Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Пысықтау сұрақтары

  1. Арифметикалық-логикалық құрылғы деп нені айтады?

  2. Арифметикалық-логикалық құрылғының қызметі?

  3. Арифметикалық және логикалық амалдардың айырмашылығы?

  4. Қосуыштардың түрлері?

  5. Кезекпен және параллель жұмыс істейтін қосуыштардың ерекшеліктері?

  6. Қосу амалына қатынасатын сандардың таңбасын ескеру жолдары?

  7. Арифметикалық-логикалық құрылғының жылдамдығын анықтау әдісі?

  8. Жылдамдықты азайту амалын орындау кезінде табуға болама?

  9. «mod2» бойынша қосу амалын қалай түсінуге болады?

  10. Графикалық шартты белгісі арқылы АЛҚ-ның функционалдық мүмкіншіліктерін анықтауға болама?

  11. К155ИП3 интегралды микросхемасының негізінде көп разрядты АЛҚ-ны құрастыруға болама?

Үй тапсырмасы

  1. Көп разрядты қосуыштардың түрлерін және жұмыс істеу принципін меңгеру.

  2. Екілік санақ жүйесіндегі сандармен арифметикалық амалдарды орындау әдістерін игеру.

  3. Арифметикалық және логикалық амалдарды орындау режимі кезінде АЛҚ-ны зерттеудің әдіс-тәсілдерін зерделеу.

  4. Қарастырылған АЛҚ-мен 1сек ішінде амалдарының нешеуін орындауға болатынын анықта.

  5. Арифметикалық-логикалық құрылғылардың атқаратын қызметтерін графикалық шартты белгілері бойынша таба білу.

  6. АЛҚ-ның жылдамдығын динамикалық режимде анықтауды меңгеру.

  7. Пысықтау сұрақтарына жауаптар дайындау.

  8. Жұмыс бойынша есеп дайындау және өзінің пікірін пайымдап, қорытындылау.

Әдебиеттер

  1. Мукашев К.М., Шадинова К.С., Основы электроники и схемотехники. –Алматы 2008.

  2. Мукашев К.М. Основы цифровой электроники. Алматы, 2002

  3. Калабеков Б.А. Цифровые устройства и микропроцессорные системы.-М.: Телеком. 2000.

  4. Алексеенко А.Г., Шатурин И.Н. Микросхемотехника. - М.: Мир.1982.

  5. Преснухин Л.Н. Расчет элементов цифровых устройств. - М.: Мир. 1982.

  6. Калабеков Б.А. Микропроцессоры и их применение в системах передачи и обработки сигналов. -М.: Радио и связь. 1988.

  7. Компьютеры (Справочное руководство). -М.: Мир.1986.

  8. Партала О.Н. Цифровая электроника. - С.- Пб.: Наука и техника. 2000.

  9. Мукашев К.М., Шадинова К.С., Андаспаева А.А. Основы автоматики и микроэлектроники. Лабораторный практикум. Алматы, 2003.

17. Цифрлық мағлұматты бейнелеу

Қажеттілігі: Айналадығы барлық мағлұматтың 80%-н адам көру органдары арқылы қабылдайды. Солай десекте, мағлұматты автоматты түрде өңдеп жинақтаудың, программалық басқарудың, телеметрия мен робот техникасының өлшеу, тіркеу аппараттарының және т.б жүйелердің дамуы мағлұматты көзбен қабылдауға қолайлы көптеген жаңа приборларды дүниеге әкелді. Сондықтан мағлұматты бейнелеудің жаңа тәсілдерін оқып үйрену әрекеті мамандарды дайындау саласының өзекті мәселелерінің біріне жатады.

Жұмыстың мақсаты: мағлұматты цифрлар түрінде бейнелеу құралдарын және оларды басқару жолдарын оқып-үйрену.

Студент білуі тиіс:

  1. Мағлұматты бейнелеуші құралдардың міндетін;

  2. Мағлұматты бейнелеуші құралдардың классификациясын;

  3. Мағлұматты бейнелеуші құралдардың жұмыс істеу принципін;

  4. Бейнеленетін мағлұматтың түрлерін;

  5. Мағлұматты бейнелеуші құралдардың ерекшеліктері мен кемшіліктерін;

  6. Жартылай өткізгіш таңба синтездеуші индикатордың (ТСИ) конструкциялық ерекшеліктерін;

  7. Жартылай өткізгіш ТСИ - дың графикалық шартты белгісін және таңбалануын;

  8. ТСИ - дың жұмыс істеу режимдері және басқару принципін;

  9. Цифрлық кодтарды жеті сегментті кодқа түрлендіргіштерді;

  10. Жарықты сипатттаушы көрсеткіштердің өлшеу бірліктерін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]