Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Жұмысты орындау тәртібі

1-тапсырма

Цифрлық –аналогты түрлендіргішті құру.

  1. 4-сурет бойынша түрлендіргішті құруға арналған байланыстар кестесі толтырылады. Сонымен қатар, кестеде генератор өндіретін импульстарды осциллографтың арнасы арқылы бақылау мүмкіндігі ескерілді. Осциллографтың екінші арнасыарқылы санауыштың барлық шығыс тізбектеріндегі процестерді жәнематрицасының шығысындағы кернеудітексеру мүмкіндігі де ойластырылады. Схеманы құру кестесін толтыруды басқару органдарынан (тумблер, кнопкалар) шыққан өткізгіштерден бастап, солдан оңға қарай, жоғарыдан төмен қарай принципін сақтай отырып, микросхемалардың тізбектеріне ауысады.

  2. Толтырылған байланыс кестесі бойынша схема стендпен жиналады.

  3. Әрбір басқарушы оргондарының тұсына (тумблер, кнопка) мағыналары жазылған қағаз-шаблон жапсырылады.

2-тапсырма

Цифрлық-аналогты түрлендіргішті автоматтық режимде зерттеу.

  1. тумблерімен схема автоматты басқару режиміне -«АВТ» көшіріледі.

  2. Осциллографтың арнасының кірісі генератордың «Вых1» тізбегіне жалғанады.

  3. Приборлар электр желісіне қосылып, осциллограф екі арналы режимде жұмыс істеуге дайындалады. Осциллографтың 1-арнасы арқылы генератор өндіретін импульстар экранға шығарылады.

  4. Осциллографтың - кірісін кезекпен санауыштың шығу тізбектеріне жәнематрицаның шығысына қосу арқылы, 3-суретте көрсетілген диаграммалар экранға шығарылып, таза қағазға масштабпен көшіріледі және алынған диаграммалар сонымен салыстырылып, түрлендіргіштің дұрыс жұмыс істеуі тексеріледі.

3-тапсырма

Цифрлық-аналогты түрлендіргішті қолмен басқару режимінде зерттеу.

  1. Режимді ауыстырушы SA11 тумблері «РУЧ» жағдайына көшіріледі.

  2. SB2 батырмасының көмегімен санауыш (DD31) барлық разрядтарымен нолдік күйге келтіріледі. Команданың орындалғаны HG1 индикаторының көрсетуі бойынша тексеріледі.

  3. SB1 батырмасын пайдаланып, санауышқа мағлұматтар кезекпен енгізіледі. Енгізу нәтижесі HG1 индикаторының көрсетуі арқылы қадағаланады. Сонымен қатар, R-2R матрицасының «Uвых» контактысына вольтметрді қосу арқылы осы кернеудің өзгеруі өлшенеді. Өлшеу нәтижесі 1-кестеге толтырылады.

1-кесте. ЦАТ-тексеру нәтижесі

Екілік код

Индикатор

Uвых,

(В)

8

4

2

1

0

0

0

0

0

0

0

0

1

1

0

0

0

0

1

1

1

1

0

0

0

0

1

1

0

0

1

1

0

0

0

1

0

1

0

1

0

1

0

1

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

  1. Схемаға оқытушы өзгеріс енгізіп, пайда болған ақауды студент өз бетінше анықтайды.

  2. Приборлар электр желісінен ажыратылып, жұмыс орыны тәртіпке келтіріледі.

Бақылау сұрақтары

  1. Цифрлық – аналогты түрлендіргіштердің міндеті.

  2. Цифрлық – аналогты түрлендіргіштерді құру принципі.

  3. ЦАТ-тің түрлендіру дәлдігіне әсер етуші факторлар.

  4. «» матрицасының атқаратын қызметі.

  5. «Код-кернеу» атаулар тіркесін қалай түсінуге болады?

  6. ЦАТ-тің блок-схемасын және толық схемасын сызып көрсету және жұмысын сипаттау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]