Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Жұмысты орындау тәртібі

1-тапсырма

Дәстүрлі құрылымдағы 8-3 шифраторын жинау және зерттеу.

    1. 3-суретте берілген 8-3 шифратордың жұмысы мен құрылу принципімен тереңірек танысу.

    2. Шифратордың нақты схемасының құрылу жолдарын 1-суретте берілген дәстүрлі схемамен салыстырып, ерекшеліктері анықталынады. Төрт кірістік тізбегі бар НЕМЕСЕ элеметтерінің болмауына байланысты, 8-3 шифраторы 4ЖӘНЕ-НЕМЕСЕ элементтерімен құрылған. Соған қарамастан бұл схемалар бір-біріне толық сәйкес келеді. Өйткені мағлұмат алдымен инверсия амалынан өткізіліп DD5-DD6 логикалық элементтері арқылы 4ЖӘНЕ-НЕМЕСЕ элементтерімен коммутацияланады. Логикалық алгебраның теңдеуіне сүйене отырып, шифратордың кез келген шығысындағы шаманың теңдеуін былай жазуға болады:

Дәл осылай шифратордың басқа шығуындағы мағлұматтар үшін де теңдеулерді жазуға болады.

    1. Шифратордың 3-суреттегі схемасы бойынша оның байланыс кестесі толтырылады. Кестені толтыруды сыртқы байланыстарды сипаттаудан бастап, логикалық элементтердің шығу тізбектерін солдан оңға, жоғарыдан төмен қарай сипаттаумен жалғастырылады.

    2. Байланыс кесте бойынша шифратор стендпен құрылады.

    3. Басқару тетіктеріне олардың орындайтын функциялары көрсетілген қағаз шаблон орналастырылады.

    4. Схеманың құрылу дұрыстығына көз жеткізгеннен кейін, стенд ток көзіне қосылады.

    5. 1-кестеге сүйене отырып, шифратордың функциясының орындалуы тексеріледі. Оның шығу тізбектеріне қосылған индикатордың жарықтануы сол тізбекте «лог.1» шамасының туындағанын байқатады.

    6. Шифратордың тізбегіндегі сигналдың жүру жолдары, оның жұмысы зерделенеді.

    7. Шифратордың схемасына оқытушы енгізген ақау іздестіріліп, жөндеуден өткізіледі.

    8. Құралдар ток көзінен ажыратылып, өткізгіштер стендтен жиналып алынады.

2-тапсырма

К155КП11микросхемасымен құрылған мультиплексордың схемасын құру және зерттеу.

  1. 4-суретте берілген мультиплексордың схемасымен танысып, оның жұмыс істеу принципі зерделенеді.

  2. Схема бойынша мультиплексордың байланыс кестесі толтырылады.

  3. Кесте бойынша мультиплексордың схемасы стендпен жиналады.

  4. Басқару тетіктеріне олардың функциялары көрсетілген қағаз шаблон жапсырылады.

  5. Схеманың құрылуының дұрыстығы тексерілгеннен кейін, стенд ток көзіне қосылады.

  6. Мультиплексордың ақиқат кестесі сызылып, басқару тетіктері арқылы А=1011; В=0101 шамалары тағайындалады.

  7. Е=0, S=0 кезінде мультиплексордың шығысына i) Аі каналындағы мағлұматтар, ал Е=0, S=1 болған кезде Ві каналындағы мағлұматтардың тасымалданатынына көз жеткізіледі.

  8. Е=1 болған кезде, S – кірісіндегі мағлұматтың қандай болғанына қарамастан тасымалдау амалының орындалмайтындығына көз жеткізіледі.

  9. Стенд ток көзінен ажыратылады бірақ, схема бұзылмайды.

  10. Мультиплексормен коммутациялау кезінде туындайтын кешігу анықталынады. Сол үшін:

  • ХР4 кеңейткішіне импульстық генератордың Вых.1 тізбегі қосылады;

  • SA10 айырғышына келген өткізгіш одан ажыратылып, ХР4 кеңейткішінің екінші контактылық таяқшасымен байланыстырылады; Нәтижесінде мультиплексордың каналына импульстық генератордың сигналы беріледі;

  • осциллографтың «У1» кірісі ХР4 кеңейткішінің үшінші контактысымен қосылады;

  • микросхеманың У1 шығуы индикациялау блогынан ажыратылады;

  • осциллографтың У2 – кірісі микросхеманың сол шығуымен байланыстырылады;

  • осциллограф ток көзіне қосылып екі арналы режимде жұмысқа дайындалады;

  • стенд ток көзіне қосылады;

  • осциллографтың экранынан мультиплексордың кірісі мен шығысындағы сигналдардың орнықты көрінісі өндіріледі;

  • екі сигналды салыстыра отырып, мультиплексордың кірісі мен шығысының арасындағы сигналдың кешігуі өлшенеді.

  1. Схемаға оқытушы енгізген ақау анықталынып, жөндеуден өткізіледі.

  2. Құралдар ток көзінен ажыратылып, схеманың өткізгіштері жиналады.

  3. Зертханалық үстел тәртіпке келтіріліп, жұмыс аяқталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]