенеді және (3) теңдеудің орындалатыны тексеріледі.

  9. Осциллграфтың У1 арнасы түзеткіштің а және в түйіндеріне, содан кейін c және d түйіндеріне қосылып, экранда көрінген кернеу эпюралары масштабпен дәптерге көшіріледі. Өлшеу нәтижелері бойынша екі шаманың U2 және Uн периодтары және жиіліктері табылады.

  10. Схема ток көзінен ажыратылып, түзеткіштің c және d түйіндері аралығына дара элементтер блогындағы фильтрлік конденсатор Сф жалғанады.

  11. Түзеткіштің c және d түйіндері аралығындағы кернеу U0 өлшеніп, (8) теңдеудің орындалуы тексеріледі.

  12. Осциллографтың У1 арнасы c және d түйіндеріне қосылып, түзетілген кернеудің пульсациясы Um өлшенеді. Өлшеу нәтижелері бойынша (5), (9) теңдеулерге сүйеніп түзеткіштің пульсациялық коэффициенті және тегістеу коэффициенті табылады.

  13. Приборлар электр желісінен ажыратылып, стенд келесі тапсырманы орындауға дайындалады.

2-тапсырма

Екі жарты периодты түзеткішті зерттеу.

    1. Стендтегі түзеткіш диодтарды D226 пайдаланып, 3-суретке сәйкес 2-жарты периодты түзеткіштің схемасы жиналады. Схеманың барлық түйіндері кеңейткіштер арқылы ұйымдастырылады.

    2. Осциллографтың У1 арнасы алдымен а және d түйіндеріне, артынан в және c түйіндеріне қосылып, экрандағы кернеулер диаграммасы масштабпен дәптерге көшіріледі. Өлшеу нәтижелері бойынша әрбір кернеудің (U2, UH) периодтары мен жиіліктері табылады және олардың арасындағы алшақтықтың себебі анықталады.

    3. Вольтметр тұрақты токтың кернеуін өлшеуге көшіріліп, түзеткіштің тұтынушысындағы кернеу U0 өлшенеді (в,с түйіндері) және (8) қатынастың дұрыстығы тексеріледі.

    4. Түзеткіштің в және c түйіндеріне фильтрлік конденсатор Сф жалғанып, түзетілген кернеудің тұрақты құраушысы U0 өлшенеді және теңдігінің дұрыстығы тексеріледі.

    5. Түзеткіштің в және c түйіндері аралығына осциллографтың У1 арнасы қосылып, түзетілген кернеудің пульсациясы өлшенеді және (5), (9) теңдіктер бойынша пульсациялық және тегістеу коэффициенттері табылады.

    6. Приборлар және стенд электр желісінен ажыратылып, стендпен 5б-суретке сәйкес П-әріпі тәріздес RC - фильтр құрылады. Фильтрлік кедергі Rф ретінде дара элементтер блогындағы резистор R4 алынады.

    7. Схеманың құрылу дұрыстығы тексеріліп, приборлар электр желісіне қосылады.

    8. Түзетілген кернеудің тұрақты U0 және айнымалы құраушылары Um1 өлшеніп, түзеткішті, фильтрді сипаттаушы шамалар анықталады.

    9. Жұмысты аяқтап, приборлар электр желісінен ажыратылып, жұмыс орыны жинақталады.

    10. Зерттеу нәтижелері бойынша жұмысқа талдау жүргізіліп, пайымды қорытынды дайындалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]