Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Үй тапсырмасы

  1. Орындалған жұмыстың есебін дайындау.

  2. Асинхронды триггерлердің міндетін, жұмыс істеу принципін, құрылымын зерделеу.

  3. Әр түрлі триггерлердің ерекшеліктерін талдау.

  4. Схемадағы ақауларды табудың логикасын меңгеру.

  5. Триггерлердің графикалық шартты белгілерін игеру.

  6. Пысықтау сұрақтарына жауап дайындау.

Пысықтау сұрақтары

  1. Триггер деген қандай құрылғы?

  2. Триггерді қандай мақсатта қолдануға болады?

  3. Триггерлердің түрлері, шартты белгілері?

  4. Инверсті және тура кодпен басқарылатын триггерлердің ерекшеліктері?

  5. Тактілі триггердің асинхронды триггерден ерекшелігі?

  6. Триггердің кірістік тізбектерін S және R - символдарымен белгілеудің мағынасы?

  7. Триггерлердің шығысындағы мағлұматтың аргументтермен арадағы байланысы?

  8. Триггерлердің есептеу техникасы мен автоматикадағы ролі?

Әдебиеттер

  1. Мукашев К.М., Шадинова К.С. Основы электроники и схемотехники. Алматы, 2008.

  2. Мукашев К.М. Основы цифровой электроники. Алматы, 2002

  3. Горбачев Г.Н., Чаплыгин Е.Е. Промышленная электроника. -М.:Энергоатомиздат.1988.

  4. Прянишников В.А. Электроника. -С.-Пб.: Корона принт. 1998.

  5. Эндерлайн Р. Микроэлектроника для всех. - Мир. 1989.

  6. Наумов Ю.Е. Интегральные логические схемы. - М: Радио и связь. 1980.

  7. Партала Ю.Е. Цифровая электроника - С. -Пб.: Наука и техника. 2000.

10. Құрама rs- d және jk- триггерлер

Қажеттілігі: Асинхронды триггерлер өзінің күйін басқарушы информацияның тікелей әсер етуімен ауыстырады және оның логикалық амалдарының бұдан басқа түрлері болмайды. Ал, синхронды триггерлер информациялық сигналды синхронизациялаушы кірістік тізбектегі (ағыл. – clock) басқарушы процесс бар болған кезде қабылдайды, яғни мағлұмат синхронизациялаушы сигнал арқылы ғана триггерге жазылады және оның шығыстық тізбегіне тасымалданады. Ал, цифрлық құрылғылардың негізгі құраушысы болып табылатын D және универсалды JK триггерлерінің мүмкіншіліктері бұлардан әлдеқайда кең. Сондықтан осындай триггерлердің жұмыс істеуін, қолданылуын және функционалдық мүмкіншіліктерін игеру мәселесінің маңызы зор.

Жұмыстың мақсаты: Құрама RS-D және универсалды JK триггерлерінің құрылу принципін, жұмысын және санауыш режиміне ауыстыру әдістерін меңгеру, зерттеу.

Студент білуі тиіс:

  1. Құрама RS-D триггердің құрылысын және жұмыс істеу принципін;

  2. D- триггерінің информациялық және синхронизациялаушы кірістік тізбектерінің қызметін және өзара байланысу әрекетін;

  3. Триггердің санауыш режимінде жұмыс істеуін;

  4. Триггердің бір кірістік тізбегінің екіншісіне қарағанда басымдылығы (жетекшілігі);

  5. Универсал JK триггердің D триггермен салыстырғанда ерекшеліктері.

Студент меңгеруі тиіс:

  1. D - және JK - триггерлерді санау режимінде және динамикалық режимде зерттеуді;

  2. Триггерлерді санау режимінен сақтау режиміне және керісінше көшіруді;

  3. Триггерлердің регистр, санауыш және оперативтік жадылық құрылғыларда қолданылуын;

  4. Триггерлерді әр түрлі элементтерден құрастыруды және олардың активті элементтерінің жұмысшы күйін анықтауды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]