Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Үй тапсырмасы

  1. Радиоэлементтердің түрлері мен қолдану аясын оқып-үйрену.

  2. Радиокомпоненттерді таңбалау тәртібін білу.

  3. Радиоэлементтердің графикалық және символдық шартты белгілерін жаттау.

  4. Радиотехникалық құрылғыларды құрастырып жинаудың әдіс-тәсілдерін білу.

  5. Радиокомпоненттерді баспа монтажымен орналастыру әдісін игеру.

  6. Осциллографты пайдаланудың барлық жолдарын еркін меңгеру.

  7. Электр сигналдарының параметрлерін өлшеуді, өлшеу қателіктерін анықтауды меңгеру.

Бақылау сұрақтары

  1. Радиокомпоненттердің түрлері.

  2. Резисторлар мен конденсаторларды сипаттаушы көрсеткіштер (параметрлер).

  3. Резисторлар мен конденсаторлардың түрлері.

  4. Радиокомпоненттердің номиналдық параметрлері.

  5. Радиокомпоненттерді жасау қателіктері.

  6. Радиокомпоненттердің стендтегі координаталарын белгілеу әдістері.

  7. Стендпен схемаларды құру әдістері.

  8. Электр тізбектерінің түйіндерін ұйымдастыру жолы.

  9. Қосақталған өткізгіштердің қолданылуы.

  10. Осциллографты пайдалану арқылы орындалатын өлшеулер.

Әдебиеттер

  1. Мукашев К.М., Шадинова К.С., Основы электроники и схемотехники. –Алматы, 2008.

  2. Мукашев К.М. Основы цифровой электроники. Алматы, 2002

  3. Робототехника (Автоматические манипуляторы и робототехнические системы). - М.: Мир.1984.

  4. Макаров И.М. Системные принципы создания гибких автоматизированных производств. - М.: Мир.1986.

  5. Макаров И.М. Гибкие автоматизированные производства в отраслях промышленности. -М.: Мир.1986.

  6. Ушаков В.Н., Долженко О.В. Электроника от транзистора до устройств. -М.: Радио и связь. 1983.

  7. Лачин В.И., Савелов Н.С. Электроника. - Ростов н/Д.: Феникс. 2000.

  8. Техническое описание универсального лабораторного стенда по Приложению.

  9. Техническое описание универсального электронного осциллографа.

2 . Құрама электр өлшеУіш прибор

Қажеттілігі: Өлшеу әрекетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарында, өндірісте, медицинада, техникада алатын орыны, маңызы айтарлықтай ерекше. Табиғат заңдарын зерттеу әрқашанда эксперименталдық түрде жүргізілетіні белгілі. Бірақ бірде-бір эксперименттің өлшеу амалдарынсыз мағынасы жоқ. Заманалық физикалық зертханалар, өндіріс орындары, емдеу мекемелері- бәрі сан-алуан өлшеу приборларымен жабдықталған. Оларды сапалы пайдалану - өнімнің сапасын, диагностиканың дұрыс қойылуын, емдеу амалының дұрыс өтуін, машиналар мен аппараттардың қатесіз жұмыс істеуінің кепілі. Ендеше, өлшеу әдістерін меңгеру, өлшегіш приборларды пайдалана білу әрбір сауатты маманның басты міндеті.

Жұмыстың мақсаты: аналогты құрама электр өлшеуіш прибордың жұмыс істеу приципін, құрылуын және қолдану аясын оқып үйрену, өлшеу қателіктерін анықтау әдісімен танысу.

Студент білуі тиіс:

  1. Электр өлшеуіш приборлардың классификациясы.

  2. Өлшеу нәтижесінің және өлшеуіш прибордың қателіктері.

  3. Өлшеу әдістері, өлшеу құралдары.

  4. Өлшеуіш приборлардың дәлдік кластары.

  5. Тікелей және салыстыру арқылы өлшеу.

  6. Аналогты және цифрлық приборлар.

  7. Электрмеханикалық өлшеуіш приборлар.

  8. Прибор шкаласындағы шартты белгілер.

  9. Прибордың шкаласының теңдеуі.

Студент меңгеруі тиіс:

  1. Электрлік шамаларды өлшеудің әртүрлі әдістері.

  2. Өлшеу қателігі төмен приборларды таңдау.

  3. Тікелей және жанама өлшеу нәтижелерінің қателіктерін анықтау.

  4. Өлшегіш приборларды электр тізбегіне қосу барысында туындайтын қателіктер.

  5. Электр өлшегіш приборлардың өлшеу шегін арттыру.

  6. Электр өлшеуіш приборларды электр емес шамаларды өлшеу үшін қолдану.

  7. Өлшеу нәтижесін қашыққа тасымалдау.

  8. Техникалық топтағы приборларды сынақтан өткізу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]